Жиналыста жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыруда мектеп, ата-ана оқушы яғни үштіктің бірлесе ынтымақтастықпен жұмыс жүргізгенде оң нәтижеге қол жеткізетініміз айтылды. Жиналысқа 1-11 сынып аралығында әр сыныптың белсенді ата-аналары қатысты. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша 2018-2019 оқу жылының 1-жартыжылдығындағы оқу-тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы туралы мектеп директоры Орынбаев Б.Ш., директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жапабаева А.А., директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жексембаева М.Т. сөз сөйледі.
Екінші мәселе бойынша бюджеттің орындалуы туралы есеп және жаңа жылға бюджеттің бөлінуі туралы мектеп директоры Орынбаев Б.Ш. сөз сөйлеп, сұрақтарға жауап берді. Келесі мәселе бойынша оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы әлеуметтік педагог Серикбаева С.Д. есеп берді.
Соңғы қорытынды мәселе бойынша мектептегі қамқоршылық кеңесі жұмысының есебі туралы қамқоршылық кеңес төрағасы Асуханов М. сөз сөйледі. Ата-аналар ойларында жүрген сұрақтарын қойып, барлық сұрақтарына толық жауап алды. Ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап ала алды.