Меню KDT
МЕНЮ
Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы №44 орта мектебінің сайтына қош келдіңіздер!

  

Директор: 
Култаева Ляззат Муханбетовна

        

Азаматтарды қабылдау күндері:

Сейсенбі

11:00-13:00

Бейсенбі

17:00-19:00

   
Директор блогы
 
Кері байланыс


 

 

введите текст

Мектеп жаңалықтары

« Озық ойлы оқушылар»

Пән:  Физика

Пән мұғалімі:  Масанова Гүлнұр Сарсенқызы

Сабақтың тақырыбы:        « Озық  ойлы   оқушылар»

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың алған білімдерін дамытып, қорытынды жасап, білім сапасының  қаншалықты артқандығын, ой – өрістерінің дамығандығын анықтау.

Дамытушылығы: Оқушылардың пәнге деген ынтасы мен қабілетін дамыту.

Тәрбиелігі: Оқушыларды ұжымдыққа, еңбекке және тәжірибелік  шеберлікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: саяхаттың жолы белгіленген сурет, үлестірме материалдар, әр түрлі   құрал – жабдықтар, т.б.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап ,  демонстрациялық  тәжірибелер,  топтық жұмыс

Пән  аралық  байланыс:  биология,ағылшын тілі, орыс тілі, математика, астрономия

 Сабақтың өтілу барысы:

1)  Ынтымақтастық  атмосфераны қалыптастыру

2 )   Оқушыларды атом молекула ойыны бойынша   4  топқа бөлу (қатты, су , ауа,  плазма ) Әр топ  заттың   агрегаттық  күйлерінің  қасиеттерін айта  отырып, топтарын   таныстырады.

(үш тілде)

І. Білімқұмар ауылы: Оқушылар тақтада көрсетілген сұрақтарға жауап береді.

  1. Қандай күштің әсерінен бұлттан пайда болатын бұршақ жерге жауады? Қандай физикалық денелер бұл жағдайда өзара әсерлеседі?
  2. Ауыр кеме суда жүзіп жүреді, суға тасталған шеге суға батып кетеді? Мұның себебі не?
  3. Су хайуанаттарына берік қаңқа керек болмайтыны неліктен?
  4. Ауыл шаруашылық машиналарының табандарын неге жалпақ етіп жасайды?
  5. Көкөніс, балықты және басқа азық – түлікті тұздау қандай құбылысқа негізделген?
  6. Неліктен сорпаның майы бетінде орналасады?
  7. Жұмыртқа таза суға батып кетеді, тұзды суда жүзіп жүреді. Себебін түсіндір.

ІІ. Тапқырлар ауылы:  Жұмбақ жасыру. Жауабын үш тілде айту керек.

Ұзындығы жазулы бір бойында  (сызғыш, линейка,ruler)

Ақылың болса, аттама   (кітап, книга, book)

3. Компьютермен енеді

Қағаз басып береді   (принтер, принтер printer)

 Онсыз өмір сүрмейсің (ауа, воздух, air)

  1. салсаң батпайды

Отқа салсаң жанбайды  (мұз,лед, ice)

  1. қажет өмірге халық үшін

Пайдаланамын күн сайын жарық үшін (ток, энергия, energy)

  1. (аяз, мороз, frost)

 ІІІ. Ойшылдар ауылы:  Сендер  өз  массаларыңды  білесіндер ме  ?  Егер білсеңдер  Жер және  Жер  серігі  Айдың ,  Күн  жүйесіндегі планеталардың еркін түсу үдеуін біле отырып, өзіңнің қандай күшпен тартылатынын   есептеп қорытынды  шығарыңыздар. Жерде (9,8 Н/кг); Айда (1,6 Н/кг); Меркурийде ( 3,7 Н/кг);  Шолпанда  (8,8 Н/кг);  Марста (3,8Н/кг);

    
Топтық   тапсырманың   орындалуы

                                  ІҮ. Ашылмаған құпиялар ауылы:  Мектеп  ғимараты ішінен 7 керемет физика  заңдарын  анықтаңдар  (қай топтың мүшелері «Физика» елінің заңдарын жақсы білетінін байқау)

  1. (тамақ иісінің  мектеп ішінде таралуы)
  2. (қоңырау тізбектей жалғанған)
  3. (мектеп  ішінде параллель  жалғау)
  4. ішінде  судың біркелкі болып тұруы  (атмосфералық  қысымның  әсерінен)
  5. төменен  жоғары қарай  қозғалуы

 ( салқын ауа, жылы ауаға қарағанда ауыр)

  1. шығуы (еденге қысым түсіреді)
  2. Сынып  ішіндегі жарықтың  шағылуы

 Ү. «Қызықты физика» ауылы: 

 Резеңке жіпке картопты байлап, жіптің ұзындығын өлшеңдер. Картопты суға батырып жіптің ұзындығын тағы өлшеңдер. Ол қалай және неліктен өзгереді?

  1. Су құятын ыдыс, су және мензурка бар болса, ағаш шариктің массасын қалай анықтауға болады?
  2. орындықта отырған  адамға  ыңғайлы ? Себебі  неде ?
  3. Қазылар  алқасына  сөз беру. Сайысқа қатысқан  оқушыларды мадақтау, озық ойлы  оқушылар тобын анықтау, марапаттау. Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер — дей отырып барлық сайысқа қатысушыларға өмірдің сан қилы қиыншылығынан білімдерің арқылы сүрінбей өте беріңіздер деп  «Озық ойлы оқушылар»  атты  сайысымызды  аяқтаймыз.

Сау болыңыздар !

 

 

 



Просмотров: 1191

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь