Меню KDT
МЕНЮ
Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы №44 орта мектебінің сайтына қош келдіңіздер!

  

Директор: 
Култаева Ляззат Муханбетовна

        

Азаматтарды қабылдау күндері:

Сейсенбі

11:00-13:00

Бейсенбі

17:00-19:00

   
Директор блогы
 
Кері байланыс


 

 

введите текст






 

                                                                           «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында 18- тамыз күні Интернациональный кентінің Төлеби мешітінің бас имамы Ибрахим Келдібайұлының басшылығымен көпбалалы,  аз қамтылған отбасынан шыққан және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған  30 оқушыға (әр оқушыға) мектеп портфелі мен мектеп құрал-жабдықтары алынып,  көмек көрсетілді. «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында 29- тамыз күні «Билайн» компаниясы ұйымдастыруымен мектебіміздің аз қамтылған отбасынан шыққан 3 оқушыға мектеп құрал- жабдықтары мен мектеп портфелін беріп көмек көрсетті.

     Мектебімізде 28-қазан күні «Қамқоршылар» күні мерекесіне орай «Балаларға жылу сыйла!» атты мерекелік іс-шара болып өтті. Іс-шараға қамқоршылар, ұстаздар, оқушылар қатысты. Мектеп басшысы Б.Ш.Орынбаев жетім балаларға қамқоршы болып жүрген ата-аналарды мерекелерімен құттықтап, жауапты істі қолға алған оларға алғыс айтып,мықты денсаулық тіледі. Іс-шара соңында қамқоршыларға алғыс хаттар, сыйлықтар үлестірілді. Мереке соңы естелік суретке түсумен аяқталды.







Астана қаласы « Толебай» мешітінің найб-имамы мектеп оқушыларына  дәріс оқыды. Мақсаты елімізде алаңдаушылық тудыратын жасөспірімдер арасында көп кездесіп жүрген өзіне-өзі қол салу суицид және діндердің шығу тегі, діни жолдағы адасушылық ағымдардың іс –әрекеті, наным-сенімдері, қазіргі уақытта мәселе болып отырған діни көзқарастардың айырмашылығын түсіндіру болып табылды.

Қазіргі жахандану кезеңдегі оқушылардың діни-наным сенімдері, Ислам жөнінде сұрақтар қоя отырып, олардың рухан-адамгершілік қасиеттерінің дінмен байланысы жөнінде талқылады. Әлемдік  діндердің адамзат баласына рухани тәрбие көзі екенін айта келе, адамзат баласының бір заңмен жазылған жүйе екенін түсінідірді.

Оқушылар көптеген сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті. Қазіргі кезеңдегі Ислам мен терроризмнің бір-бірінен айырмашылығы мен ұстанымдық бағыттарын айқындап берді.

  



«Мейрімді қала» қайрымдылық акциясы.

Қайрымдылық акциясы аясында тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойының қарсаңында,Астана қаласы Алматы ауданы әкімшілігінің жетекшілігімен ақ ниеттен,шын жүректен ардақты ата-ажелеріміздің көңілін көтеріп,сыйлықтар табысталды. Қариялар қатты қуанды. Елеп ескеріп келіп жатқанына рахметін айтты. Осылай ұмытпай үлкенді қадірлегеніне мектеп ұжымына,ұйымдастырушы кісілерге алғыстарын жаудырды.




 


 Астана қаласы №44 орта мектебінде

 «Балаға мейірімді мектеп» бағдарламасы бойынша

«Мейірімділік-жылы жүректен» атты қайырымдылық сазды бағдарламасының қорытынды есебі

   2015 жылдың 28 сәуір күні «№44 орта мектеп» ММ акт залында « Балаға мейірімді мектеп» атты іс-шара аясында «Мейірімділік-жылы жүректен» атты қайырымдылық кеші өткізілді.Оған қамқоршылар, патронаттық тәрбиешілер, ата-аналар,  ұстаздар,оқушылар қатысты.

Іс-шараның мақсаты-жас ұрпақтың бойына мейірімділік, адамгершілік,ізгілік, қамқорлық,қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді бойына дарыту және әлеуметтік жағынан қорғалмаған, күнкөрісі төмен отбасыларынан шыққан оқушыларға жәрдем беріп,материалдық көмек көрсету.

Мектеп басшысы Б.Ш. Орынбаев жетім балаларға қамқоршы болып жүрген ата-аналарға өз жылы лебізін білдіріп,алғыс айтты. Іс-шара соңында қамқоршыларға алғыс хаттар, сыйлықтар берілді. Кеш соңы естелік суретке түсумен аяқталды.

Орындаған: әлеуметтік-педагог:  Ожанова Д.А

Тәрбие ісінің міндетін атқарушы: Мекебай Н.

 


 
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)
-->