Меню KDT
МЕНЮ
Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы №44 орта мектебінің сайтына қош келдіңіздер!

  

Директор: 
Култаева Ляззат Муханбетовна

        

Азаматтарды қабылдау күндері:

Сейсенбі

11:00-13:00

Бейсенбі

17:00-19:00

   
Директор блогы
 
Кері байланыс


 

 

введите текст
   Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
                                                                            2021 жылғы «21» мамырдағы
                                                                                    № 107-661 қаулысына
                                                  43- қосымша

 

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 44 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
Жарғысы

1. 
 Жалпы ережеле

1. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 44 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы мекемеде білім беру қызметін жүзеге асыру үшін құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.

2. Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық. 

3. Мекеме Целиноград аудандық еңбекші депутаттары Кеңесі Атқару комитетінің 11 қарашадағы 1972 жылғы № 6-238-20 «Міндеттемелерді орындау қорытындысы негізінде 1972-1973 оқу жылына мектептерді және балаларға арналған мекемелерді дайындау» шешімі бойынша құрылған.

4. Мекеменің құрылтайшысы, сондай-ақ оған қатысты субъектінің  функцияларын, оның мүлкіне қатысты құқығын  жүзеге асыратын орган   Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі болып табылады (бұдан әрі – әкімдік).

5. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) болып табылады.

6. Мекеме өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Білім беру туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін және осы Жарғыны басшылыққа алады.

7. Мекеменің толық атауы: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 44 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Мекеменің қысқартылған атауы: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің  «№ 44 орта мектеп» КММ.

8. Мекеменің заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, «Алматы» ауданы, Интернациональный тұрғын алабы, Нұрлыжол көшесі, 8 үй. 



2. Мекеменің заңды тұлға мәртебесі

9. Мекеме мемлекеттік тіркеуге алынған күнінен бастап құрылды деп саналады және заңды тұлға құқығына ие болады.

10. Мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің      қазынашылық органдарында өздік балансы, есеп шоттары және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген, Мекеменің атауымен бланкілері, мөрлері бар.

11. Мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.

12. Мекеме өз міндеттемелері бойынша өзінің  қарауына тапсырылған ақшаға жауап береді. Мекемеде ақша жетіспеушілігі кезінде оның міндеттемесі бойынша біріккен жауапкершілікті тиісті бюджет қаржыларының әкімшілік-аумақтық бірлігі жауаптылық артады.

13. Мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.



3. Мекеме қызметінің мәні, мақсаты және түрлері

 14. Мекеменің оқыту-педагогикалық қызметі Жарғыда көрсетілген оның қызметінің мазмұнымен, мақсаттарымен, міндеттерімен және түрлерімен, сондай–ақ Мекемеге Уәкілетті орган арқылы жеткізілген мемлекеттік тапсырыстармен айқындалады.  


15. Мекемеде білім берудің мазмұны білімнің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарттары негізінде әзірленетін  оқу бағдарламаларымен айқындалады және жалпы жеке тұлға мәдениетін қалыптастыру міндетін шешуге, жеке тұлғаның қоғам өміріне бейімделуіне, кәсіпті, мамандықты саналы түрде таңдау және игеру үшін негіз құруға бағытталған. 

         16. Мекеме қызметінің мәні:

1) білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартымен белгіленген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімді жүзеге асыру;

         2)   азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен білім алуға конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету, қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру, жекелеген оқушылармен оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша бөлінген оқу уақытынан тыс пәндер  бойынша қосымша сабақтар ұйымдастыру, пәндер бойынша (пәндер мен пәндер циклі) білім алушыларға тереңдетіп оқытуды ұйымдастыру;  

         3)   оқушылардың қажеттіліктері мен жеке қабілеттіліктерін ескере отырып, олардың өзін-өзі дамытуы және өз білімін жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру үшін жағдай жасау;

         4)   азаматтыққа және отансүйгіштікке, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қадірлеуге, конституцияға  және қоғамға қарсы кез келген пиғыл көріністеріне төзімсіздік танытуға тәрбиелеу;

5) ой-өрісі жан-жақты дамыған, еңбекті зерттеу дағдыларымен,   мәдениеті жоғары, мамандықты  саналы түрде таңдауға, жоғары оқу орындарында  өзіндік шығармашылықпен айналысуға дайын  жеке тұлғаны қалыптастыру;

6) жеке тұлғаны толық дамыту үшін оқушының отбасымен өзара қарым-қатынаста болу.

7) АҚ-технологияларды және жоғары деңгейлі программалау тілдерін оқу үшін жағдай жасау;

8) педагогикалық процестің материалдық-техникалық базасын жетілдіру, заманауи білімнің жаңа технологияларын іздеу.

         17.  Мекеме қызметінің мақсаттары:

         1)   Мекемеде іске асырылып жатқан оқу бағдарламаларын орындау үшін жағдайлар жасау;

         2)   социумның өзгеретін жағдайларына бейімделуге қабілетті жеке тұлғаның өз бетінше, жан-жақты шығармашылық дамуына  жағдай жасау;

         3)   бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің үздіксіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

         18.   Мекеме мақсаттарына қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін:

         1)   оқушыларға білім беру, тәрбиелеу және оларды дамыту;

2)  оқушылардың қабілеттіліктерін анықтау және дамыту;

3)  ата–аналарға педагогика, жалпы және жас ерекшелік психологиясы, отбасы және білім беру  мәселелері бойынша кеңестер беруді ұйымдастыру;

4)  оқушының бос уақытын ұйымдастыру, мәдени-көпшілік іс-шараларын  өткізу;

5)  ғылыми –практикалық конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру және өткізу;

6)  Қазақстан Республикасы мен шетелдердің білім беру және мәдени ұйымдарының олимпиадаларына, конференцияларына, конгресстері мен өзге де ынтымақтастық форумдарына қатысу;

7) балаларды (5 жастан бастап) мектепте білім алуға дайындау үшін мектепалды дайындықты ұйымдастыру және жүзеге асыру;

8) бейін алды және бейіндік сыныптарда жеке тұлғаға бағытталған, дамытушы қосымша бағдарламаларды іске асыру;

9) мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық форматта  ұсыну  сапасын және мерзімдерін жыл сайынғы (есептік (күнтізбелік) жылдың қорытындысы бойынша) бағалауды сақтау бойынша мониторинг жүргізу және бақылау;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақылы білім беру қызметін көрсету.

         Мекемеге Жарғыда бекітілген оның қызмет нысанына және мақсаттарына жауап бермейтін қызметті, сондай-ақ мәмілелерді жасауға тыйым салынады.

         19. Мекеме Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіпке сәйкес ақылы білім беру қызметін көрсетуге құқылы.

         20.  Мекеменің Қазақстан Республикасы заңдарында немесе құрылтай құжаттарында айқын шектелген қызметтің мақсаттарына қарама-қайшы немесе басшының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасаған мәмілесі уәкілетті органның, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесе прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

         21.    Мекеме басшысының Мекеменің атымен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеттері еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік,  әрі материалдық жауапкершілік қолдануға әкеп соғады.

4. Білімді оқыту бағдарламаларын іске асыру тізбесі 

22. Тәрбиелеу-білім беру үрдісінің негізгі қатысушылары оқушылар, ата-аналар немесе олардың заңды өкілдері мен Мекеме жұмыскерлері болып табылады.

23. Мекемедегі оқу және тәрбиелеу мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Жеке пәндер ағылшын тілінде жүргізілуі мүмкін. Оқыту-педагогикалық құжаттама мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.  Педагогтар бағдарламаларды таңдау және оларды шығармашылық қолдану құқығына ие.

24. Мекемедегі білім беру үрдісін ұйымдастыру Қазақстан Республикасының орта білім беру және Мекеме басшысы бекіткен мемлекеттік стандартқа сәйкес дербес әзірленетін оқу жоспары мен бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады. Мекеме ұйымдастырушылық-әдістемелік сүйемелдеуді, білім беру үрдісінің нәтижелілігін талдау мен бағалауды,  педагог кадрлардың шығармашылық өсуіне және олардың кәсіби өзін-өзі жетілдіруіне ықпал ететін инновациялық педагогикалық тәжірибені жинақтау және таратуды қамтамасыз етеді.

25. Оқушының оқу жүктемесі денсаулық сақтау органдарының ұсынымдарына сәйкес белгіленген рұқсат етілген шекті жүктеме нормаларынан аспауы тиіс.

Жекеленген оқушылар үшін психологиялық-медико-педагогикалық кеңестің шешімі бойынша және оқушылардың потенциалды мүмкіндіктері мен  даму ерекшеліктерін есепке ала отырып, мекеме жалпы білім беретін оқу бағдарламасы негізінде мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуды және инклюзивті оқытуды ұйымдастырады.

25. Білім беру үрдісін ұйымдастыру негізі оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау және есепке алу болып табылады.

Оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау оқу жоспарлары мен бағдарламаларының уақтылы және сапалы орындалуын толық көлемде қамтамасыз етуі тиіс.

27. Жеке пәндерді (пәндер циклін) оқытуға бөлінген сағат саны бір мемлекеттік оқу жоспарымен белгіленген сағат санынан кем болмауы тиіс.


28. Мекеме мынадай оқу бағдарламаларын іске асырады:

1) негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттілігін, оқу қызметінде оң мотивациясы мен іскерлігін, берік дағдыларын, жазу, санау, тілдік қарым-қатынас тәжірибесін, шығармашылықпен өзін-өзі жетілдіруін, өзін-өзі ұстау мәдениетін дамытуға бағытталған бастауышқа білім берудің жалпы білімдік оқу бағдарламалары;

2) оқушылардың ғылымның базалық негіздерін игеруге, оларда  тұлғааралық және этносаралық қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, қоғамдағы тұлғалық орнын айқындауына және кәсіптік бағдарлануына бағытталған негізгі орта білім берудің жалпы білімдік оқу бағдарламалары.

Жалпы білім беретін оқу бағдарламасы оқушылардың бейін алды даярлығын қамтиды. Әрбір пәннің мазмұнын зерделеу негізгі орта білім беру деңгейінде аяқталады.

Негізгі орта білім беруді оқыту бағдарламасын меңгеру мерзімі – бес жыл;

3) жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары оқушылардың бағдарланған кәсіпке дейінгі даярлығын жүзеге асыру үшін білім алушылардың бейімділігі мен қабілеттілігіне сәйкес оқудың жаратылыстанушылық-математикалық және қоғамдық – гуманитарлық бағыттарын енгізе отырып, білім беру мазмұнын саралау, интеграциялау және кәсіптік бағдарлау негізінде әзірленеді.

 Жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын игеру мерзімі – екі жыл.

29. Оқушылардың оқу тәртібі:

1) оқу жылы бірінші қыркүйектен басталып, оқу жоспарына сәйкес аяқталады;

2) оқу жылының, оқу аптасының ұзақтығын, демалысты өткізу мерзімдерінің ұзақтығын Уәкілетті орган, Мекеменің басшысы бекіткен жылдық күнтізбелік оқу кестесімен белгілейді;

3) бірінші сыныпта оқу жылының ұзақтығы 33 аптаны, келесі сыныптарда - 34 аптаны құрайды, демалыс ұзақтығы оқу жылы ішінде 30 күнтізбелік күннен кем емес мерзім белгіленеді, ал  жазғы кезеңде кемінде – 8 апта. Бірінші сынып оқушылары үшін қосымша апталық демалыстар белгіленеді;

4) Мекеме аптасына екі демалыс күнімен, бес күндік оқу кестесі бойынша жұмыс істейді,  6-ші сенбі күні жеке–топтық, үйірмелік күн қарастырылады;

5) сабақтардың тәртібі, сабақтардың ұзақтығы мен олардың арасындағы үзілістер Мекеме басшысы бекітетін сабақ кестесі және күн тәртібімен белгіленеді.

30. Оқушылардың білімін, аралық және қорытынды аттестатталуын ағымдағы бақылау жүйесі, өткізу түрлері және тәртібі:

1) әрбір тоқсанның аяғында 2 - 11 (12) – сыныптарда, екінші жарты жылдықтан бастап – 1 сыныптарда аралық бағалау, ал тоқсандық бағалар қорытындылары бойынша  - жылдық бағалау шығарылады;

2) аралық және қорытынды аттестаттау кезінде бес балдық бағалау жүйесі қолданылады: 5 – «өте жақсы», 4 – «жақсы», 3 – «қанағаттанарлық», 2 – «қанағаттанарлықсыз», білім беру мазмұнның жаңартылған стандартына көшкен кезде бекітілген нормаларға сәйкес болады. Білім алушылардың оқу жетістігін бағалау формативтік және жиынтық бағалау нысандарында жүзеге асырылады;

3) Бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 2-4-сыныптардың білім алушылары үшін ауызша, жазбаша немесе тест тапсырмалары нысанындағы бақылау жұмыстары қайта ұйымдастырылады. Бақылау жұмыстарының қорытындысы бойынша «3», «4», «5» деген бағаларын алған білім алушылар келесі сыныпқа көшіріледі;

4) бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 5-8 (9), 10 (11) сыныптардың білім алушылары аралық аттестаттауға жіберіледі. Үлгермеушілікті келесі жылдың ішінде жою жауапкершілігі ата-анасына (заңды өкілдерге), сынып жетекшісіне және пән мұғаліміне жүктеледі;

Үш немесе одан да көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалары бар 2-8 (9), 10 (11) сыныптардың білім алушылары аралық аттестаттауға жіберілмейді, қайта оқу жылына қалдырылады;

1-сынып білім алушылары психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымдары және ата-аналардың немесе баланың заңды өкілдерінің келісімі бойынша қалдырылған білім алушыларды қоспағанда, қайта оқу жылына қалдырылмайды;

5)  5 – 8(9), 10(11) - сыныптардың оқушыларын аралық аттестаттаудан өткізу үшін сыныптан сыныпқа көшу емтихандарының түрі мен саны Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен нормативтік құқықтық актілерге сәйкес анықталады;

6) Мекемеде негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүргізілетін мектеп бітірушілерін міндетті қорытынды аттестаттаумен аяқталады.

Аттестаттаудан табысты өткен мектеп бітірушілеріне тиісінше Мекеме мөрімен расталған, белгіленген үлгідегі аттестаттар, ал өтпегендерге – курстарды тыңдағаны туралы анықтама беріледі;

7) негізгі орта білімнің жалпы білім беру бағдарламасын игеру барысында ерекше жетістіктерге жеткен мектеп бітірушілеріне Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен нормативтік құқықтық актілерге сәйкес негізгі орта білім берудің үздік аттестат,  жалпы орта білім туралы аттестат, «Алтын белгі» немесе үздік аттестаттар беріледі;

8) Мекеменің педагогикалық кеңесінің шешімімен оқу жылының бағдарламасын табысты меңгерген және сыныптан сыныпқа көшу немесе қорытынды емтихандарды тапсырған оқушылар келесі сыныпқа көшеді;

9) жалпы білім бағдарламасының алдыңғы деңгейін меңгермеген оқушылар жалпы білім берудің келесі сатысына оқуға жіберілмейді.

31. Оқушылардың үлгеріміне, аралық және қорытынды аттестатталуына ағымдағы ішкі бақылауды Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Үлгілік қағидаларына сәйкес Мекеме дербес жүзеге асырады.Пәндер тізбесі мен оқушыларды ішкі аралық аттестаттаудан өткізу  үлгісін

32. Мекеме оқу жоспарына сәйкес белгілейді және оқу үдерісінің кестесіне шығарады.

33. Білім беру ұйымдарында нәсілдікті, этникалық, діни, әлеуметтік ымырасыздық пен өзгешелікті насихаттауға, жалпы танылған халықаралық құқық принциптеріне және гуманизміне қайшы келетін милитаристік және басқа да идеяларды таратуға тыйым салынады.

5. Ақылы білім беру қызметтерін көрсету тізбесі мен тәртібі

34. Мекеме мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс мыналарды:  

1) қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру;

2) оқу жоспары мен бағдарламасымен  бөлінген сағат санынан тыс пәндер бойынша(пәндер мен пәндер циклі) жекелеген оқушылармен қосымша сабақтар ұйымдастыру;

3) оқушылармен пәндер (пәндер және пәндер циклі) бойынша ғылым негіздерін тереңдетіп оқып үйренуді ұйымдастыру;

4) түрлі іс-шараларды: оқушылар, педагогикалық қызметкерлер арасында спорттық жарыстар, семинарлар, сондай-ақ оқу - әдістемелік әдебиеттерін әзірлеу және іске асыру бойынша кеңестер, конференциялар ұйымдастыру және өткізу;

5) үйірмелік қызметті (базистік оқу жоспарының шеңберінен тыс) ұйымдастыру және өткізу;

6) музыкалық аспаптарды және қосымша интернет-байланыс қызметтерін пайдалануға беру;

7) жазғы демалысты ұйымдастыру, Мекемеде өткізілетін түрлі іс-шараларға қатысушыларды, оқушыларды азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша ақылы қызмет көрсетуге құқылы. 

35. Ақылы білім беру қызметін көрсету тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайды.  

36. Мекеме ақылы қызметтің құнын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және Уәкілетті органмен келісе отырып бекітеді.

37. Ақылы білім беру қызметі мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде қаржыландырылатын негізгі білім беру қызметінің орнына көрсетілмейді.

38. Ақылы білім беру қызметі оқушыларға Мекеме мен ата-аналар (заңды өкілдері) арасында жасалатын шарттар негізінде жеке кесте бойынша ата-аналардың (заңды өкілдерінің) қалауы бойынша беріледі.

39. Ақылы білім беру қызметтерін іске асыруға байланысты Мекеме мен оқушылар, оның ата-анасының және өзге де заңды өкілдерінің арасындағы  қарым-қатынас білім беру деңгейін, оқу мерзімін, оқуы үшін төлем мөлшерін айқындайтын шартпен реттеледі. Тәрбиелеу-білім беру қызметтерін көрсетуге арналған шарттың (бұдан әрі – Шарт) Тараптары тәрбиелеу-білім беру үрдісіне қатысушылар:  басшының тұлғасында Мекеменің әкімшілігі, ата-аналар немесе олардың заңды өкілдері болып табылады.

 Тәрбиелеу-білім беру қызметтерін көрсетуге арналған шарттың (бұдан әрі – Шарт) Тараптары тәрбиелеу-білім беру үрдісіне қатысушылар:  басшының тұлғасында Мекеменің әкімшілігі, ата-аналар немесе олардың заңды өкілдері болып табылады.

40. Ақылы қосымша білім беру қызметтерін көрсетуден түскен қаражат, білім беру үдерісіне, оның ішінде оқу жабдықтарын алуға, Мекеменің қызметкерлеріне әлеуметтік және материалдық қолдау көрсетуге қайта инвестициялануы мүмкін.


6. Мекемені жинақтау тәртібі

41. Мекеме оқуға қабылдауды Қазақстан Республикасының Конституциясына, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын Білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгілік қағидаларына, мемлекеттік қызмет стандартына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ олардың негізінде әзірленген осы Жарғыға сәйкес жүзеге асырады.

42. Мекеме жалпы білім алуға құқылы барлық балаларды оқуға қабылдауды қамтамасыз етеді.

43. Білім беру туралы заңнамаға сәйкес, мекеме балаларды алты жастан даярлық деңгейіне қарамастан, бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.

 Бірінші сыныпқа баратын балалардың ата-аналарынан (заңды өкілдерінен) өтініштерді қабылдау ағымдағы жылдың 1 маусымнан бастап 30 тамыз аралығында жүргізіледі.

Мекемеге қабылдау оқушылардың ата-аналарының (немесе өзге заңды өкілдерінің) білім туралы, медициналық анықтама, белгіленген үлгідегі туу туралы куәлік немесе жеке басының куәлігі, 2 данада 3х4 см көлеміндегі фотосуреті бар құжаттарды қоса берген, жазбаша өтініші негізінде басшының бұйрығымен ресімделеді.

Жалпы орта білім сатысына азаматтар олардың өтініштері бойынша қабылданады.

45. Мекеме оқуға түсетін оқушыны, оның ата-анасын (заңды өкілдерін) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын Мекемеге қабылдау ережелерімен, сондай-ақ білім беру үдерісін ұйымдастыруды реттейтін осы Жарғымен және басқа да құжаттармен таныстырады. 

 46. Мекемедегі сыныптар саны берілген өтініштер санына және санитарлық-гигиеналық нормалар ескеріле отырып, білім үрдісін жүзеге асыруға жасалған жағдайларға байланысты болады.

  47. Мекемедегі сыныптарда оқитындардың саны 30 оқушыдан аспауы тиіс.

48.Сыныптар мемлекеттік тілде оқытылатын сыныптарда орыс тілін оқыту, орыс тілді сыныптарда қазақ тілін оқыту, шет тілдері, информатика, дене шынықтыру сабақтарында сынып 24 адамға толған кезінде, сондай-ақ бейіндік 10-11-сыныптарда бейіндік пәндерді оқыту кезінде екі топқа бөлінеді.Технология пәні бойынша 5-11-сыныптардағы оқушылар сыныптың толымдылығына қарамастан, ұл және қыз балалар топтарына бөлінеді.49. Оқушыларды қабылдау, сыныптан-сыныпқа көшіру және оқудан шығару Мекеменің Жарғысына сәйкес үлгерім нәтижелері бойынша Мекеменің педагогикалық кеңесінің шешімімен жүргізіледі.

1) оқушының басқа оқу орнында білім алуды немесе басқа оқу нысанында жалғастыруын ата-аналарының (заңды өкілдерінің) қалауы бойынша;

2) он алты жасқа дейінгі балалардың құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны, осы Жарғыны өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және Уәкілетті органның келісімі бойынша Мекеме басшысының бұйрығымен ресімделеді;

3) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мектептен шығару туралы шешім қорғаншы және қамқоршы органдардың келісімімен қабылданады.

50. Мекемеде оқушыны оқудан шығару тәртібі мынадай негіздерде:

1) оқушының басқа оқу орнында білім алуды немесе басқа оқу нысанында жалғастыруын ата-аналарының (заңды өкілдерінің) қалауы бойынша;

2) он алты жасқа дейінгі балалардың құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны, осы Жарғыны өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және Уәкілетті органның келісімі бойынша Мекеме басшысының бұйрығымен ресімделеді;

3) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мектептен шығару туралы шешім қорғаншы және қамқоршы органдардың келісімімен қабылданады.

 

7. Мекеменің оқушылармен, олардың ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) қарым- қатынасты ресімдеу тәртібі. 

Білім беру үрдісіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері

51. Білім беру үрдісіне қатысушылар оқушылар, Мекеменің педагогикалық қызметкерлері және оқушылардың ата-аналары (заңды өкілдері)

болып табылады.

52. Мекемедегі білім беру үрдісіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің Үлгілік қағидаларына сәйкес айқындалады.

         53.  Оқушылардың құқықтары мен міндеттері осы Жарғымен және оқушылардың тәртіп ережелерімен реттеледі.

         54. Мекеменің оқушылары:

         1) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға;

2) оқу жоспарларына сәйкес баламалы курстарды таңдауға;

3) өзінің бейімділігі мен қажеттіліктеріне сәйкес ақылы негізде қосымша білім беру қызметтерін алуға;

4) ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға, оқулықтармен, оқу - әдістемелік кешендерімен және оқу - әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуге;

5) Мекемені басқаруға қатысуға;

6) бір оқу орнынан екінші оқу орнына қайта алынуға және ауысуға;

7) Мекеменің спорт, оқу, акт залдарын, компьютерлік сыныптарын, кітапханасын тегін пайдалануға;

8) өз ойын жəне пікірін еркін білдіруге;

9) өзінің адами қасиетін, денсаулығын сақтауға;

10) намысын, еркіндігін  қорғауға;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кез келген басқа ақпаратты алуға;

12) оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметтегі табыстары үшін көтермелеу және сыйақы алуға құқығы бар.

55. Оқушыларды оқу үрдісінен алаңдатуға, оларды үгіт-насихат компаниялары мен саяси акцияларға мәжбүрлеп қатыстыруға жол берілмейді.

56. Оқушылар:

1) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білімді, шеберлікті, практикалық дағдыларды және біліктіліктерді игеруге;

2) ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, Жарғыда және  ақылы білім беру қызметтерін көрсету туралы шартта көзделген басқа да талаптарды орындауға;

3) өз денсаулығын күтуге, өзін рухани және жеке өздігінен жетілдіруге ұмтылуға;

4) Басқа оқушылардың, Мекеменің педагог қызметкерлері мен басқа да қызметкерлерінің ар-намысын сыйлау, оларға қатысты дөрекілік пен зорлық-зомбылыққа жол бермеуге, оқу орнының дәстүрлерін құрметтеуге;

5) сабақтан себепсіз қалмай, адал оқуға;

6) Мекеменің мүлкіне және техникалық оқыту құралдарына ұқыптылықпен қарауға, қажет болған жағдайда сыныптық жиһазға ұсақ жөндеу жұмыстарын жүргізуге, ал  мүлікті бүлдірген жағдайда ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) бірлесіп, келтірілген залалды өтеуге;

7) Мекеме қызметкерлерінің Жарғыда және ішкі тәртіп ережесімен олардың құзыретіне жатқызған бөлігіндегі талаптарын орындауға;

8) сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта (экскурсия, серуен) қауіпсіздік техника ережелерін сақтауға;

9) Мекемеде белгіленген мектептің бірыңғай киім үлгісін, сондай-ақ дене шынықтыру сабақтарында спорттық формасын сақтауға міндетті.

57. Білім алушыларға тыйым салынады:

1) мекемеге (қару, спирт ішімдіктерін, темекі бұйымдарын, улы және есірткі құралдары мен т.б.) жарылысқа және өртке қауіпті кез келген заттарды әкелуге, беруге және пайдалануға; 

2) айналасындағылар үшін қауіпті, зардаптарға әкеп соғатын кез келген іс-әрекеттер жасауға (қарым-қатынасты анықтау үшін қорқытып алу үшін дене күшін қолдануға, қорқыту, бопсалау, ұлттық, несілдік және діни араздықты тұтандыру бағытқа насихаттайтын  әдебиеттерді көрсетуге);

3) ұялы телефондарды оқу үдеріс кезінде оқытушының рұқсатынсыз пайдалануға;

4) оқу-тәрбие үдеріс кезінде мекеме әкімшілігінің және топ жетекшінің келісімінсіз Мекемеден кетуге.

58. Мекемедегі тәртіп оқушылар мен оқытушылардың адами қадір-қасиетті құрметтеу негізінде қолдау табады. Оқушыларға қатысты қара күш және психикалық зорлық көрсету әдістерін қолдануға жол берілмейді.

59. Ата-аналар (заңды өкілдер) мен Мекеменің арасындағы қарым-қатынастар осы Жарғының ережелерімен реттеледі.

Ата-аналардың (заңды өкілдердің):

1) балаларының құқығы мен мүдделерін қорғауға;

2) баланың қалауын, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру ұйымын таңдауға; 

3) Мекемені басқару органдарының жұмысына ата-аналар комитеттері арқылы қатысуға;

4) өз балаларының оқу үлгеріміне, мінез-құлқына және оқуына жағдай жасалуына қатысты ақпаратты алуға;

5) балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша  Мекеменің педагогтарымен және психологтарымен ақылдасуға;

6) мұғаліммен және мекеме әкімшілігімен келісіп, сабақтарға қатысуға;

7) шарт негізінде балаларына қосымша қызметтер алғызуға құқығы бар.

1) балаларына салауатты өмір сүруі және қауіпсіз оқуы үшін жағдай жасауға, олардың зияткерлік және дене бітімінің дамуын, адамгершілігінің қалыптасуын қамтамасыз етуге;

2) олардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты  Жарғы мен ішкі еңбек тәртібі ережесінің бөлігін орындауға;

3) ата-аналар жиналысына қатысуға,  қажет болған жағдайда оқу- тәрбие үдерісі бойынша жеке педагогикалық әңгімелесу  және нақтылы педагогикалық көмек көрсету үшін әкімшіліктің немесе мұғалімдердің шақыруы бойынша Мекемеге келуге;

4) баланың оқу орнына сабақтарға келуін қамтамасыз етуге;

5) баласы келтірген материалдық залалды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтеуге; 

6) оқушыны белгіленген үлгідегі мектеп және спорттық киімімен қамтамасыз етуге міндетті.

       59.  Мекеменің педагог қызметкерлері:

1) кәсіби қызметтің жағдайларын жасай отырып, педагогикалық қызметпен айналысуға;

2) ғылыми-зерттеу, тәжірибе-эксперименттеу жұмысымен айналысуға, педагогикалық практикаға жаңа әдістемелер мен технологиялар енгізуге;

3) білім беру деңгейіне сәйкес келетін мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартының талаптарын сақтау шартымен педагогикалық қызметті ұйымдастырудың әдістері мен түрлерін еркін таңдауға;

4) атқаратын лауазымына және мамандығына сәйкес Мекеменің қызметіне қатысуға;

5) Мекеменің қызметіне байланысты мәселелерді еңбек ұжымымен бірге талқылауға;

6) санатын арттыру, қызметтік өсу мақсатында біліктілігін арттыруға және мерзімінен бұрын аттестаттаудан өтуге;

7) өзінің кәсіби абыройы мен қадір-қасиетін қорғауға;

8) біліктілік санатына және штаттық кестесіне сәйкес кепілдендірілген жалақысын алуға;

9) педагогикалық қызметтегі жетістіктері үшін мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар, сыйақылар мен атаулы стипендиялар түріндегі моральдық және материалдық жағынан көтермеленуге;

10) Мекеме әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдеріне шағымдануға;

11) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен, сондай-ақ жалпы орта білім беру саласына қатысты өзге де нормативтік құқықтық актілермен регламенттелетін басқа да құқықтарға құқығы бар.

 60. Мекеме қызметкерлері:

1) Мекеменің Жарғысын, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, лауазымдық нұсқаулықтарын, қауіпсіздік техникасы ережелері және локалдық актілерін орындауға;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен өз функцияларын орындауда жеке жауапкершілік артуға;

3) көрсететін білім қызметінің  сапасын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес қамтамасыз етуге;

4) өзінің кәсіптік құзыреті саласында тиісті теориялық және практикалық білімге және оқыту дағдыларына ие болуға;

5) оқыту сабақтарына мұқият дайындалуға, біліктілігін арттыруға;

6) кемінде бес жылда бір рет тиісті санатқа аттестаттаудан өтуге. Әрбір бес жылдан кейін біліктілік санатын растауға;

7) оқушыларды адамгершілік рухында, ата-аналарын сыйлауға, этномәдени құндылықтарды, қоршаған ортаны ықыласпен қорғауға тәрбиелеуге;

8) оқушылардың өмірлік дағдыларын, құзыретін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттіліктерін дамытуға;

9) өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін үнемі жетілдіріп отыруға;

10) оқушылардың жеке және шығармашылық қабілеттіліктерін анықтауға және дамытуға жәрдемдесуге;

11) оқу құжаттамасын жүргізуге, бақылау жұмыстарының есептерін,  талдауларын  уақтылы тапсыруға және т. б.;

12) медициналық тексеруден өтуге;

13) салауатты өмір салтын ұстануға және оны оқушылардың арасында насихаттауға;

14) оқушылардың, олардың ата-аналарының ар-намысын және қадір-қасиетін сыйлауға;

15) педагогика әдебі нормаларын сақтауға міндетті.

61. Міндетін және педагогика әдебін бұзғаны үшін педагог қызметкер Қазақстан Республикасының заңнамасында және еңбек шартында көзделген жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

62. Еңбек ұжымы мүшелері негізгі жұмыс орны Мекеме болып табылатын тұлғалар (басшы және оның қызметкерлері). Біліктілік талаптарына жауап беретін кез келген азаматы Мекеменің қызметкері бола алады.

63.Педагог қызметкерлерді Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда,  олардың кәсіби міндеттерін орындаумен байланысы жоқ жұмыс түрлеріне тартуға жол берілмейді.

64. Мекемеде жұмыс істеуге сот үкімімен немесе медициналық қорытындымен педагогикалық қызметке тыйым салынған адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен соттылығы өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар жіберілмейді.

65. Педагог қызметкерлерге оқыту үрдісін саяси үгіттеу, діни насихаттау немесе оқушылардың Қазақстан Республикасының заңдарына және Конституциясына қайшы келетін әрекеттерге баруына тиек болу мақсатында пайдалануға тыйым салынады.

66. Педагогтардың және басқа да педагог қызметкерлердің оқу жүктемесінің көлемі оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша сағат саны, кадрлармен қамтамасыз етілу, Мекемедегі басқа да нақты жағдайлар негізге алына отырып, белгіленеді.

67. Мекеменің басшысы мен қызметкерлері арасындағы өзара қарым-қатынас еңбек шартының негізінде жүзеге асырылады. Мекемедегі еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен, сондай-ақ «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі. Еңбек шартының талаптары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

8. Мекеме қызметкерлерінің еңбек тәртібі  


70. Педагог қызметкерлердің жұмыс уақыты негізгі және қосымша сабақ кестесімен, үйірмелермен, секциялармен және басқа да іс-шаралармен анықталады.

71. Жылдық оқу жүктемесі оқу жылының басында тарификациялық тізімді бекіту арқылы белгіленеді.

 72. Ауысым бойынша жұмыс істейтін қызметкерлердің жұмыс уақыты заңнамада белгіленген нормалар шегінде бекітілген кестемен анықталады.

74. Қалған қызметкерлердің жұмыс аптасының ұзақтығы  аптасына 40 сағатты құрайды.


9. Мекемені басқару

 

 75.  Мекемені жалпы басқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған уәкілетті орган жүзеге асырады.

  76.  Әкімдік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1)       Мекеменің атына мүлікті бекітеді;     

         2)   Мекеме Жарғысын, оған енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды   бекітеді;

         3)   Мекемеге берілген мемлекеттік мүлікті немесе оның жеке шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүлікті алу және қайта бөлу бойынша уәкілетті органға келісім береді;

         4)   Мекемені қайта құру және тарату туралы шешім қабылдайды;

5)   Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

    77.   Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1)   Мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;     

2)       Мекеме мүлкінің сақталуына бақылау жүргізеді;  

         3)   Мекеменің құрылымын, қалыптастыру тәртібін және басқару органдары құзыретінің мерзімін, Мекеменің шешімдерді қабылдау тәртібін анықтайды;   

         4)   Мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздемелерін анықтайды;

5) педагог қызметкерлерге бірінші, жоғары , сарапшы-педагог, зерттеуші-педагог, шебер-педагог біліктілік санаттарын береді және растайды;

         6)   Мекеменің құрылымын және шекті штат санын  бекітеді;

         7)   Мекеме қызметінің басымдық бағыттарын айқындайды;

         8) мемлекеттік мекеме басшысының ұсынымы бойынша оның орынбасарын (орынбасарларын) лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

         9)   жылдық қаржы есебін бекітеді;     

10)Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

         78.   Мекеме басшысы қызметке  конкурстық негізде тағайындалады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Уәкілетті орган оны қызметтен босатады.

 79. Мекеме басшысы Мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, Уәкілетті органға тікелей бағынады және Мекемеге жүктелген міндеттерді орындауда және оның өз функцияларын жүзеге асыруда жеке жауаптылық артады.

80.  Мекеме басшысы Мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетті ұйымдастыруға дербес жауаптылық артады.

81.  Мекеменің басшысы жеке-дара қағидаттарында әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасымен,  осы Жарғымен айқындалатын өз құзыретіне сәйкес Мекеме қызметінің мәселелерін дербес шешуді жүзеге асырады.

    82.   Мекеменің қызметін жүзеге асыру кезінде Мекеме басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1)       Мекеменің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;     

2)       мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Мекеменің мүддесін қорғайды; 

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектерде Мекеменің мүлкін басқарады;  

4)   шарттар жасайды;     

5) сенімхаттар береді;   

6) Мекеме қызметкерлерінің іссапарлары, тағылымдамалары бойынша, қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқуы және қызметкерлердің біліктілігін көтерудің өзге түрлерінің  тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

7)   Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық органдарында есеп-шотын ашады;     

8)   Мекеменің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;  

9)      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шарттарын бұзады;

10)    Мекеменің қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының   заңнамасында белгіленген тәртіппен көтермелеу шараларын және тәртіптік жаза қолданады; 

11)     өз орынбасарының (орынбасарларының) және Мекеменің өзге де басшылық ететін қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктері аясын белгілейді;

12) Мекеменің сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуі бойынша шаралар қабылдайды;    

13) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Жарғымен және әкімдіктің өзіне жүктеген  өзге де функцияларын жүзеге асырады.

Мекеменің алқалық басқару түрлері:

1) Педагогикалық кеңес;

2)Қамқоршылық кеңес;

3) Әдістемелік кеңес.

      83.    Педагогикалық кеңеске Мекеменің басшысы мен оның орынбасарлары, оқытушылар енеді, Мекеменің қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асырады.

Педагогикалық кеңестің құзыретіне мыналар жатады: оқу жоспарлары мен бағдарламаларын бекіту, педагогикалық қызметтің негізгі бағыттарын анықтау, жеке оқу жоспарларын бекіту, оқушыларды келесі сыныпқа көшіру, оқушылардың үлгерімі, мінез-құлқы және аттестаттау мәселелерін талқылау, мемлекеттік мекеменің педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, олардың шығармашылық бастамаларын дамыту,  алдыңғы қатарлы тәжірибелерді тарату, педагог және басқа қызметкерлерді әртүрлі ынталандыруларға ұсыну бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.

84. Қамқоршылық кеңесі еріктілік, тең құқылық, жариялылық пен алқалық принциптерімен қызмет ететін Мекемені басқарудағы стратегиялық орган болып табылады.

Қамқоршылық кеңесі Мекемені дамыту және тиімді қызмет етуіне көмек көрсету, елорда деңгейінің білім беру, ғылыми және мәдени орталығы ретінде елорданың қоғамдық-саяси өмірінде Мекеменің рөлін арттыру мақсатында құрылады. Қамқоршылық кеңес қоғамдық-кеңес беру органы ретінде жұмыс атқарады, Мекемені болашақта дамыту мәселелерін шешуге қатысады.

85. Мекеменің Қамқоршылық кеңесінің мүшелері қатысуы мүмкін:

1) Мекемені дамытуға бағытталған шараларды әзірлеуге және іске асыруға;

2) Мекеменің Педагогикалық кеңесінің отырыстарында;

3) Мекеменің басқада басқару органдарының жұмысына.

Қамқоршылық кеңестің негізгі міндеті өз құзыреті шегінде Мекеменің әкіімшілігіне көмек көрсету болып табылады. 

Қамқоршылық кеңестің өз құзыретіне жатады:

1) оқушылардың ата-аналарымен жұмыс жүргізуде Мекемеге көмек көрсету;

2) мектепішілік іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге көмек көрсету;

3) Мекемеге материалдық қолдау мәселелерін шешу;

4) қаржылық мәселелерді шешу, яғни ата-аналардың жарналары бойынша смета шығындарын бекіту, ата-аналардың жарналарын жұмсауға қамқоршылық кеңестің ревизиялық комиссиясының бақылауға алуы және басқада қаржылық-материалдық мәселелерді шешу;

5) педагогикалық кеңеспен бірлесіп оқушыларды көтермелеу және жазаға тартумен байланысты мәселелерді шешу.

86. Әдістемелік кеңес ғылыми-әдістемелік тұрғысынан оқу үрдісін қамтамасыз етеді, практикалық-эксперименттік бағытта педагогикалық ұжымның қызметтерін дамытады және әдістемелік бірлестіктердің жұмысын қарастырады. 

Мекемеде жыл сайын Мекеме басшысының бұйрығымен педагог қызметкерлерді олардың кәсіби қызметі ескеріле отырып, аттестаттаудан өткізетін аттестаттау комиссиясы құрылады.


10. Мекеменің мүлкін ұйымдастыру және қызметін қаржыландыру тәртібі

90. Мекеменің   мүлкін   заңды  тұлғаның активтері құрайды, оның құны

балансында көрінеді. Мекеменің мүлкі мыналар:   

1) оған құрылтайшының берген мүлкі;     

2) өзінің жеке қызметінің нәтижесінде сатып алынған (ақшалай табысты қоса алғанда) мүлік;  

  3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздердің есебінде қалыптасады.     

  89. Мекеме өзіне бекітілген мүлікті және өзіне смета бойынша бөлінген  қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілімен билік етуге құқығы жоқ.

  1. демеушілік және қайырымдылық көмек, өтемсіз аударымдар мен қайырымдылықтар, гранттар болып табылуы мүмкін.

  91. Мекеменің қызметін жергілікті бюджет әкімдігі қаржыландырады.

  92. Мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.

  93. Мекеменің қаржы-шаруашылық қызметін тексеру және ревизиялау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

  94. Мекеме уәкілетті органның алдында оған бекітіліп берілген мүліктің сақталуына және тиімді пайдалануына жауаптылық артады.

  95. Мекеменің халықаралық ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының заңнамасы және халықаралық шарттар негізінде жүзеге асырылады.

  96. Мекеме білім беру саласындағы Уәкілетті органның келісуімен  өз жұмысының ерекшелігіне сәйкес шетелдік білім беру, ғылым және мәдениет ұйымдарымен, халықаралық ұйымдар және қорлармен тікелей байланыс орнатуға, ынтымақтастық туралы екі тарапты және көп тарапты шарттар жасауға, оқушылармен, педагог және ғылыми қызметкерлермен алмасуға, халықаралық бағдарламаларына қатысуға, білім беру саласындағы халықаралық үкіметтік емес ұйымдарға (ассоциацияларға)  кіруге құқығы бар.

12. Құрылтай құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар

енгізу тәртібі

 97. Мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу әкімдіктің шешімімен жүргізіледі.

 98. Мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі. 

13. Мекемені қайта құру және тарату шарттары

99. Мекемені қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.











 
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)
-->