Сайыстың тақырыбы: «Құзырлылық – жаңашыл мұғалім сипаты»
Сайыстың ұраны: « Нәтижеге бағытталған білім беруді қолдаймыз »
Сайыстың мақсаты: Кәсіби білімі жоғары, шығармашылықпен жұмыс істейтін мектептің талантты педагогтерін анықтау.
Мұғалімдердің оң әлеуметтік және кәсіптік атағын көтеру және қолдау, қалыптастыру.
Оқушылардың жоғары сапалы білім алуын қамтамасыз ету мақсатында оқыту мен тәрбиелеу әдістері, нәтиже берер педагогикалық технололгияларды көрсету.
Байқауға төрт мұғалім қатысты. Бастауыш сынып мұғалімі: Бидахметова Айгүл Сасанқызы, Ахметова Салтанат Бахитовна, Маханова Жангүл Сериковна, физика пәнінің мұғалімі Масанова Гүлнұр Сарсеновна. Байқауға қатысуға мұғалімдер әдістеме бірлестігінің шешімімен жіберілді. Мектептің әдістемелік бірлестік кабинетінде ұйымдастыру комитеті және әділқазылар алқасы құрылды. Әділқазы алқасының құрамы мектеп директорының бұйрығымен бекітіледі.Әділқазы алқасы: 1) география пәнінің жоғарғы санатты мұғалімі Цой О.И., 2) мектептің психологы Нұрманова Б.М., 3) бастауыш сыныптың дәрежелі мұғалімі Палуха Г.А., 3) физика пәнінің жоғары санатты мұғалімі Сүйінбекова С.Т.
Байқаудың мазмұны 2 кезеңнен болды: 1) Оқушылардың жоғары сапалы білім алуын қамтамасыз ету мақсатында оқыту мен тәрбиелеу әдістері, нәтиже берер педагогикалық технололгияларды көрсету мақсатында әр мұғалім бір ашық сабақтан көрсетті.
2) құзырлылық – жаңашыл, шығармашыл мұғалім сипатын анықтау мақсатында шығармашылық кезең.
Ашық сабақтарды өткізілу кестесі директордың оқу әдістеме жөніндегі орынбасарының міндетімен байқауға бір апта қалғанда құрылды.
Байқаудың барлық кезеңі бойынша әділқазы алқасы қатысушының іс-әрекетін келесі критерилер бойынша бағалады:
-кәсіптік шеберлік және жеке басының сапасы (шығармашылық, ұйымдастырушылық және қатынасаралық сапасы, бостандығы, өз бетімен істеушілік, талапкерлігі)
-негізгі педагогикалық дағдының қалыптасуы, педагогикалық техника және еңбек мұғалімінің ғылыми ұйымдасуы (сабақ, сыныптан тыс іс-шаралар);
-адамгершілік-этикалық сапасы, педагогикалық мәдениет және ой-өріс, эрудиция (оқу процесінде қатысушылардың сауалнамалары);
ІІ кезең үш бөлімнен құрылды. 1. Өзін-өзі таныстыру. (3-5 минут)
Әр кезең бойынша мұғалімдер өз өнерлерін көрсетті.
Қорытындысында сайысқа қатысушы мұғалімдерге өз бата –тілегін беруге біздің мектебіміздің ақсақалы, ұстаздардың ұстазы, еңбек ері, жоғарғы санатты мұғалім Айтбала Құдайбергеновнаға сөз берілді
Әділқазылар ұпай санын шығарғанша концерттік номерлеркөрсетті.
І-жүргізуші: ал, енді әділқазылар сөз кезегі өздеріңізде
Байқау әділқазы алқалары мазмұн және безендіру сапасын, байқауға жіберілген жұмысты өзінің тұсаукесер рәсімін, шығармашылық жұмысты, кәсіпкерлік жарыққа шыққан мәселелердің ашықтығы мен дәлелденуі, көңіл-күй сезімі, ашық сабақтар, қатысышулардың тәрбиелік іс-шаралардың идеяларын бағалады.
Екі турдың нәтижесінде Маханова Жангүл Сериковна 60 балл жинады; (үшінші орын) Ахметова Салтанат Бахитовна 110 балл жинады; (екінші орын) Масанова Гүлнұр Сарсенқызы 120 балл жинады; (бірінші орын) Бидахметова Айгүл Сасанқызы 150 балл жинады. (гран-при бас жүлде)
Байқау сынығының нәтижесінде әділқазы алқалары бірінші,екінші,үшінші орын алған жеңімпаздарды анықтап, марапаттады.