Меню KDT
МЕНЮ
Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы №44 орта мектебінің сайтына қош келдіңіздер!

  

Директор: 
Култаева Ляззат Муханбетовна

        

Азаматтарды қабылдау күндері:

Сейсенбі

11:00-13:00

Бейсенбі

17:00-19:00

   
Директор блогы
 
Кері байланыс


 

 

введите текст

 

Үш жылғы ҰБТ-нің корсеткіштердің салыстырмалы кестесі

Пән

Оқушы саны

Білім сапасы

Орта балл

2013

2014

2015

2013

2014

2015

2013

2014

2015

Қазақ тілі

20

26

18

95

84,61

66,7

17,7

17,37

14,6

Орыс  тілі

20

26

18

70

80,77

66,7

14,9

16,73

11,4

Алгебра

20

26

18

45

69,23

38,9

12,1

15,28

11,8

Қазақ тарихы

20

26

18

60

80,77

66,7

15

17,7

17,1

Физика

3

10

3

66

70

33,3

13,8

14,96

9,3

Биология

5

5

3

60

100

33,3

12,8

19,75

13

География

8

6

5

75

100

60

14,8

21,8

16,6

Ағылшын тілі

2

3

3

50

100

100

15

21

16,3

Қазақ әдебеті

1

 

 

100

 

 

17

 

 

Дүниежүзі тар

1

2

4

0

50

50

7

12,5

14,3

Мектеп бойын

20

26

18

67

81

61,9

74,6

83,7

70,5

 

Оқу ісінің менгерушісі     Достыгалиев Б С

 

ТҮЛЕКТІҢ ЖАДНАМАСЫ

2015 жылдың ұлттық бірыңғай тестілеуі

* ҰБТ қатысуға өтініш түлекпен 2015 жылғы 10 наурыз – 25 сәуір аралығында өзінің жалпы білім беру мекемесіне беріледі.

* Өтініш беруге арналған қажетті құжаттар:

Тұлғаны куәландыратын құжат; 2 фотосурет (өлшемі 3х4).

* Өтінішті деректер базасына енгізуден кейін түлекке беріледі:

Түлекті тіркеу туралы анықтама;

Тестілеуге рұқсатнама.

* ҰБТ бес пәннен өткізіледі: қазақ және орыс тілдері (оқыту тілі), математика, Қазақстан тарихы, орыс тілінде оқытылатын мектепте қазақ тілі және қазақ тілінде оқытылатын мектепте орыс тілі және таңдалған мамандыққа байланысты таңдау бойынша пәндердің бірі.

* ҰБТ түрінде тапсырылатын түлектің таңдауы бойынша пәндер: география, физика, биология, химия, дүниежүзілік тарих, қазақ әдебиеті (орыс әдебиеті), шетел тілі.

* Арнайы немесе шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықты таңдаған түлектерге арналған таңдау бойынша пән – еркін.

* ҰБТ жалпы білім беру оқу бағдарламалары негізінде әзірленген тест тапсырмалары көмегімен өткізіледі, олардың мазмұны бағдарламалар шегінен шыға алмайды.

* Тест тапсырмаларының саны - әр пән бойынша 25.

* Нәтижелер 125-баллдық жүйе бойынша бағаланады және жалпы орта білім туралы аттестатты алу үшін бес баллдық жүйе бойынша бағаға көшіріледі.

* Тестілеу ҰБТӨП 1-10 маусым аралығында өткізіледі.

* ҰБТ басталу уақыты – сағат 09.00.

* ҰБТ ұзақтығы – 3,5 астрономиялық сағат.

* Бірінші және соңғы сағатта аудиториядан шығуға тыйым салынады.

* Тестілеу нәтижелері бойынша апелляциятестілеу нәтижелерін жариялаған соң келесі күні сағат 13-ке дейін беріледі және апелляциялық комиссиямен тәулік бойы қарастырылады.

* Өтініш беруші оның тұлғасын куәландыратын құжаттарды, ҰБТ-ге рұқсатнаманы өзімен бірге әклу керек.

* Баллдарды бағаларға көшіру шкалаға сәйкес жүргізіледі.

* ҰБТ тапсырған түлектерге ҰБТ нәтижелері туралы сертификат беріледі.

* Сертификат қолданылу мерзімі 2015 жылғы 31 желтоқсан күні шығады.

* Білім грантын алу конкурсында қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау бойынша пәннен баллдар есепке алынады.

* Конкурсқа қатысу үшін 50 баллдан кем емес («Жалпы медицина» мамандығына – 55 балл), соның ішіндебейіндік пәннен 7 баллдан кем емес (әр шығармашылық емтихан бойынша 10 баллдан кем емес), ал қалған пәндерден - 4 баллдан кем емесжинауқажет.

* Шығармашылық мамандықтарға арналған өтініштерді қабылдау жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары 20 маусым – 1 шілде аралығында жүргізеді.

* Шығармашылық емтихандар олар таңдаған жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиларында 2-7 шілде аралығында тапсырылады.

* Білім грантын беру бойынша конкурсқа өтініштерді қабылдау

23-31 шілде аралығында жүргізіледі.

* Конкурс 1-10 тамыз аралығында өткізіледі.

Назар аударыңыз!!!

Түлек рұқсатнамада көрсетілген күн және уақытта ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пунктіне келіп, өзімен бірге әкелу керек:

* ҰБТ рұқсатнама;

* тұлғаны куәландыратын құжат;

* қара сиясы бар қалам.

ҰБТ кезінде түлектерге тыйым салынады:

* сөйлуге;

* орнынан тұруға;

* орын ауыстыруға;

* кез келген материалмен және заттармен алмасуға;

* ұялы телефон немесе басқа байланыс құралдарын, фото және видеоаппаратураны, портативтік дербес компьютерледі (нотбуктерді, КПКжәне басқа да) аудиторияға әкелуге және қолдануға;

* анықтамалық материалдарды және шпаргалкаларды қолдануға;

* ҰБТӨП бойынша жүруге.

* Тестілеу кезінде бұзушылықтың алдын алу және тестілеуден өтетіндерді қорғау мақсатында тестілеуге кіргізу кезінде барлығы металл-іздеуіш қолданумен тексеріп қараудан өтеді.

* Түлектің аудиториядағы мінез-құлықтың ережелерін бұзуы және тыйым салынған заттарды қолдануы жағдайында мемлекеттік комиссия шешімімен түлек тестілеуден қайта тапсыру мүмкіндігісіз шығарылады, оның нәтижелері жойылады.






Мектеп бітірушілерге тестке қатысты психологиялық кеңес.

  1. 2. Тестке барарда, алдын-ала өзіңді-өзің іштей тыныштандыруға дағдылан. 3. ҰБТ-ке кіретін кезде қобалжыма, өз ойыңды жинақтап, ең жақсы меңгерген пәніңнен баста. 4. Тестілеу барысында, ешқашан тапсырманы орындай алмаймын деп ойлама, керісінше өзіңе жеңіс картинасын суретте. 5. Сағат 3,5 (үш жарым) сағат уақыт беріледі, сол уақытыңды тиімді пайдалан. 6. Біреуден көмек болар деп жалтақтама, өзіңе сен. 7. Қайта жаңғырту арқылы оқығаныңды есіңе түсір. 8. Жеңілден ауырға деген принцип бойынша, алдымен толық білетініңді белгіле. 9. Тестке барарда өзіңе ыңғайлы киіміңді киін. Іске сәт құрметті мектеп бітіруші түлектер!

Мектеп бітірушілерге ақыл-кеңес: Емтихан тапсыруға дайындық.

Алдымен сабақ оқуға ыңғайлы орын дайында: үстелдің үстінен артық заттарды ал, керекті кітаптарды дәптерлерді, қағаздарыңды, қалам саптарыңды ыңғайлап жина. • Бөлмеге сары, ақшыл көк (фиолетовый) түстерді енгізуге болады. Ол түстер адамның интеллектуалды беделін көтереді. Бұл түстерді қолдану үшін сол түстердегі қандай да бір сурет немесе эстампы болады. • Сабақ жоспарын құр. Алдымен анықтап ал, үкісің ба? Немесе бозторғайсың ба? Осыған байланысты таңғы немесе кешкі уақыттарыңды максимамды түрде жұмса. Дайындықтың әр күніне жоспар құрып, оқылатын тақырып нақты және анық болу керек. • Ең қиыннан, өзің нашар білетін тақырыбыңнан баста. Егер саған қиын болса өзіңе қызық және ұнайтын тақырыптан баста. • Оқу мен демалысты ауыстырып жүр. Қырық минут сабақ оқу, он минут демалыс. Осы уақытта ыдыс жууға, су құюға, денеңді шынықтыруға, душ қабылдауға болады. • Оқығаныңды жаттап алу міндет емес. Мүмкіндігінше қағазға жоспар құрып, схема сызып, материалдың құрылымын дайындаған жөн. • Әр пән бойынша әртүрлі жарияланған тестерді көбірек орында. Бұл жаттығулар сені тесттердің құрылымымен таныстырады. • Секундомермен уақытты белгілеп тесттерді орындап жаттық (тапсырмадағы А мен Б бөлімдеріне екі минут керек). • Емтиханға дайындалу кезінде ешқашан тапсырманы орындай алмаймын деп айлама, керісінше ойша өзіңе салтанатты жағдайды елестет. • Емтиханға дейін барлығын қайталауға ең қиын сұрақтарға тоқталу үшін бір күн қалдыру керек.

Емтихан қарсаңында:

• Тестке 1 күн қалғанда жақсылап ұйықтап демал. Таза ауада достарыңмен, ата-анаңмен серуенде. • Тест күні күндегіден ерте тұру керек. - салқын сумен жуыну керек. - гимнастикалық жаттығулар жасау керек. - дұрыстап тамақтану керек. • Тамақтану үлгісі: - аса майлы тамақ жеуге болмайды немесе мүлдем тамақтанбауға да болмайды. - жеңіл көкөністен жасалған тағамдар жеген дұрыс. • Қатты қобалжығандықтан сендерде тәбеттің болмауы мүмкін бірақ аудитория атмосферасына шыдау үшін тамақтанбаса болмайды. • Емтихан бұл - өмірлік күресте өз мүмкіндігіңді, қабілетіңді көрсете білу. • Емтихан тапсыратын жерге кешікпей жарты сағат ерте баруың керек. • Емтиханда 3,5 (үш жарым) сағат отыратыныңды ұмытпа, қажетті құралдарыңды алып кел. • Ойыңды жинақта! Бланкті толтырғаннан кейін, өзіңе түсініксіз жағдайларды анықтағаннан соң, ойыңды жинақтап және айналаңдағыларды ұмытуға тырыс. • Сен үшін тек қана мәтін тапсырмасы, сағат және тестті орындау регламенттік уақыты болуы керек. Уақыттың қаталдығы сенің сапалы жауаптарыңа әсер етпеу керек. Жауап жазар алдында сұрақты екі рет қайталап, және өзің дұрыс түсінгеніңе, сенен не керектігіне көзіңді жеткіз. • Ең оңайынан баста! Көп ойланатын сұрақтарға тоқталмай, өзіңе оңай деген сұрақтардан баста. Содан кейін сен тынышталасың, басың анық және жақсы жұмыс істей бастайды, жұмыстың ырғағына кіресің. Есіңде сақта: мәтінде сен міндетті түрде орындай алатын сұрақтар табылады. Қиын сұрақтарға көп уақыт жетпей қалғаннан, керекті ұпай жинай алмасаң – ол ұят. • Тапсырманы аяғына дейін оқы! Асығыстық жасамай тапсырманың шарттарын түсінуге тырыс. Оңай сұрақтардан қате жіберу осы әдіске тікелей байланысты. • Алдыңдағы тапсырманы ғана айла! Жаңа тапсырманы көргенде өтіп кеткен қиыншылықтарды ұмыт. Тесттегі тапсырмалар бір-бірімен байланысты емес. Сондықтан бір сұраққа қолданған білімің 2-ші сұраққа көмектеспейді. Психологиялық эффект мына кеңесті саған ұсынады - өткен тапсырмадағы сәтсіздікті ұмыт. Әр жаңа тапсырма, ұпай жинауға берілген мүмкіндік деп ойла.

ҰБТ-ке қатысу! Психологиялық кеңес. Аффирмация

Аффирмация – (өзін-өзі сендіру, ойды бекіту сөздері болып табылады). • Мен табысқа жететініме толық сенімдімін, менің үнемі жолым болады. • Әр бір күн, әр бір сағат сайын менің өмірім жақсарып барады. • Жақсылық, дұрыс таңдау және амандық үнемі менің қасымда. • Болып жатқан істің барлығы – менің игілігім үшін жасалуда. • Қазірдің өзінде мен үшін өте сәтті мүмкіндіктер қалыптасып келеді. • Мен андай болсам, өзімді сол қалпымда жақсы көремін. • Менің қабілетім әр күн сайын жақсаруда. • Менің өміріме сәттіліктің, атақ-даңқтың келуін қуана қабылдаймын. • Маған өз ісім ұнайды, қуана, рахаттана, шабытпен айналысудамын. • Өзіме деген сенімділік үнемі менің жадымда.

Түлектерге ақ тілек!

Ақ арманның қанатын қаққанда, Сәттілік нұрын шашсын жолдарыңда. Жан-жағыңа әрдайым бақыт тұнып, Бастарыңа қонсыншы бақыт күліп. Үлкен арман қай кезде де жол табар, Кезің келді намыс жүгін арқалар. Қадамдарың сәтті болсын әр дайым, Әр қайсысың ойдағыдай бал алып, Тек жеңіспен жарқырасын маңдайың.

 

Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)
-->