Директор: |
Азаматтарды қабылдау күндері: |
|
Сейсенбі |
11:00-13:00 |
Бейсенбі |
17:00-19:00 |
Міне, қанды майданның біткеніне де 70 жыл. Сол кезде жауға тайсалмай ерлікпен аттанған ата-бабаларымыздың еңбегі де елеусіз қалмады. Оның жемісі – жеңіс болды. Ұлы держава Кеңес Үкіметі үшін бас көтерген әрбір азаматымыз алдында тағзым ету - біздің міндетіміз. «Мен қазақпын, мен орыспын» демей, жұдырықтай жұмылып алға шапқан азаматтарымыз арқасында бүгін бақытты өмір сүрудеміз.Олар «қара қазан, сары бала» қамы үшін, қасық қаны қалғанша шайқасып , шыбын жандарын қиды.
Бұл майданда ерліктерін атап өтетін қандастарымызда бар.Атап айтсақ батыр қыздар : Алия мен Мәншүк кеуделерін отқа тосты. Рақымжандай ағамыз рейхстагқа ту тігіп, Бауыржанымыз үлкен жауапкершілікпен басшылық міндетті алды. Осындай ерліктердің бәрі тек соғыс жеңісінің емес, Қазақ елінің де тәуелсіздігінің бастамасы деп білемін.
Елімізге қара бұлт төнбей жеңіс туу желбіреп, жас ұрпақ соғыс түгіл атында естімесін деп тілеймін. Тек қазақтан шыққан батырлардың, өр намысты, рухы биік тұлғалардың есімдерін жүректерінде мәңгі сақтасын демекпін. Алла бізге бақ берді, енді сол бақты басып тұратын батпандай салмақ беріп, тәуелсіздігімізді ғұмырлы етсін.
Жеңіс күні құтты болсын!!!
Джубанышева Аяжан 10 «ә» сынып оқушысы
Менің бабам ардагер.
Отаны үшін отқа түскен аянбай
Білесің бе менің атам осындай
Намысы үшін оққа тосқан кеудесін
Елін жаудан қорғап қалған осылай
Кеудесінде ордендері сыңғырлап,
Жеңіс тойын қандастармен жүр тойлап.
Өткен күнді еске алады күрсініп,
Ескерткіште қаза болған жолдастарын еске алып.
Жеңіс оңай келген жоққой еліме,
Талай сарбаз қалды жаттың елінде.
Ерлікпенен қан майданда алысып,
Елі үшін жан берді жау жерінде.
Соғыс енді болмасын дейді атам,
Бейбітшілік орнасын елім аман.
Бұзылмасын ұйқысы сәбилердің,
Щұғылаға бөленсін дархан далам.
Ел сыйлайды атамды ардагер деп,
Жаудан елін қорғаған асыл ер деп,
Мына жүрген ұрпақтың амандығы,
Осындай ардагерлер арқасы деп.
Тілеулес Мадина 2 "Ә" сынып.
Ардагерге хат
Қолыма қалам алам,
Сіздерге мен хат жазам.
Қаһарман боп атанған,
Сіздерге мың алғыс айтам.
Қазақтың туын көтерген,
Қаһарман деген атқа иеленген.
Халықтың бұл азаматы,
Нағыз патриот болып енген.
Семиқанқызы Әдемі 8 «ә» \
Ардагер ағалар
Қазағымның кең байтақ даласы бар
Ержүрек батыр,батыл данасы бар
Елі үшін күрескен жанын берген
Азаматтар азайып барасыздар
Орман шулап бәрі сыртқа атылды
Соғыс кезін елестетсең сен бір сәт
Білесің бе жиырма сезім батырларды
Берілмеген жауды жеңген әңгір сап
Оңайлықпен келмеді жеңіс бізге
Ұмытпаймыз еске аламыз біздер де
Отан үшін бейбіт өмір әкелген
Мың алғыс ардагерлер сіздерге!
Джумандалиева Кәмшат 9«ә»
Нұрхатов Ернар 7 "Ә" сынып
Семиқанқызы Әдемі 8"Ә"сынып
Кашкимбаева Аяна 7 "Ә"сынып