Директор: |
Азаматтарды қабылдау күндері: |
|
Сейсенбі |
11:00-13:00 |
Бейсенбі |
17:00-19:00 |
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы -
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2021 жылы 21 желтоқсанында мектебіміздің 130 оқушысы Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымын қатарына қабылданды, 55-і «Жас ұлан», 75-і «Жас қыран» қатарына өтті. Бұл рәсім «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстандық патриотизмді әр оқушының бойына өмірлік принциптері ретінде қалыптастыру мақсатында өткізілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында осы жас өрендерді бәсекеге қабілетті, өзіміздің құндылықтарымыз бен дәстүрімізді сақтайтын етіп тәрбиелеу қажеттігін атап өтті. Ішкі руханият арқылы, сыртқы өзгерістерді жақсы жағынан қабылдап, жаңғырудың даңғыл жолына түсуге болашақ ұрпаққа дара жол көрсетті. Ол соқпақтардан қалай өту керектігін айтып, бағыт-бағдар берді.
Бүгінгі «Жас Ұлан», «Жас қыран» қатарына өткен оқушылар да осы елбасымыз меңзеген дара жолдан ауытқымай еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосады деп сенеміз.
«Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты - оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері - әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру болып табылады.
2020 жылдың 1 желтоқсанында Тұңғыш президенті күні " Жас Ұлан " жасөспірімдер ұйымына онлайн форматта қабылдау рәсімі өтті. Жас ерекшеліктері бойынша 2 сыныптар аралығында " Жас Қыран" ұйымына 51 оқушы, 5 сыныптар бойынша " Жас Ұлан " ұйымына 74 оқушы қабылданды. Жалпы саны 126 оқушы қабылданды.
"Жас Ұлан" ұйымына қабылданған оқушыларға Сертификат табысталады.
Құттықтау сөз мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Масанова Г.С. берілді. Оқушыларға сәттілік тілейміз!
Астана қаласы Білім басқармасының «№44 орта мектеп» ММ- де Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» мен «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы құрылып , жұмыс істеп жатыр. «Жас ұлан» мен «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы алдарына қойған мақсаттарын ту етіп :
- өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру, жақсы құндылықтарды бойларына дарытып келеді. «Жас ұлан» мен «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының мүшелері өздері алдарына қойған міндеттерін:
- Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру;
- балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру;
- танымдық жұмыстарды ынталандыру;
- балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;
- жауапкершілік мен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту тағыда басқа міндеттерді бұлжытпайорындауда.15- желтоқсан күні 16- желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жылдығы мерекесі қарсаңында «Жас ұлан» мен «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдау рәсімі өтті. «Жас Ұлан» қатарына 2-10 сынып аралығында 152 оқушы қабылданды. Салтанатты жиынға мектеп директоры Бақытжан Шарапбекұлы Орынбаев қатысып «Жас ұлан» мен «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының мүшелерін аталған мереке күнімен құттықтап , жылы лебізін білдірді. Жиын патриоттық әндермен ұлтық бимен ашылды.Сонымен қатар «Жас Ұлан» ұйымының өз әнұраны шырқалды. Оқушылар көгілдір галстукпен төсбелгіге ие болып, мектепке өз үлестерін қосатын жақсы оқушы болуына ұландық ант беріп, «Жас Ұлан», «Жас Қыран» қатарына қосылды.