Меню KDT
МЕНЮ
Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы №44 орта мектебінің сайтына қош келдіңіздер!

  

Директор: 
Култаева Ляззат Муханбетовна

        

Азаматтарды қабылдау күндері:

Сейсенбі

11:00-13:00

Бейсенбі

17:00-19:00

   
Директор блогы
 
Кері байланыс


 

 

введите текст

Мектеп жаңалықтары

Тіл мәртебесі - ел мәртебесі

Мектебімізде «Тіл мәртебесі - ел мәртебесі» атты Тілдер онкүндігі 12 қыркүйек пен 22 қыркүйек аралығында 4-11 сыныпар аралығында өтті.   

Мақсаты:   Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт - дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Өз пікірін әдеби тілмен жіткізе білуге үйрету, ой-өрісі мен дүниестанымдық қөзқарасын қалыптастыру. Оқушыларды қазақтың бай мұрасын бағалай білуге тәрбиелеу.   Онкүндік іс-шарамыздың жоспарын  мектеп директорының бекітуімен құрылды. Осы мерекеге аталған  сынып оқушылары, тілдер пінінің мұғалімдері, сынып жетекшілер белсенді қатысты.

Барлық жауапты мұғалімдер белсене қатысып, «Онкүндік бұрышы» безендірілді. Онда мұғалімдердің, оқушылардың жұмыстары, оқушыларға арналған қызықты, логикалық тапсырмалар берілген.      Мектеп директорының бекітуімен атқарылатын іс-шаралар жоспары құрылды.

 Оқушыларға тілдің қасиетін, құдіреттілігін таныту мақсатында 5-11 сыныптар арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім » атты сынып сағаттары өткізілді.

Мектеп кітапханасындағы тілдің тарихы туралы бар кітаптармен таныстыру, кітапты оқуға деген оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында мектеп кітапханашысы Тасбулатова Марияш Исламбекқызы  «Тіл – халықтың күре тамыры» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырып, оқушыларға біраз деректер берді.

Үш тілде яғни, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қабырға газеттері шығарылды. Жоспарланған барлық іс-шаралар өз уақытымен өткізілді.

  1. 9-10 сыныптар арасында «Полиглот» интеллектуалды ойыны өткізілді. Сабақ сайыс түрінде өтті. Сайыс алты турдан тұрды. 1 тур. «Өзін-өзі таныстыру» 2 тур. Жұмбақ жасыру. Жұмбақ жауабын тауып, үш тілге аударды. 3 тур. Who is the quicker…..? Әр топтан бір оқушы шықты. 4 тур. Мақал-мәтелдер сайысы. Әр топ мақал айтып, үш тілге аударды. 5 тур. «Бәйге» Әр топқа жеке сұрақтар қойылды. Қойылған жеті сұраққа 1 минуттың ішінде тез жауап берді.

6 тур. Әр топ өз газетін таныстырды. Сайыс соңында жеңімпаз топ анықталып, марапатталды.

  1. 5 «А», 7 «Ә» сыныптар арасында  «Ана тілім –ен байлығым».......................

оқушыларды қазақтық бай мұрасын бағалай білуге тәрбиелеу мақсатында

10 «А» сыныпта «Мақал - сөздің азығы, Жұмбақ – ойдың қазығы»  жарыс сабақ өтті. Сынып екі топқа бөлінді.  Екі топқа арнап тапсырмалар  берді.

1-      тапсырма

Әр түрлі тақырыпқа қатысты мақал – мәтелдерге кемінде 10 мақал табу керек.

2-      тапсырма

 Үлестірмелі қағаздардағы өзге ұлттардың мақал-мәтелдеріне мағыналас, мәндес қазақ мақал – мәтелдерін тауып, мағынасы ашып, оларды қазақ мақал-мәтелдерімен салыстыру керек. Әр топ үш мақалдан алу керек.

3-тапсырма

Мақал – мәтелдердің нақыл сөздермен байланысын табу.

 Екі топқа ортақ сұрақ қойылды.Нақыл сөз деп нені айтамыз? Нақал сөздің мақал-мәтелмен байланысы бар ма, айырмашылықтары қандай?

4  тапсырма

«Кім көп біледі?» ойыны

Әр топ қызықты сұрақтар арқылы берілген тиісті мақал-мәтелдердің шешімін тапты.

5       тапсырма Кім жылдам?

Екі топтан 4 оқушы шықты. Мұгалім кезкелген мақал-мәтелдерді жасырды? Бірақ мақалдардық екінші сыңарын қате айтты. Әр топтан шыққан оқушылардың біреуі жылдамдық танытып мақалдың екінші сыңарын дұрыс тауып айтып берді. Мақал-мәтелдің дұрыс жауабын табарда «иә» немесе «жоқ» деп жауап беруге болмайды.

Аңдамай сөйлеген сеспей қатады. Қорытындылай келе мұғалім  «Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой»деп  ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғары қасиетіекеніне, құсқа екі қанат қандай қажет болса, осы күнгі қазақ жастарына екі тілді – қазақ пен орыс тілін білу сондай қажет екеніне көздерін жеткізді.

Әр топтың қорытынды бағаларын шығаруға әділ қазыларға сөз берілді.

  Сабақ өте тартымды, қызықты өтті. Жеңімпаз топ марапатталды.

  1.  «Язык мой – друг мой» интеллектуалды марафон өткізілді. Оқушылар белсене қатысты. Нәтижесінде 6 «Ә» сынып жеңіске жетті. Және грамотамен марапатталды.
  2. «Многоязычие в Казахстане» атты сынып сағаты өтті.
  3. 6 «А», 7 «А»  сыныптар арасында оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт - дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру мақсатында , сөздік қорын молайту мақсатында  «Өлең – алтын, сөз - күміс» атты  мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.   

«Ана тілің - арың бұл!» атты мәнерлеп оқу сайысы

Бұл сайыс 6-7 - сыныптар арасында өтеді. Сайыс 2 кезеңнен тұрады:

І кезең. Мақал - мәтел сайысы. Мұнда да туған жер, отан, ел тақырыбында айтылған мақал - мәтелдің айтып жарысады.

(бұл сайыста әр топ берілген уақыт ішінде көбірек мақал - мәтел табу керек. Қай топ көбірек табады, сол топ жеңімпаз)

ІІ кезең. Кез - келген бір ақынның өлеңін мәнерлеп жатқа айтып берді.

Материал рейтингісі  бойынша:  1 орын: Владимирова Нина 7 «А» сынып

                                                          2 орын: Штых Николай 6 «А» сынып

                                                         3 орын: Тутубалина Марина 7 «А» сынып

 16.10. күні тіл туралы мәтіндер, өлеңдер, мақал-метелдер, нақыл сөздер арқылы сана-сезімдерін оятып, тілді үйрету, Отанын, елін, жерін, тілін сүюге, оны құрметтеуге, қадірлеп-қастерлеуге тәрбиелеу мақстында Касенева Асем 4 «А» сынып оқушыларымен «Ана тілі- дана тілі» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Сабақ жарыс түрінде өтті.

Мұғалім өз сабағын әдебиет, орыс тілі, тарих пәндерімен шебер байланыстыра білді.

Қорытынды: Онкүндікте атқарылған барлық іс-шара оқушылардың есінде ұзақ сақталатындай жоғары  деңгейде өтті. Тіл- халқымыздың өткен тарихы, әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері бізге тіл арқылы жетіп, ұрпақтан-ұрпаққа тарайтынына, сонымен қоса Тіл халықпен бірге жасайтынына, дамитынына, өркендейтініне, халықтың тарихта қалуы тіліне тікелей байланысты екніне, дәлірек айтқанда, тіл — халықтың жаны, сәні, кескін-келбеті екеніне анық көздері жетті.   Айлық іс-шарамыздың атқарылған жұмысы қанағаттанарлық деңгейде атқарылды деп есептеймін.

 Хатшы: Абдиганиева С.Ж.



Просмотров: 1847

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь