Меню KDT
МЕНЮ
Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы №44 орта мектебінің сайтына қош келдіңіздер!

  

Директор: 
Култаева Ляззат Муханбетовна

        

Азаматтарды қабылдау күндері:

Сейсенбі

11:00-13:00

Бейсенбі

17:00-19:00

   
Директор блогы
 
Кері байланыс


 

 

введите текст

LS
Пәні: Қазақ тілі мен әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Қазақ телевизиясы
Пән мұғалімі: Касенева А.С.
Сыныбы: 9 "В"
Күні: 22.12.2022ж.




LS
Пәні: Ағылшын тілі
Сабақтың тақырыбы: Infinitive and Gerund
Пән мұғалімі: Майер А.Г.
Сыныбы: 7 "А"
Күні: 19.12.2022ж.




LS
Пәні: Қазақ тілі мен әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Журналист - асыл іздеуші
Пән мұғалімі: Смаилова А.Б.
Сыныбы: 9 "А"
Күні: 20.12.2022ж.




LS
Пәні: Физика
Сабақтың тақырыбы: Сложение сил действующих на тело вдоль одной прямой. Равнодействующая сила.
Пән мұғалімі: Кулькеева А.Б.
Сыныбы: 7"А"
Күні: 19.12.2022.


LS
Пәні: Ағылшын тілі
Пән мұғалімі: Жексенбаева М.Т.
Сабақтың тақырыбы: "Charity in Kazakhstan"
Сыныбы: 9"В"
Күні: 15.12.2022.



LS
Пәні: Қазақ тілі мен әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Еңбек етсең ерінбей....
Сынып: 7"А"
Пән мұғалімі: Калдыгозова А.Н.
Күні: 14.12.2022.




LS
Пәні: Физика
Тақырыбы: Дененің салмағы. Салмақсыздық
Сынып: 9"Ә"
Пән мұғалімі: Жапабаева А.А
Күні: 14.12.2022.




LS
Пән: Алгебра
Тақырыбы: Геометрическая прогрессия
Сынып: 9"В"
Мұғалім: Жамантаева С.А.
Күні: 12.12.2022.




LS
Пәні: Ағылшын тілі
Тақырыбы: Sport stars
Сынып: 8"В"
Мұғалім: Сурпкелова Б.Х.
Күні: 12.12.2022.





LS сабағы

Сынып: 9 "А"
Пәні: Биология
Пән мұғалімі: Касенова Б.Г
Сабақтың тақырыбы: Типы и функции нейронов. Моделирование "Строение нервной ткани".
Күні: 01.12.2022ж



LS сабағы
Сынып: 9 "Б"
Пәні: Русский язык и литература
Пән мұғалімі: Куюкова А.Н.
Сабақтың тақырыбы: М.Шаханов "Отрарская поэма о побежденном победителе или Просчет Чингисхана"
Күні: 01.12.2022ж




LS сабағы
Сынып: 8 "В"
Пәні: Русский язык
Пән мұғалімі: Купенова Б.Ш.
Сабақтың тақырыбы: Выбор профессии
Күні: 01.12.2022 ж.
#lessonstudy #44ortamektep




LS сабағы
Сынып: 7"А"
Пәні: География
Пән мұғалімі: Байсалова М.Б.
Сабақтың тақырыбы: Гидросфера и ее составные части
Күні: 01.12.2022 ж.
#lessonstudy #44ortamektep






LS сабағы
Сынып: 9 "А"
Пәні: Алгебра
Пән мұғалімі: Нуркеева А.О.
Сабақтың тақырыбы: Арифметическая прогрессия
Күні: 30.11.2022ж



LS сабағы
Сынып: 8 "В"
Пәні: Информатика
Пән мұғалімі: Байжанова Г.Д.
Сабақтың тақырыбы: Статистические данные.
Күні: 29.11.2022 ж.
#lessonstudy #44ortamektep



LS сабағы
Сынып: 9 "Б"
Пәні: Биология
Пән мұғалімі: Зампай Қ.
Сабақтың тақырыбы: Тірі ағзалардың бөліп шығару өнімдері
Күні: 29.11.2022ж





LS сабағы

Сынып: 9 "Б"
Пәні: Қазақстан тарихы
Пән мұғалімі: Мусина Ж.Н.
Сабақтың тақырыбы: Тоқырау жылдарындағы демографиялық процестер
Күні: 28.11.2022ж
#lessonstudy #44ortamektep



LS сабағы
Сынып: 8 "В"
Пәні: Қазақ тілі мен әдебиеті
Пән мұғалімі: Маханова Ж.С.
Сабақтың тақырыбы: Еңбек - ырыстың бұлағы.
Күні: 28.11.2022 ж.
#lessonstudy #44ortamektep





Мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал ету және соның негізінде оқушыларға білім алуға көмектесу мақсатында былтырғы оқу жылынан басталған «LESSON STUDY» үдерісі 2022-2023 оқу жылында да жалғасын тапты. Сабақты зерттеу жұмыстарының 1 КЕЗЕҢІНІҢ жоспары бекітіліп, кестеге сәйкес 5-11 сыныптар аралығында сабақтар өткізілуде. Аталған зерттеу жұмыстарын директордың орынбасары А.А.Жакенова мен мектеп ұстаздары бірлесе атқаруда.
Пән: Алгебра
Сыныбы: 9 «Ә»
Пән мұғалімі: Нурханова М.Х.
Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысын есептеу формуласы
Күні: 23.11.2022.



17.11.2022 ж бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігі мұғалімдерінің 2022-2023 оқу жылындағы Lesson Study жұмыстарын одан әрі математика пәнінен 3 Ә сыныбында Жикишева Құралай Ерликовна және Жумабаевава Кенжегүл Муханбетжановна жалғастырды.

Бүгінгі ашық сабаққа Астана қалалық әдістемелік орталықтың бастауыш сыныптар әдіскері Нұржамал Каримбердиевна Әзімбай қатысып аталған сабаққа жақсы баға беріп мұғалімнің жетістіктеріне тоқталып, сабақ құрылымы,мақсатқа сай өткенін нақты айтып өтті.Мұндай жетістіктердің үлесі директордың орынбасары мен мектеп директоры Л.Мұхамбетовнаның еңбегінің жемісі екенін тілге тиек етті.

 

 
  






14.11.2022 жылы бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігі мұғалімдерінің бастамасымен 2022-2023 оқу жылындағы алғашқы Lesson Study жұмыстарын сәттілікпен бастады.Алғашқы болып пән бірлестік жетекшісі Абдиганиева Салтанат Жанбаевна Ашық сабақты өте шеберлік деңгейде өткізді.
  
 


«Зерттеу сабақтарында белсенді әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру» қалалық семинар

2022 жылғы ақпан айының 25-і күні Нұр-Сұлтан қаласының №44 орта мектебі және Білімді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен зерттеу сабақтарында белсенді әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру, тәжірибе алмасу мақсатында қалалық семинар өтті.
Аталмыш іс-шараны БЖО әдіскері Маманова Жанар Сейдахметқызы бастап, №44 орта мектеп директоры Л. Култаева "Lesson Study – оқыту мен оқуды жетілдірудің тиімді тәсілі" тақырыбы бойынша сөз алды.
Іс-шараны әрі қарай Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.А. Жакенова "Тәжірибе+Рефлексия=Даму" деген тақырыпта мектепте жүргізіліп жатқан зерттеу жұмыстарына тоқталып кетті.
Мектеп оқушылары «Көркем сөз – көңіл тілі, жалаң сөз – зейін тілі» тақырыбында Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолына арналған әдеби композициялық қойылымын ұсынды.
Мектеп психологы Момынқұлова Динара Махамбетовна семинарға келген мұғалімдермен «Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.
Аталмыш семинардың тәжірибелік бөлімінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 5 сабақ көрсетілді. Зерттеу сыныптарында ұйымдастырылған сабақтарда А.,В.,С деңгейіндегі оқушыларды бақылаушылар нақты зерделей алды. Мұғалімдердің таңдап алған әдіс-тәсілдері сабақта оқушылардың тілдік дағдысын жетілдіруге жұмыс жасады.





LESSON STUDY сабағы. 24.02.2022 ж.
6 "Ғ"сынып.
Пән: Жаратылыстану.
Сабақтақырыбы: Энергия алудың баламалы көздері.
«LESSON STUDY» САБАҒЫ



       Қазіргі заман талабы жаңартылған білім мазмұнын жүзеге асыру дәстүрлі сабаққа деген көзқарасты түбегейлі өзгертіп, сабақ беру тәсілін тың бағытқа бұрды. Сондай бағыттың бірі «LESSON STUDY» САБАҒЫ.
«LESSON STUDY» мақсаты: мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал ету және соның негізінде оқушыларға білім алуға көмектесу.
«LESSON STUDY» мұғалімдер арасында ашық, кең диалогтың болуына, өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салуға жетелейді, ұжымдық мәдениет пен кәсіби дамуға тәрбиелейді. Осы үрдістерді жетілдіру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының №44 орта мектебінде оқу жылының басында аталған бағыт бойынша жүйелі жұмыстар басталып кетті. Мектепте 14 фокус топ құрылды. Оның 4 тобы бастауыш сыныптар аралығында болса, қалған 10 фокус топ орта, жоғары сыныптарды қамтыды. Жоспарға сәйкес, 2021 жылдың 17.09.-21.12. аралығында 1 циклге жоспарланған 42 сабақ берілді. Жүйелі жоспарланған жұмыстар оқушылардың білім сапасының артуы мен мұғалімдер арасындағы командалық қызметті жетілдіруге ықпалын тигізді. «LESSON STUDY» тәжірибелі мұғалімдермен қатар, жас мамандардың да кәсіби жетілуіне көмектесті. Себебі бірлесіп жоспарлау, талдау, бақылау-бағалау арқылы оқыту бойынша бірлескен пікір қалыптасты. Бұл жағдайда «LESSON STUDY» барысында зерттелген сабақты дәстүрлі жоспарланған сабақпен салыстыру жүзеге асты. Бұл дәстүрлі сабақта ескерілмеген жағдайларды аңғартуға түрткі болды және сабақты толықтыруға, түзетуге мүмкіндік берді.




Ашық тәрбие сағаты

 Тақырыбы: «Әліппеге мың алғыс!!!»

Пәні: «Әліппе» 

Сыныбы : «1 Ә»  

Сынып жетекшісі: Бидахметова А.С

Мақсаты: 1. Оқушылардың әліппеден алған білімнің тәрбиелік мазмұнын ашу.

    Отан  сүйгіштікке тәрбиелеу.

  1. Көрнекілігі: Шарлар ,ұнтаспамен демеу,тақырыбы, көрнекі суреттер.

  Ұйымдастыру  кезеңі.

Мұғалім:Сәлеметсіздер ме,құрметті ата-аналар және ұстаздар!

Бала біздің болашағымыз ,еліміздің ертеңі.

Сол ертеңгі ел тізгінін ұстап ұрпағымыздың белі бесіктен шықпастан бастап жақсылыққа баулу,бойына ізгілік нұрын себу бүгінгі біздердің  ұстаздардың,ата-аналардың міндеті.

Бүгін біз үшін,сіздер үшін бір үлкен мереке.

Балалардың ең алғашқы биік белеске шығаратын сыны ол "Әліппе".

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар

  • Жүздеріннен мейірім мен нұр тамар

Алдарында жауқазындай құлпырған

Бұл балдырған, балғын өмір балалар .

Көз тойғысыз қазағымның жері бар.

Ну орманы, тауы, өзені, көлі  бар.

Қазағымның жерін елін қорғайтын

Жас жеткіншек ұланы бар ,елі бар.

Жас жеткіншектеріміздің бүгінгі күні ерекше

Бүгін мереке, бүгін той,хат танып , сауатын ашқан балапандарыңыздың әліппені ренжітпей алғысымызды айту кешімізге қош келдіңіздер!

Түлкі: Бұл не деген ғажап ? Бұл не қылған мереке?

Қыз: Түлкі бұл жерді менде білмеймін , бұл бір ерекше жер екен , мұнау қай жер.

Сиқыршы : Бұл мектеп қой, соны да білмейсіңдер ме?!  Бүгін үлкен салтанат , бүгін үлкен мереке .

          Әліппемен қоштаспақ

         Әріптерді таныған

         Өңкей білгіш балдырған

         Құтты болсын мереке!

         Құтты болсын мереке!

Түлкі: Иа, керемет ендеше келген қонақтарға сәлем берелік.

Хормен: 

              Армысыздар ата-аналар,ұстаздар

Біліммен , тәрбиемен сусындатқан

Бас иеміз алдарыңда баршаның

Дүбірлеткен тойды ашайық

Тойға шашу шашайық  (гүлден шашу шашу)

Сиқыршы : Ендеше, дуылдатып соғылған шапалақпен 1Ә сынып оқушыларын ортаға шақырайық.(көңілді музыкамен бүлдіршіндерді ортаға шақыру)

Вальс «Әліппеме мың алғыс»

Сиқыршы:

 Міне, тамаша  балалар

Өскен міне бойлары

Өскен міне ойлары

Қоштасатын бігінгі

Өңкей білгіш балдырған

Құтты болсын тойларың !

Құтты болсын тойларың!

Түлкі:

    Кел балалар күлейік!

     Күлкіменен түлейік !

     Күлкімізді күн қылып

     Гүл өссін деп тілейік!

Ертегі қыз : Ал балалар сендер бізді танисыңдарма ?!

Балалардың жауабы: «Ертегі елінен келген қонақтар.»

 «Ән. Ертегілер әлемі  Аяулым .»

Ертегі кейіпкерлері : Тамаша балалар . Ертегі елінің қонақтарымыз. Сендерді көріп қуанып тұрмыз!

Біз де сендер сияқты болғымыз келеді.

Көмектесіңдерші бізге балалар. Бізде оқығымыз келеді.

 1-оқушы:  Нұршуақ . 

 Оқу елге керек пе,

 Керексіз бе,болды дау .

 Жарсап сонда әлемге

 Соғылды бір қоңырау

 Ол  Ыбырай атаның

 Қоңырауы болатын

 Жарық еткізіп әлемді

 Күнде келді қуаныш !

2-оқушы:   Мадияр, Олжас.

               Кел, балалар , оқылық

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық

Оқысаңыз балалар

Шамнан шырақ жағылар

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ак табылар.

