Меню KDT
МЕНЮ
Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы №44 орта мектебінің сайтына қош келдіңіздер!

  

Директор: 
Култаева Ляззат Муханбетовна

        

Азаматтарды қабылдау күндері:

Сейсенбі

11:00-13:00

Бейсенбі

17:00-19:00

   
Директор блогы
 
Кері байланыс


 

 

введите текст

      Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 31 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешіміз 15.12.2022 жылы 7-сыныптар арасында аталып өтті. Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз.



«Рахмет саған, Әліппе!» ертеңгілігінің анықтамасы


28.12.2021. күні №44 орта мектеп КММ  1 сыныптар арасында «Рахмет саған, Әліппе» атты әдеби-музыкалық монтаж ертеңгілігі болып өтті.

Мақсаты : Әліппе оқулығынан алған білімдері – барлық білім-ілімнің бастамасы екенін түсіндіру, білімнің адам өміріндегі маңызын ұғындыру. Оқушылардың білімдік белсенділігін арттыра отырып, әсемділікке, бейімділікке, көпшілік алдында өзін ұстай білуге тәрбиелеу.       

Сабақтың көрнекілігі: банер, шарлар, қанатты сөздер, әріптер. Сабақтың барысы: Еліміздің еңсесі көтеріліп, тәуелсіз мемлекет болғанына 30 жыл толу мерекесінен кейін тойымыз тойға ұласып, 1 сынып оқушылары барлық ғылымның анасы біздің болашағымыздың негізі, ана тілінің ғажайып әрі шынайы әлеміне бүлдіршіндерді дәл жетелейтін өз тілін оқып үйренуге оқи алсам деген ұмтылысқа шақыратын әліппе оқулығымен қоштасты. Ертеңгілік барысында оқушылар мектеп, әліппе, ұстаз туралы тақпақтар оқып, ән айтып, би билеп, көріністер көрсетіп өз өнерлерін көрсетті. Оқушылар өз іс-әрекеттері арқылы икемділігіктерін, қабілеттерін көрсетіп, шығармашылық мүмкіндіктері ашылды.


Ертеңгілік ортасында мектебіміздің диреторына сөз беріліп, ол кісінің оқушыларға арналған жылы лебізі тыңдалды. Соңында бастауыш сынып оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Т. Алниязов оқушыларды  құттықтап, әліппені аяқтағаны жөнінде сертификат табысталып, өз мәресіне жетті.



Жүз жана есім аясындағы онлайн- кездесу "Ұстаз- мектептің жүрегі"

Ардагер ұстазбен кездесу арқылы ұстаздың адам өмірінде алатын орыны зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дарыту. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білу мақсатында өтті. 
Тәтті күйлерін  Исламбек Б, Есмаганбетов Ж, Орал Е орындап берді. 
Бейсенбина А, Ғалы Д жыр шумақтарын ұстаздарға арнады.



Ботабай Сезім

№44 Орта маектбі
5 "Б" сыныбы
Жетекшісі: Нуркасымова А.Т.

  Ботабай Сезім керемет талантының, ізденісінің арқасында уй жағдайында қалай әсем ғимараттар жасауға болатынын көрсетті. Осы жобасы арқылы "Дәстүрін дәріптеген ел озар" атты телевизиялық байқауға өтті. 



Тлеулес Мадина
№44 Орта мектебі
9 "Ә" сыныбы
Сынып жетекші: Масанова Г                   



Ұстаздар күні құтты болсын!

Құрметті ұстаздар Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғ. Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанына мақтаныш етемін!
Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық — ұлық емес, ұлы қызмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.
Осындай жолы мен жөні бөлек аяулы ұстаздарымыз – шәкірттерінің мақтанышы ғана емес, бүкіл ел мақтанышы! 
Мерекелеріңізбен!!!
4"Б"сынып оқушыларының атынан сіздерге жақсы тілек.
Сынып жетекші: Бидахметова Айгуль Сасеновна

Сабыр Айжан Есетқызы.

