Меню KDT
МЕНЮ
Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы №44 орта мектебінің сайтына қош келдіңіздер!

  

Директор: 
Култаева Ляззат Муханбетовна

        

Азаматтарды қабылдау күндері:

Сейсенбі

11:00-13:00

Бейсенбі

17:00-19:00

   
Директор блогы
 
Кері байланыс


 

 

введите текст



Жас мамандарға психологиялық кеңес

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, мынадай жеті ережені орындау керек


Саламатсыздар ма, оқушылар!
"Жақсы көңіл күй құпиялары" бейнеролигін көру барысында, көңіл күйді қалыпты ұстаудың ережелерін үйренетін боламыз. Құрметпен мектеп психологы.
            


Құрметті оқушылар!
Сіздерге Зейінді дамытуға арналған жаттығулар ұсынылуда. Есте сақтау қабілеттеріңіз жақсарып, зейіндеріңіз дамып, ойлау қабілеттеріңіз жоғарылайды. Мектеп психологы
           


                                                                                                                    А Н Ы Қ Т А М А С Ы

               2020 жылдың  қыркүйек айында  1 Ә,Б сынып оқушыларының мектептегі оқуға дайындығының деңгейін анықтау  мақсатында Керн-Йерасек тестісі алынды. Берілген графикалық тест 3 тапсырмадан тұрады.

Берілген графикалық тестің 3 тапсырмасы қол қимылының және көрінуінің дамуын анықтауға бағытталған. Бұл іскерліктер мектепке жазуға қажет. Сонымен қоса, тест балалардың ақыл-ой дамуын көрсетеді. (ер адам бейнесі бойынша). Әріптер мен нүктелер салу үлгіні қайта жаңғыртуын, сондай-ақ балалардың өзіне қызықсыз бір іспен шұғылдана алуын көрсетеді.

К.Йерасек тестін жетістікпен орындау және әрі қарай оқудағы жетістіктердің арасындағы байланысты көрсететін  зерттеу жүргізіледі. Тесті жақсы орындағандар мектепте де жақсы оқиды, бірақ тестте нашар жауап бергендер де мектепте жақсы оқи алады. Сондықтанда К.Йерасек тестін зерттеудің нәтижесін балалардың жетілу бекітпесінің негізі деуге болады. Бұл топты жеке түрде немесе топтық етіп өткізуге болады.

Әр тапсырмалардың нәтижесі 5 ұпайлық жүйемен бағаланады (1-жоғары ұпай, 5-төмен ұпай). Содан кейін 3 тапсырма бойынша ұпайлар қосындысы есептелініп, жалпы саны шығады. 3 тапсырма бойынша 3-6 ұпай аралығында ұпай алса – ортадан жоғары, 7-11 орташа, 12-15 нормадан төмен деген қорытынды шығады. 12-15 ұпай алған балаларға зерттеу қайта жүргізілуі тиіс. Себебі олардың арасында ақылы кем балалар кездесуі мүмкін.

 1 Ә сыныбынан зерттеуге 15 оқушы қатысты. Жоғары деңгей  – 11 оқушы көрсетсе, орта деңгей – 4 көрсетті. Төменгі деңгей көрсеткен оқушылар жоқ.

1 Б сыныбынан зерттеуге 19 оқушы қатысты. Жоғары деңгей  – 14 оқушы көрсетсе, орта деңгей – 5 көрсетті. Төменгі деңгей көрсеткен оқушылар жоқ.

Жалпы сыныптардың мектепке дайындығының деңгейі жақсы деп бағалауға болады. Бала бойындағы орын алған кемшіліктер үштік одақ құра келісімге келе отырып, түзету-дамытушылық бағытта жұмыс жоспарлануда. Ата-ананың сұранысы бойынша, жекелеген оқушылармен түзету-дамыту бағытында жұмыстар жүргізіледі. Орта деңгейдегі оқушылармен мұғалім ыждағатты түрде жұмыс жасаумен қатар, ата-ананың үнемі көңіл бөлуі де ерекше орын алады. Сынып жетекшісі үнемі ата-аналармен байланыс орната отырып, бала бойындағы қалыптасып келе жатқан қасиеттермен бөлісіп отырған жағдайда ғана оң нәтижеге қол жеткізетіндігіміз сөзсіз.

Мектеп балалардың екінші үйі болса, ал ұстаздар екінші анасы десек те артық етпейді. Әр үйдің еркелерін бір арнаға тоғыстырып, олармен жұмыс жасау оңайға соқпайды. Алайда баланың тілін тауып, тілдесу, жақсы тәрбие берудің өзі бір үлкен ғанибет. Ақ парақ бетіне сызу сызғандай баланың кіршіксіз санасына алғашқы адамгершілік, мейірімділік нұрын сеуіп, білім, өнер нәрімен сусындату мына біз мұғалімдердің еншісінде.

 

 

 

Сынып жетекшісіне ұсыныс:

  1. Оқушыларға жылы лебізбен, ықыласпен көмек көрсету;
  2. Оқушыларға сенім артып, оқуға деген қызығушылықтарын арттыру;
  3. Анықталған орта деңгейдегі оқушыларды жеке қолдау мақсатында сынып жетекшісі арнайы жұмыс жоспары жасалынса.

 

 Педагог-психолог:  Момынқұлова Динара Махамбетқызы

 

 

1 сынып оқушыларымен жүргізілген диагностикалық жұмыстар сәтінен

 

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің «№44 орта мектеп» КММ «Психологиялық қызмет» жұмысының жоспарына сәйкес,  2020-2021 оқу жылының қазан айында 1Ә,Б сынып оқушыларынан  «Мектептің суреті» проективті әдістемесі  алынды.

Мақсаты: Баланың мектепке деген қатынасын және қобалжу деңгейін анықтау.

Бейімделу – ағзамыздың орта жағдайына ыңғайлануы, бейімделуі. Баланың мектепке бейімделуі жылдам жүрмейді: ол үшін, яғни мектепке толығымен үйренуі үшін бір күн, бір апта талап етілмейді. Бұл барлық ағза жүйелерінің маңызды ширақтылығымен байланысты ұзақ процесс. Бейімделудің барлық үш формаларының ұзақтығы шамамен 5-6 апта, бұл кезең 10-15 қазанға дейін сөзылады, ал ең қиыны бірінші-төртінші апталар болып табылады.

Әдістемеге қатысушы 1Ә,Б сынып оқушыларына нұсқау бойынша А4 парағын және түрлі түсті қарындаштарды ұсына отырып, парақ бетіне мектептің суретін салу керектігі айтылды.

Оқушылардың салған суреттері:

Жалпы ұпай сандарының қосындысы бойынша:

6-5 балл. Балалардың мектепке, оқуға деген эмоционалды оң көзқарастары қалыптасқандығын және оқу тапсырмаларын орындауға, мұғаліммен өзара қарым-қатынасқа түсуге дайын екендігін көрсетеді.

4-2 балл. Балада мектептің оқу процесіндегі таныс емес жағдайларға байланысты қобалжушылық байқалады. Олардың білімге деген дүниетанымын кеңейтіп, мектептің оқу іс-әрекеті жайлы көзқарасын қалыптастыру қажет. Мұғалімге және сыныптастарына деген жағымды қарым-қатынас қалыптастыру. Қобалжу себептері: ашушаңдық және үлкендердің мектептегі оқу жайындағы жағымсыз көзқарастары немесе сөздері.

1-0 балл. Балада мектепке деген анық қорқыныш үрейі бар. Көбінесе бұл баланың оқу тапсырмаларын қабылдамауы және оқудан бас тартуға, ұстаздарымен сыныптастары арасында қарым-қатынастың қиындауына алып келеді.

Әдістемеге 1 Ә,Бсынып оқушыларынан 32 оқушы қатысты.

1 Ә сыныбынан – 15 оқушы қатысты. 11 оқушы

 6-5 балл аралығындағы көрсеткішті жинақтады.

4 оқушы  – 4-2 балл аралығын көрсетті.

1 Б сыныбынан – 17 оқушы қатысты. 14 оқушы 6-5 балл аралығындағы көрсеткішті жинақтады.

3 оқушы  – 4-2 балл аралығын көрсетті.

 

 

Сыныптар

 

6-5 балл

 

4-2 балл

 

 

1-0 балл

 

1

1 Ә сыныбы

73%

27%

0%

2

1 Б сыныбы

82%

18%

0%

1Ә,Б сынып оқушыларынан  алынған «Мектептің суреті» проективті әдістемесінің қорытынды көрсеткішінде балалардың мектепке, оқуға деген оң көзқарастын байқауға болады. Мұғаліммен өзара қарым-қатынасқа түсуге дайын екендігі көрініс тапты. Балаларда мектепке деген анық қорқыныш үрейі жоқ екендігі байқалды.

 Мұғалімге ұсыныс:

  1. Оқушыларға жылы лебізбен, ықыласты көмек көрсетілсе;
  2. Мұғалім  ұстамдылық үлгісін көрсетіп,  баламен жылы қарым-қатынас орнатса;
  3. Оқушыларға сенім білдіріп, оқуға деген қызығушылықтарын арттырса;
  4. Оқушылардың білімге деген дүниетанымын кеңейтіп, мектептің оқу іс-әрекеті жайлы көзқарасын қалыптастырса.

 

 Мектеп педагог- психологы: Момынқұлова Динара

 1Ә  сынып оқушыларынан алынған «Мектептің суреті»  проективті әдістемесінің көрсеткіші:



1Б  сынып оқушыларынан алынған «Мектептің суреті» проективті әдістемесінің  көрсеткіші:






















Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің «№44 орта мектеп» КММ 2020-2021 оқу жылының мектепішілік бақылауға  сәйкес 5Ә,Б,Ғ сынып оқушыларының орта буынға бейімделуін анықтау мақсатында Н.Г. Лусканованың  «Оқу мотивациясын  анықтау» сауалнамасы алынды.

Мақсаты: Ауыспалы кезеңдегі тұлғаның жас және жеке ерекшеліктерін зерттеп, кездесетін психологиялық сәтсіздіктерін болдырмаудың жолын іздестіру.

Бастауыш мектептен ортаңғы буынға көшу балалықтың ең бір тұрақты даму кезеңінің аяқталуымен тұспа-тұс келеді.

Практикадан көріп жүргеніміздей, балалардың көпшілігі бұл оқиғаны өміріндегі ең басты қадамы сияқты қабылдайды. Олар өздерінің «енді бұрынғыдай кішкентай» емес екендіктерін мақтаныш етеді. Олар өздерінің «есейгендіктерін» талаптары да, мінез-құлықтары да, қарым-қатынасы да әр түрлі мұғалімдердің пайда болуымен байланыстырады. Сонымен қатар, бастауыш мектептен ортаңғы буынға өту оқушының психикасына әсер ететін жүктеменің ұлғаюымен байланысты.

Оқу шарттарының күрт өзгеруі, әрбір мұғалімнің оқушыға қоятын талаптарының әртүрлілігі мен сапалық күрделілігіне де байланысты болып келеді.

Бейімделу кезеңінде бір балалар жасқаншақтап, үрейленіп жүретін болса, екінші біреулері шамадан тыс улап-шулап, жыбырлақ, тынымсыз болып кетеді. Олардың жұмыс қабілеті төмендеп, ұмытшақ, салдыр-салақ бола бастайды, ұйқылары бұзылып, тәбеттері тартпайды. Бұндай ауытқушылықтар шамамен балалардың 70-80%-на тән құбылыс. Осы 5-ші сыныпта оқушылардың бойында ортақ мәселелер пайда болады. Олар:

-         Балалардың мінезі өзгереді;

-         Тез шаршайды;

-         Көңіл-күйлері бұзылады;

-         Оқу үлгерімі төмендейді;

-         Мазасыздық, қобалжу сезімдері жиілейді.

Зерттеуге алынған әдістеме:

  1.  «Оқу мотивациясын анықтау» сауалнамасы. Н.Г. Лусканова.

Сауалнамаға 5 Ә,Б,Ғсынып оқушыларынан 54 оқушы қатысты.

5 Ә сыныбынан – 19 оқушы;

5 Б сыныбынан – 18 оқушы;

5 Ғ сыныбынан – 17 оқушы.

 

 

 

Сыныптар

Өте жоғары деңгей

30-25 балл

Жоғары деңгей

20-24 балл

Орта деңгей

Төменгі деңгей

15-19 балл

10-14 балл

1

5 Ә сыныбы

52%

16%

32%

 

2

5 Б сыныбы

39%

56%

5%

 

3

5 Ғ сыныбы

35%

53%

12%

 

 

 

 

 

Н.Г. Лусканова бойынша 5 Ә сынып оқушыларының

«Оқу мотивациясын анықтау» сауалнамасының пайыздық көрсеткіші:

 

Н.Г. Лусканова бойынша 5 Б сынып оқушыларының

«Оқу мотивациясын анықтау» сауалнамасының пайыздық көрсеткіші:



Н.Г. Лусканова бойынша 5 Ғ сынып оқушыларының

«Оқу мотивациясын анықтау» сауалнамасының пайыздық көрсеткіші:

 

Мектеп педагог- психологы: Момынқұлова Динара

















Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)
-->