Меню KDT
МЕНЮ
Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы №44 орта мектебінің сайтына қош келдіңіздер!

  

Директор: 
Култаева Ляззат Муханбетовна

        

Азаматтарды қабылдау күндері:

Сейсенбі

11:00-13:00

Бейсенбі

17:00-19:00

   
Директор блогы
 
Кері байланыс


 

 

введите текст

❗❗❗коллеги направляем приказ о проведении тестирования для трудоустройства. Необходимо довести для сведения всем организациям образования, а также разместить на сайте и Интернет-ресурсах информацию о прохождении тестирования ДЛЯ ТРУДОУСТРОЙСТВА в сроки, указанные в приказе!!!
https://cdn1.kdt.kz/files/sites/1383501594012506/files/%D0%9F%D1%80%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D0%B7%20333%20%D1%80%D1%83%D1%81%20(1).PDF?_t=1699932652


4 қараша күні мектеп сынып жетекшілерімен «Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу» тақырыбында семинар-коучинг өткізілді. Семинар мақсаты сынып жетекшілерін мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыруға баулу, шығармашылық істер ұйымдастыруға әдістемелік көмек көрсету.

Ең алдымен сынып жетекшілерге парақтар тарату арқылы, 4 топқа бөлінді.

Семинардың 1 бөлімінде мұғалімдепге ой қозғау ретінде сұрақтар қойылды. Адамгершілік дегенді қалай түсінесіздер?, Адамгершілікке қандай қасиеттерді жатқызуға болады?, Какова роль нравственного воспитания?, Жалпы адамгершілік қасиеттерге не жатады?, Что входит в систему нравственного воспитания? Мұғалімдер өз ойларын айтып, сұрақтар жауап берді.

Ой қозғаудан соң семинар тақырыбымен қатар сынып жетекшілерге мектеп ішінде енгізіліп жатырған «Шаңырақ» және «Оқуға құштар» жобалары жөнінде мәлімет беріліп, жобалар аясында жұмыс бастау ұсынылды.

Келесі мұғалімдерге «Market» ойыны арқылы адам бойындағы қасиеттеріне баға беріп, алдарына берілген ақшаларына сай өздері сол қасиеттерді сатып алып, не себепті осы қасиеттерді алғандары бойынша жоба жасап, қорғады.

Сынып мұғалімдеріне оқушылар, ата-аналар және мұғалімдермен болып отыратын әр түрлі жағдаяттар берілді. Жағдаяттарды әр топ өздері көрініс ретінде көрсетіп, шешу жолдарын көрсетті. Топтардың жағдаяттарды шешу жолдарын бағалайтын арнайы әділ қазылар алқасы болды. Бұл жағдаяттарды шешу барысында кей топтар қиындықтарға туындады, кей топтар қызықты жағдаяттарды көрсетті. Жағдаяттарды шешу барысында мұғалімдердің ұтқырлықтарын және кәсіби шеберліктерін байқадық.


 

Семинар-коучинг қорытындысы ретінде қатысушылар семинардан алған әсерлері, өздерінің ойларын, бағасын беру есебінде 10 мин ішінде бейнежазба түсірді. Мұғалімдердің әр түрлі идеяларынан әр топтан бейне жазбалар түсірілді. Семинар соңында қатысушылар «Адамгершілік» әнін бірге шырқап, семинарды қорытындылады.

Коучинг семинардың екінші бөлімінде мұғалімдермен мектеп спорт залында спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Мұғалімдер екі топқа бірігіп, өздерінің спортқа деген қабілеттерін көрсетіп, көңілді жарыстар мен ойындарға қатысты.



Мұғалімдерімізге арналған күнді қорытындылау негізінде барлық шаралардан кейін мектебіміздің Жас мамандары мұғалімдерге сый-құрметін көрсетіп «Coffee break» ұйымдастырды. Отырыс кезінде барлық мұғалімдер өткен шаралардан алған жақсы әсерлерімен бөлісті, ізгі тілектерін көрсетті, шаралар өткізу барысы бойынша ұсыныстар айтылды.


Мектеп бітірушілердің қорытынды аттестатауы


Үздік  сындарлы сабақ



Оқыту сапасы



Бағалау критерияларының нұсқауы


 МҰҒАЛІМ ПОРТФОЛИОСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Түсінік хат

Портфолио (portfolio – ағылшын сөзі.) – портфель сөзі – маңызды құжаттар үшін арналған папка деген мағынаны білдіреді. «Шетелдің жаңа сөздігінде» портфолио визиттік карточка есебінде қолданылады, яғни, адам туралы ақпарат, ұйымның белгілі құжаттарының жинағы, жұмыс үлгілері деп түсіндіреді.

Мұғалім портфолиосы дегеніміз не? Бұл оқытушының педагогикалық қызметінің сапасы мен жетістіктері туралы дәлелді құжаттары. Қолданыстағы атауы:мұғалім портфолиосы, педагог портфолиосы, электронды портфолио

Мұғалім портфолиосын жасау. Бұл дәстүр қайдан пайда болған? Жауап: Бұл өмір қажеттілігінен яғни, білім сапасын үздіксіз көтеріп отыру талаптарынан деуге толық негіз бар. Портфолио оқытушы жұмысының нәтижесіне мониторинг жасау үшін білім беру мекемелерінің әкімшілігіне аса қажет, бір жағынан педагогтың өзін-өзі бақылауы және білімін көтеріп отыруы үшін де маңызды.

Мұғалім портфолиосын құрудың негізгі принциптері:

• жүйелілік;

• мәліметтердің нақтылығы мен ауқымдылығы;

• ақпараттың объективтілігі;

• көрнекілік.

Портфолионың негізгі мақсаты – мұғалімнің кәсіби өсуінің мониторингінің, кәсіптік нәтижелерінің, жетістіктерінің талдауын қамту;

Портфолио мұғалімнің өз қызметіндегі әр түрлі – оқыту, тәрбиелеу, шығармашылық, өз білімін көтерудегі нәтижелерін жинауына көмек береді.

Портфолио

· Мұғалімнің біліктілік категориясын көтеруіне, бекітуіне және оқу жылының қорытындысы бойынша марапатталуына;

· Педагогтың кәсіби шеберлігінің өсуі туралы ақпараттың көзі болып табылады.

Мұғалім портфолиосы файлдары бар арнайы папкада жасақталады. Портфолиоға салынған әр материалда күннің жады, яғни (уақыт) көрсетіліп отыруы тиіс. Портфолио құрамы әдістемелік бірлестік жетекшісінің немесе мұғалімнің өзінің алдына қойған міндеттері негізінде жасалады.

Портфолионы электронды түрде де жасауға болады. Электронды түрі құжаттардың сканерленген қосымша электронды кестелер, педагог пен оқушы жұмысының электронды файлдары (жобалар, сабақ түрлері және т.б.) түрде жасалынады.

Портфолио педагогтың сол білім мекемесінде жұмыс атқарған уақытындағы директордың орынбасарларының қатысуымен және өз күшімен жасақталады. Мұғалім өз портфолиосын ұжым алдында таныстыруына болады, бұл бір жағынан кәсіптік қызметінің қорытындысымен бөлісу болса, әрі жас мамандар үшін үлгі бола алады.

Портфолионы педагогтың жеке құжаттарының көрінісі ретінде де қабылдауға болады. Педагог басқа білім мекемесіне жұмыс ауыстырған жағдайда жинақтаған портфолиосы қосымша материал немесе нұсқаулық (нұсқау хат) ретінде қолданыла береді.

Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары өзінің функциональді міндеттеріне:

· педагогтарды портфолиомен жұмыс жасау технологияларымен (материал таңдау, оларды жүйелеу, жеке жетістіктерін көпшілік алдында айтуға дайындау) оқытуға;

· педагогқа жан-жақты көмек көрсетуге; (дайындаған материалдарын және жұмысының жетістіктерін талдау, марапаттау);

· мұғалім портфолиосындағы материалдардың мазмұндылығы туралы ұжымды ақпараттандыруға (мұғалімнің кәсіби дамуының деңгейі туралы);

Портфолио әдісін енгізу әр мұғалімнің жеке траекториялы кәсіби дамуының мониторингін танытуға, қызметінің нәтижесін толық көрсетуге, бағалы тәжірибесін таратуға, кәсіби шеберлігінің өсуіне және педагог еңбегінің көтерілуіне көмек береді.

 

Педагогты аттестаттау портфолиосын құру бойынша жаднама

 

«ҚҰЖАТТАР» ПОРТФОЛИОСЫ

Құрылымы:

1 бөлім. Педагог туралы жалпы мәлімет.

2 бөлім. Педагогтың кәсіби жетістігінің нәтижесі.

 

1 бөлім. Педагог туралы жалпы мәлімет.

Сыртқы беті:

- фото (5х6),

- тегі, аты, әкесінің аты,

- диплом бойынша мамандығы;

- жұмыс орны, атқаратын қызметі;

- білім беру ұйымындағы еңбек өтілі,

- үкімет наградалары, грамоталар мен алғыс хаттары, кәсіби жетістіктері туралы халықаралық, республикалық және қалалық дәрежедегі дипломдары;

- аттестаттау парағы (Ереженің 8 - қосымшасына сәйкес формасы бойынша);

- жеке куәлігінің және құжаттарының көшірмесі;

- білімі туралы диплом көшірмесі;

- ғылыми атағы туралы дипломының көшірмесі;

- еңбек кітапшасының көшірмесі;

- бұрын берілген біліктілік санаты туралы куәлігінің көшірмесі;

- мамандығы бойынша біліктілікті арттыру курсынан өткендігі туралы құжаттарының көшірмесі;

- қосымша пән бойынша курстан өткен құжаттарының көшірмесі;

- алған (берілген) біліктілік санаты және оны растауға берілген педагог қызметкердің өтініші (Ереженің 1-қосымшасына сәйкес түрі бойынша). Ескерту: барлық құжаттардың көшірмесі білім мекемесі басшысының қолы, мөрімен расталады.

 

2 бөлім. Педагогтың кәсіби жетістіктерінің нәтижесі және оқушыларының білім жетістіктері

Педагогтың кәсіби өсуі мен кәсіби қызметінің қорытындысы бойынша бекітілген, сертификатталған құжаттары (соңғы 5 жыл ішінде):

- үкімет наградалары куәлігінің көшірмесі;

- дипломдар мен грамоталардың көшірмесі;

- алғыс хаттарының көшірмесі;

- сертификаттары мен куәліктерінің көшірмесі;

Оқушылардың білім алудағы жетістіктері арқылы (соңғы 5 жыл ішінде) педагогтың кәсіби қызметін бекітетін нәтижесі, сертификатталған құжаттары:

- дипломдар мен грамоталардың көшірмесі;

- алғыс хаттарының көшірмесі;

-сертификаттары мен куәліктерінің көшірмесі;

 

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» ПОРТФОЛИОСЫ

Құрылымы:

 

1 бөлім. Педагогикалық іс-тәжірибесі туралы құжаттары.

2 бөлім. Педагогтың ғылыми-әдістемелік қызметі.

3 бөлім. Кәсіби қызметінің нәтижесін сараптық бағалау.

 

«Педагогтың шығармашылық» портфолиосының мазмұны

1 бөлім. Педагогикалық іс-тәжірибесі туралы құжаттары.

- Педагогтың кәсіби өсуінің жеке жоспары 3-5 жылға арналған;

- Педагогтың озық іс-тәжірибе материалдарының бір формасын ұсыну: - педагогикалық іс-тәжірибесін сипаттау; ұсыну формасы: эссе, шығармашылық есеп;

- өз тақырыбы бойынша мұғалімнің оқу-әдістемелік құралы ( авторлық бағдарлама, дидактикалық материалдар жинағы, әдістемелік нұсқаулық, жұмыс дәптері т.б.);

- жаңа мазмұнға сай педагогикалық технологияларды пайдаланылған сабақ үлгілері мен өзін-өзі талдаулары. (5-тен көп емес);

- пән бойынша сыныптан тыс жұмыстардың үлгілері мен өзін-өзі талдаулары. (3-тен көп емес);

 

2 бөлім. Педагогтың ғылыми-әдістемелік қызметі.

- Педагогикалық оқуларға, дөңгелек үстелдерге, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, семинарларға, шығармашылық конкурстарға қатысқандығын дәлелдейтін материалдары, баяндамалары, көпшілік алдында сөйлеген сөздерінің тезистері және бағдарламалары және тағы басқалар; әдістемелік кеңестің,

- әдістемелік бірлестіктің, шығармашылық топтың отырыстарындағы баяндамалары, көпшілік алдында сөйлеген сөздерінің тезисі;

- бұқаралық ақпарат құралдарында, ағымдағы баспасөздерде жарияланған ғылыми-әдістемелік материалдары;

- тәжірибелік қызметтерге қатысқандығы туралы бұйрықтың көшірмесі;

- оқу-әдістемелік кешендердің, оқу бағдарламасының сараптама жұмыстарына қатысқандығы туралы қолда бар анықтамалар;

 

3 бөлім. Кәсіби қызметінің нәтижесін сараптық бағалау.

- Педагогикалық қызметін және оның нәтижелерінің түрлерін, қолданған педагогикалық технологияларын, бағалау құралдарын талдау;

Кері байланыс жұмысының материалдары:

- сабақтан тыс шаралар және ашық сабақтар (5-тен кем емес)

- оқушылардың сұрақ-жауап, сауалнамалары,

- ата-аналардың сұрақ-жауап, сауалнамалары;

- педагогикалық қызмет өнімдеріне сараптамалық пікірлер;

- білім беру ұйымы әкімшілігі растаған оқушылардың соңғы үш жыл ішіндегі оқу жетістіктерінің талдауы:

- сынып журналы негізінде жасалынған пәнінің орташа талдау көрсеткіші;

- соңғы 5 жыл көлемінде пән бойынша жоғары оқу орнына (ЖОО) түскен оқушылардың пайызы, грант бойынша да; оқытатын пәні бойынша сабақтан тыс қызметіндегі нәтижелерінің мониторингі. (5жыл көлемінде)

- Халықаралық, республикалық, қалалық, аудандық, олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың, конференциялардың, фестивальдардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің пайыздық көрсеткіші.

 

Портфолио бөлімдері

 

  1. (таблица түрінде) №,Мақала атауы, Басылым атауы, күні, № жылы 2. Педагогтың ғылыми-әдістемелік қызметі (таблица түрінде) №Жұмыс атауы Оқу-әдістемелік құралдарының түрлері ( авторлық бағдарлама, дидактикалық материалдардың жинағы, әдістемелік нұсқаулық, жұмыс дәптері т.б.Сынақ нәтижесіКүні 3. Педагогикалық іс-тәжірибелерді жинақтау, тарату (шебер- сыныптар, семинарлар, байқаулар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, көрмелер) (таблица түрінде) №ШараларҚалалық, республикалық, халықаралық деңгейде Дәлелдейтін құжаттар Күні 4. Өткізілген ашық сабақтардың қорытындысы (5-тен көп емес)(таблица түрінде) №ПәнТақырыпСынып/топСабақ бойынша ұсыныс, пікірлерСабаққа қатысушының аты-жөні, қызметіКүні 5. Сабақтан тыс қызметтің қорытындысы (3-тен көп емес) (таблица түрінде) №Қызмет мазмұныДәлелдейтін құжаттарСынып/топСараптама қорытындысыКүні 6. Сыныптан тыс қызметінің пән бойынша қорытындысы (марапаттары, грамоталары, дипломдары, куәліктері)(таблица түрінде) №ПәнШараларНәтижеДәлелдейтін құжаттарКүні 7. Оқушылардың оқу жетістігінің динамикасы (соңғы 3 жыл)(таблица түрінде) №ПәнСынып/топСараптау түріНәтиже (білім сапасы)Күні 8. Кері байланыс нәтижелері (сауалнамалар, пікірлер)(таблица түрінде) №Бағалауға қатысушыларБағалау пәніСараптау түріСараптау жұмысының нәтижесіКүні Ескерту: №7 тараудан басқа тараулар соңғы 5 жыл көлемінде жасақталады

 


Математика, физика және информатика пәндерінен 2 және 14 наурыз аралығында

«Математика барлық пәндердің патшасы»  атты онкүндікте өткізілетін іс-шаралардың жоспары

 

р/с

іс-шаралардың атауы

Өткізілетін күні

сынып

Жауапты мұғалім

1

 

«Математика барлық пәндердің патшасы»  атты қабырға газеттерін шығару

 

    8-10 сынып оқушылары

Бірлестік  жетекшісі, пән мұғалімдері

2

 

«Ең үздік  математика дәптері» сайысы

Он күндік бойы

5-7 сынып оқушылары

Пән мұғалімдері

3

 

«Ең үздік  физика дәптері» сайысы

Он күндік бойы

7-9 сынып оқушылары

Пән мұғалімдері

4

 

 

Республикалық математика пәнінен дистанционды олимпиадаға қатысу           

 

8-9 сынып оқушылары

Нуркеева А.О

 

5

 

Суреттер сайысы 

«Физика» әлемінде және математика әлемінде»

  

Он күндік бойы

7-10 сынып оқушылары

 

Физика және

математика пәнінің мұғалімдері

6

Ашық сабақ

 «Основные приемы форматирования текста» ашық сабағы

  1. 2-аусым

1-сабақ

7 «А» сынып

информатика пәнінің  мұғалімі Жамантаева С.А.

7

Сыныптан тыс жұмыс  «Математическое кафе»

13 с

7 «А» сынып

информатика пәнінің  мұғалімі Жамантаева С.А.

8

 

Сыныптан тыс жұмыс  

 « Мисс математика»

 

8-10 сынып

қыздары

 

математика пәнінің мұғалімі

9

 

 

Ашық сабақ

«Координатная плоскость»

2-сабақ

 

6 «А» сынып

 

математика пәнінің мұғалімі Нуркеева А.О.

10

 

Ашық сабақ

«Ондық бөлшектерді көбейту»

11.03.20152-аусым

 

5 «Б» сынып

 

математика пәнінің мұғалімі Достыгалиев Б.С.

11

 

 

Сыныптан тыс жұмыс  

 «Физическая эстафета»

11.03.2015

13с

7 -8 сынып оқушылары

Физика пәнінің  мұғалімі Суинбекова С.Т.

12

 

 

 Ашық сабақ

«Радиоактивность: Опыт Резерфорда, состав атома, модели атомов»

  1. аусым

2-сабақ

9 «А» сынып

Физика пәнінің  мұғалімі Суинбекова С.Т.

 

13

 

 

Ашық сабақ

«Тригонометриялық функциялардың қос бұрышының формулалары»

1 ауысым

2-сабақ

9ә сынып

математика пәнінің мұғалімі

Кеделбаева Д.У

14

 

Сыныптан тыс жұмыс

 «Жұлдызды сағат»

1 ауысым

1300

 

7-9 сынып оқушылары

 

математика пәнінің мұғалімі

Кеделбаева Д.У








2015 жылғы 17 қаңтарда орыс тілі және әдебиеті пәндерінің  онкүндігі өтуде. Соның аясында 9 «а» сыныбында орыс әдебиетінен М.Ю. Лермонтовтың  шығармашылығы бойынша сын тұрғысының стратегиясын  қолдана отырып, екі ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында кезеңдері жүйелі орындалды. Мұғалім Махамбетова К.Д. Сабақтарға  қатысқан мұғалімдер: Ахметова С.Б., Суинбекова С.Т., Садвакасова З.Р., Купжасарова М.Е., Сурпкелова Б.Х., Жамантаева С.А., Жакенова К.А.

Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)
-->