8 «Ә» сыныбының оқушысы



Тәуелсіз Қазақстан

        Жер бетінде көптеген ұлттар мен  мемлекеттер бар. Олардың бір шамасы өз тәуелсіздігін алған.Солардын ішінде кен байтақ бейбітте, ынтымақты біздін Отанымыз Қазақстан. Тәуелсіздік сөзінің астарында үлкен мағына ұғым жатыр. Қазақстанның тәуелсіздігі ұзақ та, азапты жолмен үлкен рух күшпен келген еді. Тәуелсіздік жолында талай батыл да қайратты бабаларымыз көрер жарығымен қош айтысты. Өз жерлерінде өзге жұрттан қор болып жатқанына шыдамаған Сырым Датұлы халықты патша үкметіне қарсы үндеді.Сырымның артынан ерген көтерілісшілер ұзақ жылдар бойы жан алысып, жан берісіп ымырасыз шайкасты. Бұл көтерілістің әлсіз жақтары болғанымен қазақтың  ұлттық сезімінің өсуіне үлкен ықпал етті. Бірақ Ресей отаршылдары халықты қанап азаптауын тоқтатпады. Еркіндік іздеп ереуіл атқа ер салғандар Исатай мен Махамбет атты асқақ рухты азаматтардың соңынан ерді. Бұл көтеріліс азаттық көтерілісіне айналды. Ұазақ жылдар халық аса ауыр кезенді бастан өткере отыра тәуелсіздікке қол жеткізу мақсатында  жан аямады. Солардың бірі Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілісшілер еді. Азаттық аңсаған көтерісшілер саны күн сайын көбие берді. Кенесары қазақтың сонғы ханы еді. Надандыққа  ұшыраған халықтың жағдайы күн өткен сайын нашарлай берді. Сол кездегі көзі ашық, көнілі ояу азаматтар күш біріктіріп халықтың сана-сезімін оятуға тырысты. Сондай азаматтардың тынбай жасаған еңбегімен қажымас жігерінің арқасында 1917 жылы 13 желтоқсанда Алаш орда үкіметі құрылды. Төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды.Әлихан Бөкейханов Алаш қозғалының жетекшісі. Ол надандықтын құрбанына айналған халқының жағдайын жақсартуды алдына мақсат етіп қояды.Оның бұл ойын жүзеге асыруға үлкен үлес қосқан сенімді серіктері Міржақып Дулатов пен Ахмет Байтұрсынов еді. Міржақып Дулатов анасынан екі жасында, әкесінен он екі жасында айырылып тағдыр тауқыметін жастайынан тартып өмірдің азапты жолдарынан сүрінбей өткен қазақтың батыры. Ол езілген еліне ес болуға жоғын жоқтап, мұңын мұндауға серт берген.

Көзінді аш,

Оян қазақ!

Көтер басты

Қаранғыда өткізбе бекер жасты

деп жырымен қалың ұйқыдағы халқын білімге шақырып ел үшін пайдалы іс - әрекет жасауға үндейді. «Оян қазақ» ел ұранындай болып халықты оятты. Міржақып шығармашылығы өз заманының айнасы секілді. Ел мен жердің бостандығы қазақ халқының азапты тіршілігі туралы жырлайды.  Ал Ахмет Байтұрсыновқа келер болсақ, Қостанай обылысы Жангелдин ауданында дүниеге келіп      Орынборда қазақ мырзаларының қолдауымен тәуелсіз «Қазақ» газетінің жарық көруіне себепші болған. Ахметтің «Қырық мысал» атты шығармасы қазақ халқының көзін ашуға үлкен септігін тигізген.

Жүк алды шаян шортан аққу бір күн                            

Жегіліп тартты үшеуі дүркін- дүркін

Тартады аққу көке шаян кейін

Жұлқиды суға қарай шортан шіркін – дей  отыра жан -жаққа бас сауғалап шұбырған халқын бірлік пен ынтымақ туының астына жинаудан еш жалыққан емес. Осы кісілер секілді биік рухты қажымас жігерлі азаматтардан құралған Алаш орда үкіметі Семей қаласының төрінде орналасқан еді. Алайда азаттық ақ патшаға, тіпті кедейшіл қызылдарға да ұнамады. Олар Алаш орданы да ыдыратып таратты. Ресей отаршылдары қоғам зиялыларының көпшілігін халық жауы деп жер аударса, енді біріне жалған жала жауып абақтыға қамады. Бұндай озбырлықтан соң қазақ халқының жана буын жастары ресей отаршылдарына қарсы бас көтерді.Олар желтоқсанның ызғарлы күнінде күш біріктіріп көтеріліске шықты. Ресей үкметі бұған жауап ретінде оларды қатаң түрде жазаламақ болып әрекеттер жасады. Дегенменде бұл тәуелсіздікке жасалған қадамның бірі еді. Жиі жасалған көтерілістер патша үкметіне үлкен зардап келтірді. Енді ресей үкіметінің қазақтарға бас бостандығын беруден басқа амалы қалмады, осылайша халықтын осынша жыл аңсаған арманы 1991 жылы 16 желтоқсанда жүзеге асты. Қазақ халқы тәуелсіздік алып Президенті болып Нұрсұлтан Назарбаев сайланды. Нрсұлтан Назарбаев еліміздің алғашқы президенті. Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік жолында үлкен іс-шаралар жасады. Ол халықпен санаса отырып манызды шешімдер қабылдай білді. Республика орталығын Сарыарқа даласына Есіл жағасына сулы да, нулы жерге көшіріп Астана деп жариялады. Бүгінгі танда Астананы жыл сайын көркейтуге түкпір-түкпірінен шебер сәулетшілер келуде. Қаланың тағы бір ерекшелігі Қазақстанның тәуелсіздігін бейнелейтін Бәйтерек кешені. Қазіргі кезде Астана әлемнің ең әсем қалаларынын біріне жатады. 21 ғасырда Қазақстан республикасы шетелмен терезесі тең еңселі мемлекет. Қазіргі уақытта еш мұқтаждық көрмей шетелмен жарасымды ынтымақта тату-тәтті өмір сүріп жатқанымыз ел басымыздың арқасы. Мен өз достарыма еліміздің тыныштығынмен жарасымды ынтымағын сақтау, әр қайсымыздың міндетіміз дегім келеді. Мен өз Отанымды мақтан тұтамын.

                                                        

 

 





Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)
-->