Сиқыршы: Сендер қандай ақылдысыңдар , білімдісіңдер ,жаза аласыздар,оқи аласыздар бұл деген тамаша!

Балалар ендеше ортаға сүйікті досымыз "Әліппені" шақырайық .

Хормен:"Әліппе, Әліппе,Әліппе!"

«Әліппе музыка әуенімен ортаға келеді.»

Әліппе:   Армысыздар,жас достар !

 Армысыздар , ата-ана!

 Болашаққа жол бастар ,

 Әліппең келді ортаға

 Білім деген ғажаптың ,

 Әліппесін меңгерген

 Келешегі қазақтың

 Басталады сендерден !

 Жақсы білім - көрімдік

 Болсын сізге халайық

 Не үйрендік,не білдік

 Кәне, ортаға  салайық!

Сиқыршы:  Сенің нұрың сөнбесін

Ашық аспан жарық күн

Келешегі сөйлесін ,"Қаражорға"

Қазақ деген халықтың!

Би: « Қаражорға»

Әліппе : Құтты болсын тойымыз.

Жарайсыңдар ,өнерлі екенсіндер .

Сұраққа жауап беру: Қазақ балаларына  ең алғаш мектеп  ашып, әріп танытқан кім?

 Хормен : « Ыбырай Алтынсарин»

Әліппе:Балалар біздің қазақ әліпбиінде қанша әріп бар ?

Хормен: 42 әріп бар

Әліпбиді хормен жатқа айту.

Әліппе туралы тақпақтар :

1-оқушы:Әкежан.

                               Ассалаумағаликум , уа халайық!

               Арысыздар аналар ,

               Бармысыздар балалр

               Сөзіме құлақ салыңыз

              Бір серпіліп қалыңыз

              Әліппеге арналмақ

              Бүгінгі жыр, әніміз!

Ән « Бала тілегі»

2-оқушы: Ерхан

                   Әліппе сенің сырласың,

                   Әліппе досың болады

                   Әріптердің шұғыласы

                   Дәптеріме қонады.

                   Айтқан сөзді  құпта да

                   Ұстазыңды құрметте

                  Дәптеріңді күт бала

                  Дәптеріңді кірлетпе !

3-оқуша: Мадина

                 Әліппе менің әліппем

                  Сені қолға алып мен

                  Есігін аштым  білімнің

                  Ертеңгі сәуле жарықпен!

                  Әліппем менің әліппем!

                  Өмірді келем танып мен

                  Қайталап айтам мың рет

                 Өзіңе көп-көп рахмет!

                  Өзіңе көп-көп  рахмет!

4-оқушы: Бексұлтан.

                     Әліппені бітірдім

                    Жаза  аламын атымды

                   Әріптерді үйрендім

                   Бала болдым ақылды.

5-оқушы: Алихан

              Ізгілікті ойға тоқитын               Шәкірт  боп  үздік оқитың

              Әліпе атты кемемен

              Кеземін білім мұхитың

              Оқитың әрі жазатың

              Білімге қол созатын

              Оқушы болдық сауатты

              Білімнің тегін қазатын!

6- оқушы: Аяулым

           Ең алғаш алғанымда  Әліппені

            Қызығып қарай бердім әріптерді

            Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді?

             Ұстазым оның кілтің алып берді

              Енді біз жаза білеміз

              Әріпті қосып әріпке

                  Риза боп сізге жүреміз!

                  Сүйікті біздің «Әлеппе»!

                  Әліппем менің «Әліппем»!

Ән: «Әліппе»

Әліппе :    

               Іші толы әріпке

                Білімдегі жарық не?

Оқушылар : 

                    Болашаққа жол ашар ,

                      Ол сүйікті әліппе.

Әліппе: 1) Ал сүйікті әліппелеріндегі дыбыстар нешеге бөлінеді ? (жауап)

            2)Дауысты дыбыстар дегеніміз не?

               3)Дауыссыз дыбыстар дегеніміз не?

Мақал-мәтел жалғастыру

  1. Білім -өмір шырағы

Білімді мыңды  жығар

Алтын күміс тас екен.

 ///  Жұмбағым  бар  жасырар , кім тапқыш?

   1 Жаза , жаза жалықпаған.

      Жаза, жаза арықтаған.  (Бор)

     2  Алты   қырлы , алты сырлы .(Қарындаш)

        3  Қабат-қабат қаттама,

            Ақылы  болса  аттама.  (Кітап)

               Үйреткен  ілімді,  42білімді. ( Қазақ  әліпбиі)

                  Тапқыр екенсіңдер  балалар.Жарайсыңдар!

Сиқыршы: Әліппе деген  алтын  жол 

               Апарар сені  алысқа,

               Жеңіл емес ауыр жол.

               Тырысып бақ намысқа.

Түлкі: Мекткпте кімдер оқиды, балалар?

Оқушылар: Біз! Оқушылар.

Түлкі:  Осындай  бақытты  тұрмысқа жеткізген кім?

Хормен:  Мектеп, мұғалім, ата – ана. 

Ән: «Ата-анаға алғыс»

Әліппе :  Ал , балалар көрсетіңдер  кәнеки

             Қандай біз баламыз!

             Сыйлап ата- ананы.

           Сәлем берген  баланы

           Кім  дейміз!

Хормен:  Біз әдепті  дейміз.

Әліппе: Әдепті  екен бұл дейміз.

          Кітап , дәптер  қаламы

          Кір шалмаған баланы ,

          Күнде  оқып  сабақты  , 

          Кілең бестік  алады.

          Кім дейміз бұл баланы

  Ән: Озат оқушы

 Әліппе: Сендерге  мен  ризамын  көп нәрсені  үйренген  екенсіңдер .

Жалқау болмай  көп еңбектеніңдер  балалар!

 1-оқушы  Әліппе  даңғыл жол ашты

             Жаңадан  пәндер  жалғасты

             Әліппе сарын ашатын

             Рахмет  ұстаз  алғашқы

     Ән: « Мұғалім  ол  біздің »

     Хормен : Таныстырған  42 әріппен

                Қош бол, менің қасиетті  «Әліппем»

                Сенің арқаң оқи , жаза  білгенім

                Саутты  адам  санатына кіргенім

1-оқушы   Ажар

           Қош болып тұр , әліппе  анамдайсың

          Жақсы  бол деп, біздерге  алаңдасың

          Мен  үйреткен әріптің құдыретімен

          Дейсің бізге кірпіш боп қаланғансың

 2-оқушы   Айнұр

       Желтоқсанға жеткенде

       Әліппені бітеміз,

       Ана тілін күрделі

       Оқуда біз күтеміз!!!                   

 3- оқушы  Жанель

      Әліппені бітіріп

      Есейіп біз қаламыз

      Ешкімге енді жалынбай

      Кітап оқи аламыз!!!

 4- оқушы  Томирис

     Әліппемен әндетіп

     Қоштасамыз арнайы

     Бестік баға аламыз

     Қуанып біз қаламыз

Ән : «Қош бол Әліппе !!!»

Әліппе: Төрт ай бойы дос болдық, білім нәрін сепкен мен Әліппемін

Рахмет мені таза ұстадындар, ризамын құрметті шәкірттер !!!

Менгердіңдер , болмадық босқа тер

Ана тілі досым бар,

Сендерді жетелеп әкетер!!!

Менің сіздерге тілегім, жаңа достарыңды

Мендей сүйіп ,мендей құрметтеңдер!!!

Сау болыңдар балалар, тек беске оқындар!!!

( Әліппе кетеді балалар сау бол айтады)

Ана тілі: Сәлем ойшыл достарым

           Терең білім ой салам

           Риза саған бәрі де

           Ана тілін сүйіңдер

           Ана тілге бас иіндер!

Ал балалар сендер не үйрендіңдер??? ( Балалардың жауабы)

-         Біз болашақта

-         Түрлі сайыстардың жеңімпазы

-         Білім биігіне шығатын

-         Білім мен ғылымды ұштастыратын

-         Адал,Еңбекқор,Парасатты азамат болып өсуге

уәде береміз!!!

 Ертегі қыз: Жүздеріңнең көрем шаттық арайын

              Болсын солай әрбір күнің әр айың

              Тойларыңыз құтты болсын ата-ана

              Тойларыңыз құтты болсын ағайын

(Құтықтау сөзі мектеп басшылары мен ата-аналарға беріледі)

 Ана тілі:      Ана тілі- ұраным

                  Ана тілі құралым

                  Ана тілі болмаса

                  Болмас еді Отаным

                  Ана тілі арын бұл

                  Ұятын боп тұр бетте

                  Өзге тілдің бәрін біл

                  Өз тіліді құрметте !!!

 Хормен:Алу үшін жаңа білім, ардақтаймыз Ана тілін!!!!

         Бәрің өнерлі, білімді шәкірт екенсіңдер

           Меніде  өте жақсы оқуларыңызға тілектеспін!!!

Ағылшын тілінде қойылым

Сиқыршы: Астана қаласының №44 орта мектебінің 1 «Ә»сынып оқушылары

Талап, еңбек , терең ой, қанағат,

Рахым ойлап қой- деп жырлағандай осы бес қасиет  бойымызға дарытып

Астана қаласының оқушысы деген атқа лайық  болатындарыны сенеміз!!!

Астананы білімімізбен гүлдендірейк балалар « Гүлдене бер Астана»

 Ана-тілі Бата береді:  Cағаттың жаңылма деп есебінен

                             Өзің  оян , өзің тұр төсегінен

                            Дер кезінде  тамақтан

                            Кешікпей кел сабақтан

                            Оқуда зейінді бол

                            Кір шалмасын  беттерін

                            Таза болсын дәптерің

                           Күнделіктерің  беске  толсын!

                                (Әумин)

   Сыйқыршы, Түлкі,  Ертегі қыз

           Балардың білімі  қуатты болсын!

           Денсаулығы мықты болсын

           Білімдерін  әрі қарай дамытатын,

           Ерінбейтін  еңбекқор  күшті болсын!

Сау болыңдар  балалар!. Біз енді ертегілер еліне ораламыз.

  Біз сендермен мәңгі біргеміз!

Аяулым

         «Әліппе мың алғыс «  атты  мерекеміз аяқталды.

          Уақыт бөліп  келгендеріңізге  көп- көп  рахмет!

 

        

          

Тақырыбы:  «Сыйласаң-сыйлы боласың»

 Пәні: «Өзін-өзі тану»

 Сыныбы : «1 Ә»  

Сынып жетекшісі: Бидахметова А.С

    Өзіңді сыйласаң-сыйымды боласың

    Халық  даналығы

Мақсаты:<Сыйластық> ұғымының   адамгершілік  құндылығы  ретіндегі  маңыздылығын ашу.

Міндеттері:

      -дос,туыс,жақын  адамдар арасындағы өзара сыйластық  туралы түсініктерін  кеңейту;

       -дос, туыс,  жақын адамдарына деген сүйіспеншілігін арттыру;

      - достық, туыстық, сыйластық  қарым –қатынас  жасай білуге           тәрбиелеу.

Көрнекілігі: сюжетті суреттер, слайд,гүлдер.

                                Сабақтың  барысы:

Шарттық шеңбері:

Сәлем бердім , бас иеміз сіздерге!

Мұғалім:Жақсы балалар бүгінгі күн ерекше!Қуаныштымын мен сендерге!

Оқушылар:    Қуанамын  мен де

                              Қуанасың сіз де

                              Қуанаду достарым

                              Қуанады ата-анам

                            Қуанады  ұстазым

                           Сыпайы болсам мен де!

                           Арайлап атсын күн де!

Мұғалім:Ауада жүрек жасап бір –бірімізге сыйлайықшы балалар.

( Рахмет сізге)

 Мұғалім:Жақсы балалар. Сыпайы болу  үлкенді сыйлау, кішіге құрмет көрсету ,сыйлау, жақсы болу өз  қолымызда.

Хормен:Сен-десек анайы

Хормен:Сіз-деген сыпайы.

Таңдау сіздерде!(хормен Сіз)

Сіз- сыпайы  болуға шақырамын!

Гүл шоғын сыйлау . Тілек шеңбері!

Сіз сөзін  пайдаланып бір-бірімізге  гүл шоғын сыйлап көрейік!

(Сіз сондай әдемісіз, рахмет сізге  т.б)

Түзу тұрып: Үлкенге де сіз(оң қолын созу)

                      Кішіге де сіз (сол  қолын созу)

                     Барша жанды құрметтеп(кеудесіне қою)

                   Бас иеміз біз!( бас иеміз!)

Мұғалім: Бас иіп  . Жақсылықтан үйреніп

                 Боламыз  біз жақсы адам.

                Жамандықтан  жиреніп

             Үлгі  аламыз  жақсыдан.

Иә, балалар  үлкенді сыйлау кішіні сыйлау – сыпайлықтың белгісі.

Бүгінгі сабағымыз «Сыйласаң сыйлы боласыз!»

Оқулықпен жұмыс

Ән: «Ертегілер әлемі»

«Үш ұл ертегісі»

Көзімізді  жұмып ертегі еліне  саяхатқа шығамыз.

Мәнерлеп оқып беру(түсінік  айту)

Сұрақ-жауап.

Қарияның  жауабын қалай түсінуге болады?

Үшінші бала қандай?

(Оқушылардың жауабы...)

Анасын сыйлайды.

Сыйластық қайдан  бастау алады?

Отбасы     мектеп     көшеде

Кімдер?     кімдер?    кімдер ?

                                         нелер?

 Слайд «Ойын» қай топ алғыр.

Суретпен жұмыс жасау.

Ойын «Сыйластық қол шапалағы»

Сыйластықты білдіретін және білдірмейтін сөздерді ажырату

  Қол  соғу, алақанды екі жаққа жаю  «Дұрыс» « Бұрыс»

-Үлке кісіге бірінші болып сәлем беру.

-Кісілерді жәбірлеу.

-Үлкен кісінің айтқанын тыңдау.

-Үлкендердің сөзін бөлу.

-Сыныпта сабақ кезінде  тұрып жүру.

-Мұғалімнің айтқаның мұқият тыңдау.

-Қызды итеріп жіберу.

-Үлкенге жол беру.

-Досыңа дөрекі сөйлеу

- Сабақ  үстінде сөйлеу.

-Есіктен бірінші болып шығу үшін бәрін итеру.

-кешірім сұрау.

-Теуіп жеберу.

Мұғалім:Бәрін  жақсы  біледі екенсіңдер, рахмет сіздерге!

