Меню KDT
МЕНЮ
Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы №44 орта мектебінің сайтына қош келдіңіздер!

  

Директор: 
Култаева Ляззат Муханбетовна

        

Азаматтарды қабылдау күндері:

Сейсенбі

11:00-13:00

Бейсенбі

17:00-19:00

   
Директор блогы
 
Кері байланыс


 

 

введите текст



Астана қаласы №44 Ұлыстың Ұлы күні Наурыз

 мерекесіндегі іс-шаралар

 

        Наурыздың 20 күні №44 орта мектебі әкімшілігінің ұйымдастырумен «Наурыз –Думан»атты мерекелік іс-шара болып өтті. Шараға  Интернацианоль кентінің тұрғындары мен қатар ауыл әкімдігі, «Дәурен» балабақшасы, «Аула» клубы  ұйымдары атсалысты.

Мерекелік шара барысында жәрменке ұйымдастырылып,ауыл әкімішілігі дастархан жайып наурыз көже берілді.

    Сонымен қатар « Пай-пай ,шіркін, қазақтың келіндері –ай!» атты келіндер арасындағы сайыс болып өтті.  Сайыс 4 шарттан тұрды: 1. Таныстыру.2. Өнерін көрсету.3. Үй тапсырмасы.4. Салт-дәстүрден сұрақтар қойылды.         Әділқазылар алқасы: Алматы аудандық НұрОтан партиясының өкілі Қоразова Майра, мектеп психологы Нурманова Б.М, тарих пәнінің мұғалімі Жанибекова Л.Б.

      Келіндер жан-жақтылығын көрсете отырып, нағыз талантты, шыдамды, рухани тәрбие көрсететін тұлғалар екенін дәлелдеді.

 Сайысқа 3 келін қатысты. Бас жүлде  «Дәурен» балабақшасынан Арынова Ләззат Пернебекқызы, 1- орын №44 мектептен әлеуметтік –педагог Ожанова Д.А, 2-орынды «Аула» клубынан Носерова Р.Б. иеленіп, бағалы заттармен марапатталды.

       Іс-шарада  5-7 сынып жетекшілері «Бесікке салу», 1-4 сынып жетекшілері «Тұсау кесер»,8-10 сынып жетекшілері «Бастанғы» ойын сауықтық салт-дәстүрлерден шағын көріністер көрсетті.

     Сонымен қатар мектепішілік бастауыш сыныптар арасында « Наурыз нақыштары» атты сынып сағаттары жүргізілді. Ұлттық ойындар ойналып, концерттік бағдарламар көрсетілді.  «Қазақша күрес», «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойындарын дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері жүргізді.

 

Орындаған: ұйымдастырушы-педагог Мекебай Н.

 

 Наурыз сценарии №44 ОМ

 Ансамбль Дастан

«Кеңес»  күйі ойнауымен басталады

 

Оқушы жүгіріп шығады:

Суйінші, сүйінші,

Ұлыс келді!

Ұлыспен тыныс келді

Ақ боз үйдің уығы күмістелді

Ұлыс келді!

Уа, жарандар,жарандар

Бәрің бері қараңдар

Наурыз-думан басталды

Бір сәт зейін салыңдар

Жүргізуші

. Шаттықтың бірге шалқып тасқынымен

Жолықсын қариялар жас күнімен

Үлгі алсын жас ұрпақтар, той бастайық

Ежелгі ата-баба дәстүрімен

Жүргізуші

Ақынның шарықтасын асқақ әні

Көтеріп жұрт  көңілін тастағалы

Ағайын жолыменен бұрынғының

Отырмыз осы тойды бастағалы

Сахнаның екі жағынан конақтар шығады

Сәлемдеседі,  төс қағысытырып , амандасады

     Дінмұхамед: 

 Ассалалаумағалайкум ағайын!

Бармысын бауырларым!

 Мейірманова Дариға:

        Ұлыс оң болсын

         Ақ мол болсын

Ақмарал Аманжолова:

Ал ендеше,  канекей

Наурыз тойын тойлайық

Сандуғаштай сайрайық

 Қызғалдақтай жайнайық

Наурызбай: 

Ұлыс күні қазан толса,

Ол жылы ақ мол болар

Ұлы кісіден бата алсаң

Сонда олжалы жол болар

Қария  :  Бектасов Айбар

Ұлыс күндерін құтты болсын

Өмір жастарың ұзақ болсын

Төрт түлік ақты болсын

Пәле –жала жерге енсін

Ал, келген қонақтарымыздың өнерін тамашалайық

Қария  Бижан

Сұрағыма дұрыстап

Жауап  жауап тауып беріндер

Алдыменен бір-бірлеп

Ұлыс күні туралы

Макал  айтып көріндер

1 оқушы: Наурыз- Ұлыстың-ұлы күні

2 оқушы: Наурыз-жылдың жерге түскен күні

3 оқушы:Наурыз-жер ананың тас емшегі жібіген күн

4 оқушы:наурыз-самарханның көкөтасы еріген күн

Қария:Айбар:

Міне ,керемет, тамаша. Ал енді осы» Самарқанның көк тасы  еріген күн» дегенді қалай түсінесіндер?

Нұрсая 5 «б»:

 Күн сәлесі Жер шарының шығыс бөлігінен таңғы сағат  6 да  себездеп атқан кещде біздің елімізде бұл сәт түнгі сағат 3-ке тұспа тұс келеді. Сондықтан да қазақ халқы жаңа жылды 22 наурыз кұні таңғы сағат 3-те қарсы алатын болған. Дәл осы сәттен бастап даланы, ауылдарды,қалаларды Қызыр баба аралап, Самарқанның көк  тасын еріткен екен.

Айбек 5 «б».

Бәркелді ендеше,

Қызыр баба қайда екен?

 Ат –көлігі сай ма екен?

Бізді көріп жүрме екен?

Бата беріп тұрма екен?

Қызыр баба: Абылай 9 «ә»

Балаларым балғындарым

Үндерінен айналдым

Бағанадан сендерді

Қырық рет айанлдым

Ал батамды берейін

Жыл айналып келейін

Бақыт ырыс береке

Дәм-тұзымды берейін

Бата береді алақан жайып Қызыр баба

Бата

Ұлыс күні барлығы

нұрланады жаңарар

Бакытына ұрпақтың

Аман болсын аналар

Өздеріндің жетелер

Аман болсын әкелер

Жаксылыққа кұштарлар

Аман болсын ұстаздар

Жаксы оқысын ұлдарым

Журектері елжіреп

Жаксы оқысын кыздарым

Тұлымдары желбіреп

Куаныссын барлығы

Қызыр  бабам келді деп

Жүргізуші:

Қош келдің, жылдың басы –Наурыз-Көктем

Жадырап Рахман нұрын жаған көктен

Куансын елім аққа аузы жеткен

Жайқалып  жерім гүлмен Нәурізекпен

Қария:  Ұлттық салт-дәстүр (Сұрақ-жауап)

  1. Қазақтың ұлттық ойындарын атаңыз?

               Көкпар,алтыбақан,тоғызқұмалақ,

              Ақсүйек,,күрес,аударыспақ

  1.  Сүттен жасалаған ұлттық тағамдары қандай?

Қымыз.шұбат,қатық,айран,құрт,ірімшік, сары май,жент

  1. Еттен жасалаган ұлттық  тағамдарды ата?

Құйрық-бауыр,қазы-қарта,жал-жая,шұжық

  1. Жеті қазынан ата?

Ер жігіт, сұлу әйел,Ақыл, білім,Жүйрік ат,, Қыран бүркіт,

Берен мылытық, Құмай тазы

  1. Ұлттық бас киім түрлерін ата?
  2. Тақия, сәукеле,орамал, кимещек,бөрік, тұмақ, малақай

Жүргізуші:

Наурыз келді бәйшешек гүлдеуімен

Көктемнің жылы желін урлеуімен

Тамлыжыды таңғы құстар сайрауымен

Қарбаласты қазақ елі тойлауымен

 

Ер мінезді ұл-қыздарым дуылдасты

Қарлығаш көкте самғап шықылықтап

Еріп жатыр сай-сала шуылдасты

Ойын ойнап, балақайлар сықылықтап

  1. Арай би тобы  «Наурыз «би жетекшісі Кадрина Д.

Жүргізуші:

Сәулесіндей көрініп таңғы үміттің

Басын қостық салт-дәстүр, сан ғұрыпытың

Жаса наурыз жарқыра көкте  күндей

Мееркесі достықтың мәңгіліктің

Жүргізуші:

Сұлу жер сылаңдаған

Күлімдеп қылаңдаған

Ерініп бір басуға

Жас талдай бұраңдаған

  1. Ортада Айтыс  4 «ә» АуелбековаК.С.

Жүргізуші:

Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірілікте

Қастерледік, қадіріңді білдік те

Құтты болсын ұлыс күні жұмылыдырған

Бәрімізіді ынтымақпен тірілік

Жүргізуші

Шаршадық түскен қардың әуресінен

Сергітті көңілді кун сәулесімен

Елжіреп мейірленсін барлық адам

Ойлансын жаңылғандар тәубесінен

  1. Ортада ұлттық ойын «Арқан тарту» 1 «ә» Салтанат  Жанбаевна

Жургізуші:

Көктем жетті көл көсір шуак кұрып

Қыс барады қиылып жылап тұрып

Шатырынан сүмбілдер су бүркеді

Мұз көрпесін ақпанның лақтырып

Жүргізуші

Наурыз айы келді міне халайық

Татулықпен оны қарсы алайық

Күмбірлеген домбырадан күй төгіп,

Мың бұралып, билеп әнге салайық

  1. Ән «Дала гүлі»   Ерлан Ахметов орындайды

Жүргізуші.

Наурыз келді тас жібі, дала жылын

Жадыратшы жанымды Жаңа жылым

Жақсылықтың жаршысын сүйе білген

Қадірлейік халқымының даналығын

Жүргізуші

Наурыз келді сайрасын тілім менің

Оң қабаққа байқаулар байқаулар ілінгенін

Мұз сөгілді, сең жүріп жаңарды өмір

Береке басы болсын білімді елім

  1. Ортада Би «Қамажай» Бидахметова А.С.

Жүргізуші:

Наурыз келді онымен үміт келді

Өткен іске салауат ұмыт енді

Жарқын болсын жаңа жыл Алашыма

Құттықтаймыз әлеумет букіл елді

Жүргізуші

Жылынып жан-жануар жайраңдасын

Көнілдер көлдей тасып ,лайланбасын

Құт дарып, Қыдыр қонып елімізге

Шаттанып халқым тойлап мейрамдасын

  1. Ән Жумағалиева Камшат 10 «ә»

Жүргізуші:

Көтеріп еліміздің көсегегсін

Ерелерім табыстарын еселесін

Жасқа жас, басымызға бас қосылып

Сәбилер күліп-ойнап, өсе берсін

Жүргізуші:

Жиналса ұлы тойға достар тағы

Мол болсын қазағымның дастарханы

Жастардың сыйлайтыны қарттар болса

Қарттардың ойлайтыны жастар қамы

 

  1. Күй Майқыбаев Ж

Жүргізуші:

Наурыз –мұз бен қар еріген күн

Наурыз-жер аяғы кеңіген күн

Сағынып ала қыстай бірін бірі

Арызы ағайынның кемңген күн

Жүргізуші

Наурыз-күн мен түн теңескен ай

Наурыз жылы көктем желі ескен ай

Көрісіп мейрам қылып ағайындар

Алдағы шаруасын кеңескен ай

  1. Ортада Ұлттық ойын «Қыз қуу» 1 «б» сынып оқушылары

Жүргізуші:

Наурыз шат адамдар жылы жүздер

Тойландар ,ойнаңыздар ,күліңіздер

Шуағын осы күннің бойға жинап

Жыл бойы мейіріммен жүріңіздер!

 

Бар айнала кең тыныстап, жайнаған

Мерекені бар қазағым тойлаған

Сүт ірімшік аққа толы дастархан

Қазандарда наурыз көже қайнаған

  1. Дастан ансамблы  «Тепенкок

Жүргізуші:

Уа, халайық тұрмайық

Әндетейік жырлайық

Ортамызды ашайық

Шашумызды шашайық

Күліп-ойнап , жамырасып

Наурыз көже татайық

 Шашу шашылады

Көжеге шақырамыз

соңы

 

 

Нығметолла Қ.Н. 4 «Ә» сынып оқушысы 44 ОМ

 Қазақстандаресми түрде Наурыз 1988 жылдан бері тойланып келді.

Бұл мерекені Шығыс елдер Өзбекстан,Қырғызстан,Ауғанстан,Тәжікстан,Пәкістан ерте кезден өткізді.Бұл мереке табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді.Наурыз күн мен түннің теңелген күні.Көктемгі күн тоғысы наурыз айының 21-нен 22-сіне ауысқан түні болды.Осы уақытан бастап күн ұзарып,түн қысқарады.

Наурыз жыл басы.Парсы тілінде «нау»-«жаңа», «руз»- «күн» деген ұғымдарды білдіреді.Халық наурыз мерекесіне алдын-ала дайындалады.Дәстүр бойынша үйге қос шырақ жығылады,ыдыстар ернеуіне дейін айранмен, сүтпен немесе бұлақ суымен толтырылады.Бұл тоқшылықтың белгісі.Табиғат пен байланыс күн Анаға деген тағзымнан көрінеді.Бұл күні бұлақтар тазартылып,ағаштар отырғызылады.Наурыз достық еңбек,бейбітшілік мерекесі.Ұлыстың ұлы күні адамдар бір-біріне  деген  ренішін ұмытып, өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеген.Дастарқанның басты асы наурызкөже.Наурызкөже 7 түрлі тағамнан жасалады.Дастарқанның басында жастар үлкендердің батасын алады. Ақсақалдар: «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын,қайда барса жол болсын»-деп бата береді.

         Дәстүр бойынша Наурыз айтыс өткізіледі. Бұл жақсылық пен жамандықтың, суық пен жылының,жаз бен қыстың айтысы.                                                                   Мереке қызған кезде жастар алтыбақан жанында ұлтық ойындар ойнайды. «Көкпар», «Бәйге», «Қыз қуу», «Жамбы ату» ойындары аса бір қуанышпен өтеді.  

                                                                                                      

Мейірманова Д.М.

4 «Ә» сынып№ 44ОМ

Наурыз

 Наурыз келді, балалар!       
Күлімдейді  аналар

Жерге нәрін себеді,

Гүлденеді далалар!


Жасушасы желбіреп,

Құлпырады гүлдерде

Жәндіктерге жан бітер,

Күндізде де, түнде де.

 

Күннің нұры жарқырап,

Жер бетіне төгеді

Таудың суы сырқырап,

Көл бетіне төгеді.

 

Кел, балақай, билейік!

Әнмен биге жарысып

Наурыз тойда жүрейік,

Достарменен таңысып!!!

 

 

Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)
-->