Меню KDT
МЕНЮ
Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы №44 орта мектебінің сайтына қош келдіңіздер!

  

Директор: 
Култаева Ляззат Муханбетовна

        

Азаматтарды қабылдау күндері:

Сейсенбі

11:00-13:00

Бейсенбі

17:00-19:00

   
Директор блогы
 
Кері байланыс


 

 

введите текст

      Нашақорлық және құқықбұзушылық тақырыбында нарколог мамандармен дөнгелек үстел формасында кедесу болып өтті.Біздің заманымыздағы ең көкейкесті мәселе нашақорлық болып табылады. Бұл мәселеде ең қорғалмаған адамдар жасөспірімдер болып табылады. Сондықтан қазанның алғашқы күнінде біздің мектептің оқушыларына өте пайдалы және қажетті кездесуге жиналғандары кездейсоқ емес. Кездесу «НДАБ»алдын алу қызметінің үйлестіруші мамандарының қатысуымен өтті. Кездесу барысында нашақорлықтың алдын алу туралы дәріс оқылды,фильм көрсетілді.
Нағыз ойландыратын сәт, кездесу барысында нашақорлыққа тәуелді болған адамдармен сөйлесу болды.Оларға көптеген сауалдар қойылды




Желтоқсанның  бірі  дүниежүзілік  «ЖИТС - індетіне  қарсы күрес» күні болып саналады. ЖИТС – көп жағдайда  өлімге  соқтыратын аса қатерлі вирустық  дерт. Осы  мақсатпен  № 44 орта мектебінде  «ЖИТС-ғасыр дерті»  атты сабақтан тыс шара өтті. Іс-шараны ұйымдастырған № 44 орта мектебінің биология және химия пәндерінің мұғалімдері Зампай Құралай мен Касенова Бақытжан Гомаровна. Сыныптан тыс жұмыс №44 және №43 орта мектептерінің 10-шы сынып оқушылар арасында болды.Сабақтың басы «Екі ақиқат бір жалған» тренингпен басталды. Екі мектеп оқушылары бір-бірімен танысып, өздері туралы екі ақиқат бір жалған туралы өз ойларымен бөлісті.Әр мектеп өз топтарын  таныстырғаннан  кейін өздері дайындаған көріністерін  көрсетті. Көріністе оқушылар  қазіргі  кезде жастардың нашаға әуес болуы бірінші достары екенін ашып көрсетіп, отырған  көрермендер, оқушылар, көздеріне жас алды.Сабақтың негізгі бөлімінде  «ЖИТС» туралы видео көрсетілді. Топқа бөлініп, «ЖИТС-тің»  жұғу жолдарын, қалай қорғану керек екендерін  постерге салып, қорғап, өз ойларын толық  жеткізді. Сабақты бекіту кезеңінде оқушыларға ситуациялық сұрақтар қойылды. Сабақтың соңы екі мектеп оқушылары  «ЖИТС –ке біз қарсымыз атты өлеңмен аяқтады». Рефлексия кезінде оқушылар  сабақтың жоғары деңгейде өткендігін, осындай мектеп аралық  сайыстардың  көп  өткізу керек екенідігін жазыпты.Оқушылар әдепті өмір сүріп, отбасы бірлігі берік болса, арақ-шарап ішіп, наша тартудан  кездейсоқ  қатынастан аулақ болса, әрбір адам өзін-өзі ЖИТС-тен қорғай алады деген қортындыға келді.


Нашақорлыққа қарсымыз
(сыныптан тыс шара)

Мақсаты: А) Оқушыларды зиянды әдеттермен таныстыра отырып, оның адам ағзасына зияны туралы түсінік беру. 

Ә) Балалардың рухани қабілетін дамыту.
Б) Оқушыларға эстетикалық - этикалық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Мақалдар, арақ, темекі, наша, суреттер.
Барысы:
Мұғалім: Қазақстан – демократиялы – құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Оның қазынасы – адам және адамның өмірі. «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл - ауқатын жақсарту үлкен міндеттердің бірі ретінде көрсетілген. Қазіргі таңда есірткіні пайдалану және тазалықтың сақталуынан ғасыр дерті болып отырған СПИД ауруы бүкіл дүние жүзіне тарап, СПИД індетін тудырып отыр. ВИЧ инфекциясы адамда жүре пайда болатын иммунотапшылық тудыратын синдром. 2002 жылғы тексеру бойынша СПИД эпидемиясының таралғаны соншалық, жұқтырғандар саны 42 млн. Оның ішінде 3, 8 млн. 15 жасқа дейінгі жасөспірім балалар болып отыр. Егер жасөспірім 14 жасында ВИЧ инфекциясымен зақымданса тек 25 жасында ғана белгілері байқала бастайды. Ол 7 жыл ВИЧ инфекциясын жұқтырушы адам болып келеді.
1 - оқушы: Жаңа ғасыр, жаңа заман бүгін, Біз тілейміз ұрпақтың амандығын.
2 - оқушы: Ей, болашақ! Саулығың өз қолыңда, Жаламасын тәніңді у, саныңды мұң.
3 - оқушы: Нашақорлық - жайылған індет, білем, Жоймай оны жақсылық күн жоқ, білем. Бәрі: Ұланымыз туған еліміздің, Нашақорлық жойылсын!- өктем үнім. Салауатты өмірдің әнін тыңдап, Арманымыз ұшып жүр көкте бүгін.
4 - оқушы: Жерде жатқан шылымды, Шошқа келіп иіскеді, Иіскеді, Бірақ, тиіспеді.
5 - оқушы: Жерде жатқан шылымды, Есек келіп иіскеді, Иіскеді, Бірақ, тиіспеді.
6 - оқушы: Жерде жатқан шылымды, Ит те келіп иіскеді, Иіскеді, Бірақ, тиіспеді.
7 - оқушы: Сол шылымды алайда, Тауып алды Балғабек. Алақ - жұлақ етеді, - Сіріңкеңіз бар ма?- деп.
Оқушы: Кім мұндайды естіпті, Есірткі жұртты есіртті. Иіскеген жастардың, Жан - тәнін түгел кесіпті. Сақ болайық, ағайын, Қатерлі жау – есірткі.
Мұғалім: СПИД ауруы жер бетіндегі адамдардың басына түскен үлкен қатерлі кесел. Қазіргі таңда СПИД – тің алдын алу және оны болдырмаудың бірден - бір шарасы бұл ауру туралы әрбір адам мағлұмат, білім болу керек. Егер білім болса, адам өзін - өзі қорғану, сақтану шараларын пайдаланып, бұл аруға қарсы күресу іс - шараларына қатысады. (Сахнаға басы салбырап, мұңды жас жігіт шығады)
Жүргізуші: Ей, жас жігіт, Жан едің сен гүл жүзді, Солып қапсың, Тынышыңды кім бұзды?
Жігіт: Өмір қатал, Көңіліңе қарай ма? Душар болдым қайғыға, Енді арылу оңай ма?
Жүргізуші: Не деп кеттің? Қандай қайғы айтқаның? Қане отыр да Түсіндіріп бәрін айт.
Жігіт: Ізгілікті зұлымдыққа талаттым, Денсаулықтың барлық алтын - асылын. Пенделіктің орманында тонаттым, Жастайымнан құлы болдым, қайтейін, Наша менен арақтың. Көрдей қара тұман жапқан көңілін, Наша үшін қиған жастай өмірін. Ең сорлы жан мен боламын, Ең соңғы жан мен болайын, тәңірім.
Жүргізуші: Жоқ, сабыр ет, Әттең өзің жанбай жатып, Жақын тұрсың сөнуге, Пенделікті шалғайға айтып, Тағдырыңмен қол ұстасып көруге, Жетер ме екен батылың? Сені терең ойға таратар, Бір әңгіме шертейін. Тыңда, қане, жарқыным! Саған қиянат жасағандардың әңгімесін тыңдайық.

Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)
-->