Меню KDT
МЕНЮ
Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы №44 орта мектебінің сайтына қош келдіңіздер!

  

Директор: 
Култаева Ляззат Муханбетовна

        

Азаматтарды қабылдау күндері:

Сейсенбі

11:00-13:00

Бейсенбі

17:00-19:00

   
Директор блогы
 
Кері байланыс


 

 

введите текст

Мектеп жаңалықтары

«Әже- шаңырақтың шаттығы» әжелер сайысы

Нұрсұлтан қаласы Алматы ауданы «№ 44 орта мектеп» мемлекеттік мекемесінде «Әже- шаңырақтың шаттығы» атты іс –шара болып өтті. Бұл атаулы іс-шара Интернационал тұрғын үй алабының ардагерлер кеңесінің төрайымы Қоразова Майра апайдың ұсынысымен және мектебіміздің директоры Орынбаев Бақытжан Шарапбековичтің басшылыққа алуымен, қазақ тілі мен әдебиет гуманитарлық бірлестігінің мұғалімдері С.Б Сейтжанова мен Д.А Джусупбекованың ұйымдастыруымен өткізілді. Сайысты мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі А.С. Бидахметова мен мектебіміздің түлегі, бетке ұстар азаматымыз Жақсылықов Азамат жүргізді. Мақсаты: жас ұрпақты ата - баба дәстүрімен тәрбиелеу. Әже тәрбиесін үлгі ету. Әжелер айтқаны асыл екенін, әрі олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалану. Әжелер өнегесінің ерекшелігін ашу. Баланы кішіпейілділікке, қарт адамдарды құрметтеуге үйрету еді.

Арайлап атқан таңмен жарыса тұрып, Алладан ұрпағының амандығын тілеп, қара шаңырақтың ұйтқысы, табиғатынан жан дүниесі мен келбеті үйлесім тапқан, бітімі бөлек, талғамы терең зиялы жандардың жүздеріне күлкі сыйлап, бір сәтке болсада, мектебіміздің оқушыларымен жүздестіріп, қуаныш сыйлауды жөн көрдік.

Әжелер сайысына мектебіміздің ұлағатты ұстазы Б.М. Нұрманова, кітапхана қызметкері Тұрар әжей, 11 немеренің әжесі көпбалалы Мұхтарима әжеміз және 45 жыл ұстаздық еткен Нағима Қажы әжеміз қатысты. Сайыс 6 кезеңнен тұрды. Барлық кезеңдерден сүрінбей өтіп, мәреге жеңіспен жеткен Мұқтарима әжеміз болды. Барлық әжелер сайысына қатысқан, мектебіміздің ұжымы мен оқушыларына өнегелі өнер көрсеткен, өздерінің қолөнері мен тәлім-тәрбиесін сыйлаған апаларымызға алғысымыз шексіз. Сіздерге зор денсаулық, немере- шөберелеріңіздің қызығын көріңіздер демекпіз

 

Игі тілекпен: Сейтжанова С.Б.




Просмотров: 398

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь