Директор: |
Азаматтарды қабылдау күндері: |
|
Сейсенбі |
11:00-13:00 |
Бейсенбі |
17:00-19:00 |
2021 жылдың 1 қыркүйегі мен 30 қазаны аралығында Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы өтеді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі хабарлады. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, санақты өткізу процесін автоматтандыру және оған заманауи сандық технологияларды енгізу - 2021 жылдың Ұлттық санағының басты жаңалығы болып отыр. Биыл азаматтарға сауалнама парақтарын онлайн режимде өз бетінше толтыру немесе үй-үйді аралау кезінде офлайн толтыру мүмкіндіктері ұсынылуда. 1 қыркүйектен бастап sanaq.gov.kz арнайы сайты іске қосылып, мұнда қазақстандықтар 15 қазанға дейін онлайн-режимде санаққа қатысты барлық сұрақтарға жауап бере алады. Дәстүрлі жалпы аралау 1-30 қазан аралығында жүргізіледі және ол белгіленген мерзім ішінде санақтан онлайн-режимде өтпеген респонденттер арасында жүргізілетін болады.
Тағы бір жаңашылдық - интервьюерлердің үй аралау кезінде электронды планшеттерді пайдалануы болмақ. "Бұл санақ жүргізетін қызметкерлердің еңбек шығынын төмендетуге, мәліметтер сапасына адам факторының ықпалын азайтуға, ЖСН-ін енгізе отырып, санақ мәліметтерінің нақтылық деңгейін арттыруға, қағаз бен кеңселік құралдарды айтарлықтай үнемдеуге, сондай-ақ, интервьюерлер үшін қолайлылық пен олардың жинақылығын арттыруға мүмкіндік береді. Санақ кезінде мәліметтер жинау үшін сәйкестендіргіш ақпарат ретінде сауалнамаға қатысушының ЖСН-і қолданылады. Бұл ақпараттың қайталануын болдырмауға мүмкіндік береді", - дейді баспасөз қызметіндегілер. Санақ кезінде қазақстандықтардан не туралы сұрайды Қазақстан азаматтарына барлығы 87 сұрақ қойылатын болады. Санақ парақтарындағы сұрақтар тізбесі айтарлықтай ұлғайтылған. Мұнда барлығы 67 сұрақ және оған қосымша 20 нақтылаушы сұрақтар кірістірілген. Сұрақтардың аясын кеңейтуге Еуропалық санақшылардың 2020 жылғы тұрғын үй қорын және тұрғындар санағын жүргізу жөніндегі ұсыныстары мен ТМД Мемлекетаралық статистикалық комитеттің әдістемелік материалдары негіз болған.