Меню KDT
МЕНЮ
Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы №44 орта мектебінің сайтына қош келдіңіздер!

  

Директор: 
Култаева Ляззат Муханбетовна

        

Азаматтарды қабылдау күндері:

Сейсенбі

11:00-13:00

Бейсенбі

17:00-19:00

   
Директор блогы
 
Кері байланыс


 

 

введите текст

Мектеп жаңалықтары

03.11.2023 ж Астана қаласы басшылығының қолдауымен салынған №44 орта мектеп ғимаратының ресми ашылу салтанаты өтті.

 Бүгін Астана қаласы басшылығының қолдауымен салынған №44 орта мектеп ғимаратының ресми ашылу салтанаты өтті.
Нұрлыжол 8 мекенжайы бойынша орналасқан жаңа қосымша ғимараты 600 оқушыға арналған. Бүгінгі таңда мектепте 1023 оқушы оқиды.
"Биылғы жыл біз үшін ерекше, біз мектептің 50 жылдығын атап өтіп жатырмыз. 50 жылдық мерейтойында осындай үлкен және кең мектептің құрылысы аяқталып, оқу процесі басталғаны үлкен нәтиже. Оқушыларды, мұғалімдерді және ата-аналарды осындай үлкен жаңалықпен шын жүректен құттықтаймыз. Бүгінгі таңда оқушылар үшін, сапалы жоғары деңгейде білім алу үшін барлық жағдайлар жасалған. Өз кезегінде қонақтар тұрғындарды мектептің 50 жылдығымен құттықтап, еліміздің қарқынды дамуы мен жетістіктері үшін таңданысын білдірді.
Бүгінгі салтанатты жиынға қатысқандардың барлығына, Астана қаласының әкімдігіне, соның ішінде Астана қаласының білім басқармасына, ҰАК компаниясына алғыс айтқымыз келеді. Мектепте химия, физика және биология пәні бойынша, үлкен спорт залы, кітапхана және пәндік кабинеттер орналасқан.
Жаңа мектеп ғимаратында 24 кабинет және 3 зертхана бар. Біздің мектеп оқу процесіне қажетті барлық заттармен толық жабдықталған. Көркем еңбек кабинеттері бар. Оның ішінде-тігін шеберханасы, аспаздық дағдыларды игеруге арналған ас үй, станоктары бар металл және ағаш өңдеу шеберханасы, 160 орындық асхана, коворкинг аймағы, лингвистикалық кабинеттер және т.б. бар.

Просмотров: 36

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь