Мектепішілік Наурыз мерекесінде сыныптарға жас ерекшеліктеріне сәйкес ұлттық дәстүрлер мен салттар бөлініп берілді. Әрбір сынып өздеріне берілген дәстүр бойынша сыныптарын безендіріп, салт-дәстүр желісімен көріністер қойды. Мектеп басшысы Б.Ш.Орынбаев төрағалық еткен қазылар алқасы әр сыныпты безендіруі, ұлттық дастарханы, ұлттық киімі, ұлттық өнері, қолөнері т.с.с критерийлері бойынша бағалады. Қорытындысында 1 орын 7 «Ә», және 6 «Ә» сыныбына, 2 орын 5" В" және 9 «Ә» сыныпбында ал 3 орын 10 - қазақ және орыс сыныптарына берілді. Өзге сыныптарға «Бірлігі жарасқан», «Ынтымағы жарасқан», «Берекелі дастархан», «Өнерлі өрендер» номинациялары бойынша мақтау қағазымен, сыйлықтар тапсырылды.