Семинардың мақсаты мен міндеттері: бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда тәжірибе алмасу; математика, әдебиет және дүниетану сабақтарында функционалдық сауаттылығын қалыптастыру; оқушылардың жеке қабілетін және шығармашылығын дамыту, кәсіби бағытын анықтау; мектептің оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға жағдай жасау.
Семинарға Астана қаласы Білім басқармасы 12 жылдық білім беру жүйесін қолдау және ағылшын тілі орталығы МКҚК директордың орынбасары Әзімбай Нұржамал Кәрімбердіқызы, Білім басқармасының әдістемелік кабинетінің әдіскері Шериязданова Лязат Ғазизжанқызы және қала мектептеріндегі бастауыш сыныптарының жас мұғалімдері қатысқан.
Семинар Астана қаласы әдістемелік кабинетінің бекітілген бағдарламасы бойынша өтті. Бастауыш сынып мұғалімдері Бидахметова А.С. және Минасян С.А. «Бастауыш мектеп оқушыларының
функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» баяндамаларын қатысушылардың назарына ұсынды. Математика, әдебиет және дүниетану пәндерінен ашық сабақтарды Абдиганиева С. Ж., Тулегенова Б. Ш., Ауелбекова К. С., Бидахметова А. С., Жаксыбергенова К. Х., Сенкубаева Ш. Е., Калдыгозова А. Н. берді. Қаланың жас мамандары «Ата-ананың алақаны балаға айдынды қоныс» психологиялық тренингке және «Сын тұрғысынан ойлау әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» коучингіне белсене қатысты. Келген қонақтар семинар туралы жақсы пікірлер айтты.