Сыйластықтың сиқырлы тобы

Сыйластық дегеніміз не?

Дәптермен жұмыс. Ребусты шешу.

Достым  «Досыңды тап ойыны»

Оқушының көзін байлау дауысы арқылы кім екенің табу.

Сыйлауға арналған  сөз айту.

Кешіріңіз, регжімеңіз, мархабат, рахмет, Алғыс айтамын!

Топ жарысы:Сыйлау сөзін кім көп біледі ?

Мұғалім:  Маған да ,сізге де  жақын алты адам  бар, олар кімдер?

Ұстаз, ана, әке, дос, ата,әже.

 «Осы адамдарға гүл шоғын сыйлаймыз!»

Біруін ғана жазамыз! «Ата ,әже, әке, ана ,ұстаз, дос»

Гүл шоғының арасына жазу.

Сіздер сыйлайтын қаншама  жақын адамдар бар,сіздер сыпайы, бақытты балаларсыңдар .

Оқушылар:    Барша жанды құрметтеп

                          Бас иеміз біз!

Ән: «Бала тілегі»

Мұғалім: Бүгінгі қызықты сабақтарыңыз үшін рахмет!

 

  

Сабақтың тақырыбы: Қош келдің, алтын күз!

Сабақтың мақсаты: Күз мезгілінің ерекшелігін, дәрумендердің пайдасы. Жеміс жидектерді сүюге, күз мезгілі туралы білімдерін тереңдете отырып, ондағы еңбекті және табиғатты сүюге, қорғауға шақыру.

Сабақтың көрнектілігі: сыныпты безендіру, күз мерекесіне арналған суреттер, қанатты сөздер, гүлдер, интерактивтік тақта.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім:   Күз халқымның ежелден берекесі

                    Жерден ғой адамзаттың несібесі

                    Тойлаймыз бүгінгі күз мейрамын

                    Алтын күз құтты болсын мерекесі – дей отырп, Қош келдің алтын күз – атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Сөз кезегі сіздерге (оқушылар) шәкірттерім

1-жүргізуші:

Аяулым:  Келді міне алтын күз

                  Сары шашты жарқын жүз

                  Мол өнімді ісімен

                  Таңдандырып халқын күз

 Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздер ме,  қадірлі қонақтар. Бүгінгі берекелі де, ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз!

2-жүргізуші:

Әкежан:   Ал балалар, балалар

                   Қоңырқай күз болыпты

                   Құрғап жапырақ солыпты

                 Ел егінін орыпты.

        Ой балалар, балалар, ойнайық та, күлейік.

        Енді оқуға кірейік.

    Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар

   Кешімізді бастамас бұрын халық неліктен күзді «алтын күз» дейді; соған тоқтала кетейік.

 Әкежан: Күз маусымының алғашқы айы – қыркүйек. Ол ерлік пен еңбек айларының бірі. Қойма алтын астыққа толады. Сондықтан да «алтын күз»

 Олжас: Берекесін сыйлауға

              Өлкемізге күз келді

              Жемістерін жинауға

              Шақырады біздерді.

 Күз маусымының екінші айы – қазан.  Бұл ай жиын-терін аяқталатын, диқандар еңбек жемісіне кенелетін берекелі ай, берекесін қуаныштайтын мереке айы.

 Ажар:  Ағаштардан жамырап,

             Ұшты кенет жапырақ

             Ой, алақай, тамаша,

             Шашу шашты жапырақ

 Күздің соңғы айын қазақ халқы қараша дейді. Қараша десе дегендей, айнала қоңырқай тартады. Ағаш қурап, жапырағынан айырылып, орман, тоғай  сирейді. Қара суық түсіп, қыс демі сезілетін кез.

Алихан:  Көзің тоймас қарасаң да,

                 Күз деген бір жақсы уақыт

                 Ой да, қыр да, таудың іші

                 Бір молшылық жатқан шалқып

                 Ал, балалар, кім біледі ?

                 Неге айтамыз «алтын күз» деп

 Ерхан:   Алтын күз деп

               Біз айтамыз сол үшін де,

               Сары алтындай сары қауын

               Көп піскен соң бау ішінде.

 Аяулым:  Жаңа піскен алма баққа,

                  Көзің тоймас қарасаң да

                  Қараңдаршы, сары алтындай,

                  Жапырақты қайың, талға

                  Мұны көріп күзді қалай

                  Теңемесің сары алтынға.

                   Қараңдаршы, қандай сұлу

                  Бидай басқан мына дала

                  Әрбір адыр , әрбір жота

                  Алтын жайып тастағандай.

 Мұғалім: Иә, балалар, күз дегеніміз бейнелеп айтар болсақ, жазира даланың дарқан дастарқаны.

Күз дегеніміз – байлық, молшылық, қауырт еңбек кезеңі. Олай дейтін себебіміз, күзде егін, шөп, алтын, көкөніс, жеміс –жидектер піседі. Күзде қысқа қамдану басталады. Жануарлар, құстар да қысқа әзірлік жасайды. Сіздер де күзде ненің табалдырығын аттадыңыздар?

  «Мектеп ана» әні:

 Мұғалім: Ал, балалар, балалар

                   Енді бері қараңдар

                   Бізге қонақ келмекші

                   Сендерді бір көрмекші

                   Әуелі жұмбақ жасырам

                   Қулығымды асырам

                   Таба алсаңдар шешімін!

 Жұмбақ: Жиып теріп болатын

                 Қамбаға астық толатын

                 Қызыл қырман ойнайтын

                 Қай мезгіл деп ойлайсың?   (Күз)

 Дұрыс, күз мезгілі. Ендеше, Алтын күзді ортаға шақырайық!

( музыка ойнап, ішке Алтын күз кіреді)

 Алтын күз ханшайымы (күздің лебін бейнелейтін әуен ойналады. Сыйлығы бар, ізінде ерткен үш ай бар)

 Алтын күз: Салем, өрен достарым,

                     Өмірге көп қосқанын

                     Қымбатты сыйлысыңдар

                     Қызығына қаныңдар

                     Молайтыңдар шаттықты

                     Ән айтындар бақытты.

 Ән «Бала тілегі»

Қандай әндерің тамаша балалар

 Ән салып , бақытты болыңдар!

 Әрқашан балдырған шақ армандарың орындалсын.

Мен Алтын күзбін!

Жайдары жарқын күзбін

Қонаққа келдім сендерге,

Сәбіз, картоп, тәтті алма!

Оған достым таң қалма

Жапырақ та сиқырлы. Ойын ойнап түр-түрлі.

 Ал енді менімен еріп келген айлармен таныс болыңыздар!

Сентябрь – қыркүйек: Көкөніс жүрміз тиеп,

                                          Алтын астық, кең далам,

                                          Ынтығады ел маған

                                          Қызыл қырман қожасы

                                          Қыркүйегім мен болам.

   Қазан – октябрь:  Дала-тозаң жаздың ізін өшіріп

                                   Қыстауға елді көшіріп

                                   Қазан балаң мен келдім

                                   Қалмаймын деп кешігіп.

 Қараша – ноябрь:  Ноябрь – қараша

          Ақ қара, алаша

         Менің атым қараша

         Бұлтым ұшар аласа

         Төсегендей алаша

          Кең далама қараса

 Алтын күз: Ал, ендеше сыйларым бекер қарап тұрмаңдар,

                     Жапырақпен сиқырлы ойынды тез ойнаңдар!

Ойын: Кім тез жапырақты жинайды?

(қағаздан жасалған жапырақты бес бала құрау)

 Алтын күз:

Ал екінші сиқырлы жапырақты ашайық. Қандай тапсырма бар екен.  Жұмбақтар.

«Кім тапқыр?»

Жарайсыңдар балалар!

  Алтын күз:3-жапырағым ертегіні тамашалағысы келеді. Ал өнерлеріңді тамашалайық.

 Мақта қыз бен мысық (қандай тамаша)

 Алтын күз: Ал енді 4-жапыраққа да кезек жетті. Кім шешен?

   Мақал-мәтелдерді жалғастыру

 1)      Нан болса, (ән де болады)

2)      Ас атасы (нан)

3)      Еңбек етсең ерінбей, (тояды қарның тіленбей)

4)      Әдепті бала (арлы бала),

Әдепсіз бала сорлы бала

5)      Білім инемен (құдық қазғандай)

6)      Күз мереке (күз береке) 

 

 Алтын күз: Өте жақсы мақалдарды біледі екенсіңдер. Жарайсыңдар балалар.

              Күз де келді, күз келді,

              Құстар мекен іздеді.

Күз де келді, күз келді

              Қондырмады түзге елді.

              Күз де келді, күз келді

              Керек оқу бізге енді,

 - Иә балалар оқуды жақсы оқып, ата-аналарыңды, ұстаздарды қуанта беріңіздер!

 Мен сіздерді білімге, өнерге, тәртіпке шақырамын!

 Ал , балалар, сендерге көп-көп рахмет. Бізді басқа да бүлдіршіндер күтіп отыр. Қош сау болыңыздар!  (үш аймен бірге сау бол айтып, Алтын күз кетеді)

 Мұғалім: Ал, балалар, күз мезгілі сіздерге несімен ұнады?

 Құстар қайтты ән салып,

Бұлт шарлады аспанды

Қыс келеді жар салып,

Қүзгі суық басталды.

 Күн қысқарады, түн ұзарады. Енді қандай мезгілге дайын болуымыз керек?

 Иә, балалар, осымен «Күз – береке, күз – мереке» атты кешіміз аяқталды.

 Күздің сыйынан барлығымыз дәм татайық. Дәрумендер жесек ауырмаймыз! Ас дәмді болсын!

Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)
-->