Добро пожаловать на сайт Коммунальное Государственное учреждение "Средняя   школа №44"  Управления образования г. Нур-Султан!

  
 

Директор:  Орынбаев Бахитжан Шарапбекович  

        

Время приема граждан:

Вторник

11:00-13:00

Четверг

17:00-19:00

       Блог директора
     
Обратная связь


 


 






В нашей школе прошло много мероприятий ко дню Первого Президента. В том числе, учащийся 6 «Ә» класса посетили «Государственный национальный музей». Нашей целью было ознакомиться с культурой и историей казахского народа. В этом мероприяттии участвовал весь класс и родительский коммитет. Мы посетили все залы и убедились что наш великий народ богат своей историей и достопримичательностью. Все темы которые затрагивал гид были актуальны, и дети были в них очень заинтересоны, потому что они проходили их по школьной программе. Детям поход в музей очень понравился. Они остались под очень большим впечатлением, и после похода в музей стали больше интересоваться историей Казахстана 

 

      В  средней школе № 44 18 марта прошло внутришкольное мероприятие «Наурыз – Думан шашу!», посвященное празднику Наурыз.  В актовом зале состоялся праздничный концерт «Шәмші» ауылы. Ответственные за его проведение были 9 «Ә» класс (классный руководитель: Купжасарова М.Е) ,   6 «А»  (классный руководитель : Нуркеева А.О) и  3 «Ә» класс (классный руководитель: Бидахметова А.С.).  На концерте были представлены обычаи казахского народа, сценки, стихи посвященные приходу весны и доброте, песни, национальные танцы, а также айтыс в исполнении учащихся 3 класса.

Также в каждом классе состоялось празднование Наурыз, прошли тематические классные часы.

20 марта наша школа совместно с акиматом района поселка Интернациональный  организовала массовое мероприятие «Наурыз - Думан» на площади у акимата. В этом мероприятии приняли участие со своими номерами дворовый клуб «Искандер», детский сад «Дәурен». Также на площади была организована ярмарка, раскинуты юрты, акиматом района был организован «Наурыз-коже» и горячий плов для всех желающих.

На концерте были представлены номера: танцевальные, песеные. Также были показаны красивые обычаи, такие как, «Беташар», «Тұсау кесер». Со своими номерами выступили и спортсмены, где они продемонстрировали свои силу и ловкость. Также для жителей поселка были организованы национальные игры, такие как, «Қазақша күрес», «Тоғызқұмалақ».

В преддверии замечательного праздника весны в нашей школе прошел конкурс «Мисс Весна - 2016» среди девочек 5-7 классов. Программа включала в себя следующие конкурсы:

  1. Приветствие. Участницы рассказывали о себе, представляли себя.
  2. Конкурс талантов. Участницы пели песни, другие девочки  прочитали стихотворения, и даже станцевали.
  3. Мода своими руками. Девочки на суд жюри представили наряды, сделанные ими из подручных материалов,  собственноручно. Наряды получились очень красивыми, девочки сделали платья из газеты, мусорных мешков, клеенки.
  4. И последним конкурсом был конкурс «Кто быстрее?» В этом конкурсе нужно было проявить не только ловкость, но и смекалку.

Зрители очень горячо поддерживали конкурсанток аплодисментами, даже приготовили плакаты. Победительницей конкурса стала ученица 5 «А»  класса -  Омарбаева Жанель. Она получила главный приз и корону победительницы: венок из цветов. Но и все остальные участницы были награждены по следующим номинациям: «Мисс Улыбка», «Мисс Очарование», «Мисс Грация», «Мисс Элегантность», «Мисс Экстравагантность», «Мисс Зрительских симпатий». Все участницы получили памятные грамоты и небольшие подарки.

 

Открытый классный час "Правовое положение детей"

Класс: 11 "А".  Классный руководитель: Садвакасова З.Р.

Ребята узнали:

1) Кто есть ребенок.

2) Особые права детей.

3) Основные принципы, которые обеспечивает общество в отношении детей.

4) Правовое положение детей.

     Были отмечены основные принципы и нормы защиты детей и детства, изложенные в Конвенции о правах ребенка, которая  была одним из первых международных документов, одобренных Казахстаном; правовое положение детей, отраженное в Конституции РК, Гражданском Кодексе РК, Законе РК "О гражданстве", Законе РК "Об образовании".

     На уроке были использованы такие методы, как работа в малых группах, "мозговой штурм", "разбор казуса", "моделирование ситуации", "ролевая игра".  Учащимся был предложен юридический словарик, заданы контрольные вопросы.

 





Астана қаласы Білім басқармасы

 №44 орта мектебі

      Қарашаның 28 күні  Жас Ұлан ұйымы мен 7 «а», «ә»  сынып оқушыларының Президент күніне орай ұйымдастырылған  «Ғасырдың ғажап адамы» атты мерекелік концерт болып өтті. Мерекелік шараның мақсаты оқушыларға қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен өнегелі тағылымы, елі,жері үшін төккен тері, елеулі еңбегін дәріптей келе ,елбасының сындарлы саяси салихалы ойларын жас буынның бойына сіңіре білу.

Шара мемлекеттік  әнұран ойналумен басталды. Құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Орынбаев Бахытжан Шарапбекұлына берілді. Бастауыш сынып оқушылары өз жүректерінен шыққан өлең жолдарын арнаса, 5-6 сынып оқушылары ұлттық нақыштағы билерді мың бұрала биледі.

7 «а», 7 «ә» сынып оқушылары

Халық деген қасиетті киелі,

Жақсы адамның жақсылығын біледі.

Нұрсұлтан боп әңгіменің түйіні,

Дүрсілдейді әр қазақтың жүрегі

деп жүрекжарды ықыластарын өлеңмен жеткізді. Мектебіміздің мақтанышы 8 «ә» сынып оқушыларының құрамындағы оркестр күмбірлетіп «Қосбасар» күйін күмбірлетті. Мың бұралған  шығыс биін биші қыздар тобы  биледі.

 Елбасының өз жанынан шыққан «Үш қоңыр» әнін  10 «ә» сынып оқушысы Жумағалиева Камшат нақышына келтіре отырып орындады.

Елбасының елеулі еңбегі мен жігерлі жылдардағы еңбегін, елбасы жайлы шыққан кітаптар көрмесін мектеп кітапханашысы Тасбулатова М.И. ұйымдастырды. Елбасы өмірінен слайд шоу көрсетілді. Пианинада 7 «ә» сыныбының оқушысы күй ойнаса , Алибек Алуа «Жаса, Қазақстан» әнімен  концерттің шымылыдығын жапты. Ұйымдастырушы  сынып жетекшілері Жамантаева С.А, Нурманова Б.М және Жас Ұлан ұйымы,мектептің ұйымдастырушы-педагогы Мекебай Н оқушыларға бүгінгі мерекелік шараға атсалыса қатысқаны үшін шексіз алғыстарын білдірді.

 Орындаған: ұйымдастырушы-педагог Мекебай




Астана қаласы Білім басқармасы

      № 44 орта мектебінде қазанның жиырма бесі күні  Жас Ұлан ұйымының ұйымдастыруымен  «Күзгі ханшайым» атты 5-7 сыныптар аралығында арулар сайысы болып өтті.

     Сайыстың мақсаты оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, жан-жақты өсіп жетілуіне, ізденімпаздық пен тапқырлық қабілеттерін жетілдіре отырып, рухани адамгершілік қабілеттерін қалыптастыру, өз бетімен еңбектенуге үйрету.

Сайыс бес бөлімнен қамтылды:

  • «Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл» таныстыру
  •  «Өнерім-өмірім» өз өнерін көрсету
  • «Мен ең сәнді арумын» күзгі сән үлгісі
  • « Ас адамның арқауы» күзгі салат мәзірі
  •  Салт-дәстүрлі санамыз (сауалдар)

    Сайыс әділқазылары мектеп психологы Акимбекова Асемгуль, ата-ана Маратова  Клара, ағылшын пәнінің ұстазы Шыныбаева Ырысалды қазылық етті.

Шараға қатысушы әрбір оқушы өз өнерлерін ортаға аянбай паш етті.

  Таныстыру бөлімі өлеңмен өрілді. Өнерлі аруларымыз ән айтып ,би билеп көпшіліктің құрметіне бөленді.

Аруларымыз күзгі сән үлгісінен бірінен-бірі өтетін қағаздан, жылтыр қағаздардан өз қолдарымен жасалған киім үлгілерін көрсетті. Тіл үйірілер дәмді салат түрлерін ата-аналарымен бірге отырып дәм таттырды. Ұлттық құндылықтарымыз сал-дәстүрден сүріндірер сұрақтарға қыздарымыз ұтымды жауаптарын бере білді.

Шара соңы Әділқазылар қорытындысы бойынша бас жүлдені  7ә сынып оқушысы  Алибек Алуа иеленді.

 

 Ұйымдастырушы-педагог: Мекебай Н.



5- наурыз күні 2- сыныптың ата-аналары арасында «Ақ келіндер» сайысы өткізілді. Сайысқа 4 ата-ана қатысты.Сайысқа үлкен дайындықпен келген ата-аналар өнегелі өнерімен,  жеңіске деген жігерімен ерекшеленіп,  тамаша өнер көрсетті. Қазылар алқасының шешімі бойынша 2 «Ә»  сыныптың ата – анасы   Мұхаметова Әлия жеңімпаз атанды. 

      

  

 6- наурыз күні мектептің көпшілік залында 8- наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай жоспарға сәйкес «Қыз-еркем, өнерімен көркем» атты арулар сайысы өтті. Сайысқа 8-10 сыныптардың арулары қатысты.Сынып намысын қорғаған 6 ару қызымыз сайыс шарттары бойынша өнегелі өнер көрсетті. Олар ақындық, тапқырлық, шеберлік, әншілік, бишілік т.б қасиеттерімен ерекшеленіп жүлделі орындарды бөлісті. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша 10- сынып оқушысы Калменбаева Сабина мектеп аруы атанды.  

 Мерекелік іс- шаралар соңы 1 сыныптар дайындаған «Сыйынар-ем, Ана деген тәңірге!!» атты концерттік бағдарламамен аяқталды.   Мектептің көпшілік залында өткен концертке барлық ұстаздар  қауымы қатысты.
   

 

8- наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналаған іс-шаралар жоспар бойынша өткізілді..                                  «Ана өмірдің гүлі» тақырыбы бойынша 5-7 сыныптар арасында сурет көрмесі өткізіліп, 7- сынып оқушысы Гребенева Анна мен Татьянаның «Анаға сыйлық» атты туындысы бас жүлдеге лайық деп саналды.
 

Мектепішілік Наурыз мерекесінде сыныптарға жас ерекшеліктеріне сәйкес ұлттық дәстүрлер мен салттар бөлініп берілді. Әрбір сынып өздеріне берілген дәстүр бойынша сыныптарын безендіріп, салт-дәстүр желісімен көріністер қойды. Мектеп басшысы Б.Ш.Орынбаев төрағалық еткен қазылар алқасы әр сыныпты безендіруі, ұлттық дастарханы, ұлттық киімі, ұлттық өнері, қолөнері т.с.с  критерийлері бойынша бағалады. Қорытындысында 1 орын 7 «Ә», және 6 «Ә» сыныбына, 2 орын 5" В" және 9 «Ә»  сыныпбында ал 3 орын 10 -  қазақ және орыс сыныптарына берілді. Өзге сыныптарға «Бірлігі жарасқан», «Ынтымағы жарасқан», «Берекелі дастархан», «Өнерлі өрендер» номинациялары бойынша  мақтау қағазымен, сыйлықтар  тапсырылды.

                

Қарттарға қамқорлық - жастар парызы

         Адамзатқа мейірімділік пен қайырымдылық қасиеттерін сыйлаған ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесі қарсаңында "Жас ұлан" оқушылар ұйымы қайырымдылық  акциясын өткізді. Наурыздың 19 - жұлдызында  "Жас ұлан " ұйымы белсенділерінің бірі Нұрбол Балтин бастаған жоғары сынып оқушылары "Интернациональный" тұрғын алабының мақтанышы сексеннің сеңгіріне шыққан ҰОС ардагері Д.Комаровтың үйін бетке алды. Оқушылар ардагердің ауласын қар мен мұздан тазалап, арықтар қазып аулаға жиналған қар суын сыртқа ағызды. Қоқыстан арылтып, отын - суын жинастырды. Осылайша ұйымдасып қайырымдылық жасаған жас буын  қарияның алғысына бөленді.

         
      
 

 

-->