Директор: |
Азаматтарды қабылдау күндері: |
|
Сейсенбі |
11:00-13:00 |
Бейсенбі |
17:00-19:00 |
Астана қаласы № 44 ОМ Қазақ хандығының 550-жылдық мерейтойына
арналған өтілген іс-шаралар есебі
Ақпанның 26 күні « Ұлы дала дүбірі» атты қалалық семинар болып өтті. Семинар әдеби-сазды қойылым түрінде өткізілді. Білім басқармасына хабарландыру беріліп, жақын маңдағы мектептерге хабарландыру берілді. Келген қонақтар жоқ .9 «ә» сыныбының екі ата-анасы қатысты.. Аталған іс-шара бойынша тарих пәнінің мұғалімі Жанибекова Л.Б. ұйымдастыруы бойынша 9 «ә» сынып оқушыларының белсенділігінің арқасында жүзеге асты.
Сонымен қатар мектеп кітапханашысы Тасбулатова М.И. « Хандар шежіресі» тақырыбында көрме жасады.
Ақпанның 27 күні 2 «ә» сынып жетекшісі Бидахметова А.С. «Қазақ хандары» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Сабақты тәрбиелік мақсатына жете өткізе білді.
Ақпанның 27 күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектепте өткен қалалық жас ақындар байқауында 5 «ә» сынып оқушысы Мейірманова Дариға 2 дәрежелі орынды иеленіп,дипломмен марапатталды.
Орындаған : Мекебай Н
Ақпанның 10 күні Астана қаласы №44 орта мектебінің 6 «ә», 6 «а» сынып оқушылары мектеп әкімішілігің ұйымдастырумен Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған «Хандар шежіресі» атты Астана қаласының Ұлттық мұражайына тарихи экскурсия жасап келді. Мұнда қатысқан оқушылар саны 17 болды.
Саяхаттың мақсаты оқушыларды хандар тарихымен, тұрмыс-тіршілігі, дипломатиялық қарым-қатынастары, сол кезеңнің мәдениеті мен өркениетін таныстыру, ата-бабаларымыздың елін, жерін жаудан қорғаудағы елеулі еңбектерін дәріптей отырып , елінің қорғаны, ел мәртебесін көтеретін азаматтар болуға тәрбиелеу болып табылады.
Мұражай қызметкерлері үлкен залда лазерлі шоу алып «Бүркіт» бейнесінмен бастады. Егемен еліміздің картасы үлкен экранда көрсетіліп Қазақ елінің шекаралары, табиғи қорықтары, өндіріс орындары, әр қаладағы кеніш орындары, әлеуметтік нысандар көрсетіліді.
Саяхат барысында «Атамекен қалашығы» бойынша ұлттық киіз үй жабдықтары, бұйымдар, ата-бабалрымыздың ат-әбзелдері, қару-жарақ түрлерімен танысты. Бойжеткен қыздардың әшекейлері, көйлек түрлерін, қолдан жасалған түпнұсқаларының кереметін тамашалады.
Келесі Ортағасырдағы «Шығыс базары» қалашығында сол змаманғы ата-бабаларымыздың сауда-саттық жасаған тауар түрлері мен тағам түрлері, дәнді дақылдар түрлері көрсетілді.
Келесі «Ежелгі ата-абабалымыздың» мекен үңгірлері, аңдар мен моменттердің түпнұсқадағы түрлері таныстырылды.
Соңғы «Тәуелсіз Қазақстан» залында егемен еліміздің жемісі мен жетістігінің айғақты, тарихи –танымдық кешендерінің макетін тамашалады. Осындай керемет таңдай қақтырар тақырыптар аясында мектеп оқушылары рухани бір азық алып шыққандай болды. Өкініштісі суретке алдыруға қатаң тыйым салыныпты. Осындай әдемі де әсерлі Тәуелсіз еліміздің тарихи ұрпақтан-ұрпаққа жетеді деп ойлаймын.
Орындаған: ұйымдастырушы-педагог Мекебай Н