Қазанның бірі күні Астана қаласы №44 орта мектебінде «Қарттарым аман-сау жүрші!» атты мерекелік шара болып өтті. Шараға жауапты сынып жетекшілері Маханова Жангуль Серикқызы, Мекебай Назигуль, Ауелбекова Клара Сединқызы, Белинская Юлия Юровналар атсалысты.Мерекеге ауыл қарттарымен бірге педагог қарттарда шақырылды.
Бастауыш сынып оқушылары өлеңдерін оқып, әндерін шырқады. Орта буын сынып оқушылары би билеп, көңілді әзілдер айтып, өз өнерлерін көрсетті. Қарты бар үйдің қазынасы бар демекші үлкендеріміздің сүбелі үлесі мен өнегелі өрісі біздер үшін мәртебе және мақтаныш болып табылады. Олардың жастық шағының куәсі болып көркейген ауыл, гулденген қала, тылдағы еңбек өтілі болмақ.
Мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен сынып жетекшілерінің атына мерекелік шарадан соң «орамал тон болмайды, жол болады» дей отырып сыйлықтарды сыйлады. Мерекелік дастарханнан дәм татты.