Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілдені Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандардың аза тұту күні деп жариялады.
Соңғы мәліметтер бойынша, елде COVID-19 жұқтырудың 54 747 жағдайы расталған. Шамамен 31 815 науқас сауығып кетті деп саналады. COVID-19-дан 280 адам көз жұмған деп тіркелді.
Әлемде КВИ-ді жұқтыру бұрынғыдан да жылдам өсуде: күн сайын 100 мыңнан астам адам ауруға шалдығуда.
Мемлекет басшысы барша отандастарымызды сынақтарға төзімділікпенқарап, сабырлылық пен жауапкершілік танытуға шақырды.