Тұңғыш Президенті күніне арналған «Тұңғыш Елбасы-ұлт көшбасшысы» атты дөңгелек үстел
«№44 орта мектебінде» Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Тұңғыш Елбасы-ұлт көшбасшысы» атты дөңгелек үстел өтті. Конференцияның мақсатты: жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, қөшбасшы тұлға екенін таныту, балаларды Отан сүйгіштігін арттыру, патриоттық сезімдерін ояту, біздің президентімізге деген сүйіспеншілігін арттыру. Осы іс-шараға Алматы ауданы «Nur Otan» партиясының кеңесшілері Бурумбаев Ануар және Муратов Нұрсұлтан және Алматы ауданы әкіміның инспекторы Ибраимбеков Балғабай Габбасович қатысты.
Дөңгелек үстел өтуіне жоғары сыныптардың оқушылары қатысты.Қатысушылардың баяндамалары өте көңілге қонымды болды, балалар сөз сөйлеушілерді үлкен қызығушылықпен тыңдады. Кездесу нәтижелі өтті.